Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет149/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205
Акмеология

290
291
формаларын оңтайландыру болып саналатын, техникалық жəне 
адамзат ресурстарының өзара əрекеттестігін ескеріп, білімді меңгеру 
мен оқыту үдерісін құрудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі 
əдісі ретінде анықталады. Бір жағынан, оқыту технологиясы – бұл 
оқу ақпаратын өңдеудің, көрсетудің, өзгертудің, ұсынудың əдістері 
мен тəсілдерінің жиынтығы, ал екінші жағынан – бұл қажетті 
техникалық немесе ақпараттық құралдарды қолдану арқылы оқыту 
үдерісінде оқытушының білімгерлерге əсер ету тəсілдері туралы 
ғылым. 
Л.Д. Столяренко оқыту технологиясының мазмұнын қарасты-
рып, оны студенттерге ұсынылатын оқу ақпаратының мазмұны 
мен құрылымы ретінде, оқу жəне кəсіби біліктер мен дағдыларды 
қалыптастыруды қамтамасыз ететін тапсырмалар мен жаттығулардың 
кешені ретінде, кəсіби іс-əрекеттің бастапқы тəжірибесін жинақтау 
ретінде түсіндіреді. Мұнда білім, білік жəне дағдыларды меңгеруге 
бағытталған оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары, олардың 
көлемі бойынша арақатынасы, кезектесуі, сонымен бірге алынған 
білімді бекітуге ықпал ететін бақылау формалары маңызды рөл 
атқарады. 
Осылайша, оқыту технологиясы оқыту үдерісін ұйымдастыруды, 
басқаруды жəне бақылауды қамтиды. Мұнда осы үдерістің барлық 
қырлары бір-бірімен өзара байланысты жəне бір-біріне əсер етеді. 
Соңғы кезде бірқатар авторлар (А.А. Деркач, В.Г. Зазыкин жəне 
т.б.) технологияның жаңа түрін құрастырды, ол – акмебағдарлану 
технологиясы. Авторлар осы технологияның мəнін қалай түсінді-
реді? Оның басқа технологиялардан айырмашылығы қандай? 
А.А. Деркач жəне В.Г. Зазыкин қысқаша акмебағдарланған 
сөздікте, акмебағдарланған технология деп мəні бойынша 
«психологиялық технология» ұғымына жақын, алайда аса тар 
бағыттылығымен айрықшаланатын, тұлғалық əлеуетті ашуға,
прогрессивті тұлғалық-бағдарлы дамытуға бағытталған гуманистік 
мазмұны бар категория ретінде түсіндіреді. Авторлардың 
ойынша, акмебағдарланған технологиядағы басты əдіс ретінде 
акмебағдарланған əсер ету əдісі алынады. 
Басқа технологиялармен салыстырғанда, акмебағдарланған 
технологияның өзіндік ерекшелігі болады, ол акмебағдарланған 
ғылымның пəніне сүйенеді, аталған ғылым адам, оның кəсібилікке 
жəне шеберлікке өзіндік дамуының заңдылықтары туралы білімнің, 
адамның өзіндік шығармашылықпен жүзеге асыру тəсілдерімен, іс-
əрекет субъектісі жəне тұлға ретінде білім беру жəне педагогикалық 
жүйелерге енуінің тиімді модельдерінің синтезі болып саналады. 
Акмебағдарланған ғылымның күрделі функционалды жүйелер-
ге əсер етудің факторлық талдауы бар, интеграциялық, пəнаралық 
жəне практикалық-бағдарлы сипаты болады. 
Н.В. Кузьмина бойынша қазіргі заманғы акмебағдарланған 
технологиялар əлеуметтік тəжірибеде келесі функцияларды жүзеге 
асыруға бағытталған: шығармашылық өзіндік жетілдірудегі жалпы-
адамзаттық құндылықтарды, өзін-өзі таныту еркіндігі, адамдардың 
конструктивті өзара əрекеті мен олардың қайта жасаушы кəсіби іс-
əрекеті үдерісінде алуан түрлі жеке тəжірибені жəне өзара түсіністік-
ті меңгеру. 
Акмебағдарланған технологиялар жоғары мектепте бірінші 
курстан соңғы курсқа дейінгі оқыту кезеңінің бойындағы студенттің 
интегративті іс-əрекетінің «инструментовкасына» арналған. Олар-
дың көмегі арқылы студенттердің іс-əрекеттің авторлық жүйелерін 
жобалауы, оларды негіздеуі жəне қорғауы жүзеге асырылады, 
бұлар өз кезегінде студенттің кəсіпке енуін жеңілдетеді. Аталған 
технологиялар студенттердің кəсіби жауапкершілігін дамытады
яғни білім беру саласындағы мамандарды даярлаудың сапасын 
арттырудың мақсаттарына қызмет етеді. 
В.Н. Максимова бойынша, акмебағдарланған технологиялар 
білім беруді ізгілендірудің факторы болып табылады, тұлғаның 
əлеуметтік-маңызды құндылықтарының (денсаулық, отбасы, адам-
гершілік, өмір, азаматтық) басымдылығы негізінде, субъектінің өмір 
сүру əрекетінің технологиялық құндылықтары (өзін-өзі дамыту, 
өзін-өзі жетілдіру, біртұтас жəне тұрақты дамыту, өмірлік жетістік, 
даралық) негізінде, сонымен бірге кəсіби сапалар (қабілеттер, 
құзыреттілік, бағыттылық, эмпатиялық сапалар, ерікті сапалар, 
шеберлік) негізінде құрастырылады. 
Автор оқытудың акмебағдарланған технологияларының кез 
келген педагогикалық жүйенің барлық аспектілерін, процедурала-
рын жүзеге асыратынын атап көрсетеді, яғни акмебағдарланған тех-
нологиялар басқа технологиялармен салыстырғанда, кешенді болып 
табылады. 
В. Н. Максимованың пікірі бойынша, акмебағдарланған техно-
логиялардың маңызды белгілері төмендегі үлгі бойынша беріледі: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет