Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет157/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   205
Акмеология

306
307
іс-əрекетінің мазмұнының бағытталуы жəне оқыту субъектісінің 
болашақ кəсіби іс-əрекеттің мазмұнына бағдарлануы арасындағы 
қарама-қайшылық. Студент үшін болашақ білімді қолданудың 
абстрактілі перспективасы ретінде болады, бұл өз кезегінде оқудың 
жеткілікті мотивациялық факторы қызметін атқара алмайды. 
Болашақты, болашақ кəсіби іс-əрекетті, дамудың əлеуметтік 
жағдайын детерминациялау, білімгерлердің іс-əрекетін тұлғалық 
мəнмен толықтырады. 
Контексті оқыту тұжырымдамасы сүйенетін маңызды психо-
логиялық фактор ретінде, оқытудың нəтижесінде меңгерілген 
білімдер, біліктер жəне дағдылар кəсіби іс-əрекетте студенттің 
белсенділігі бағытталатын пəні емес, оның маманның іс-əрекетін 
шешудің құралы алынады. 
Кəсіби іс-əрекеттен оқу іс-əрекетіне өтудің, шынайы міндеттер 
мен мəселелерден аудиториялық міндеттерге өтудің бірлігі ретінде, 
əрекеттік модуль алынады. Əрекеттік модуль маманның белгілі са-
пасын білдіреді, ол студенттердің іс-əрекеті үдерісінде, білім беру 
мақсаттарының оқытудың мазмұнына адекватты болған жағдайда 
қалыптасады. Модульдердің жиынтығы маманды даярлаудың диф-
ференциалды бағыттары бойынша маманның моделін құрайды. 
Модуль – бұл білім, білік жəне дағдылардың жиынтығы емес, ол 
кəсіби міндеттер мен мəселелердің белгілі шеңберін тиімді шешуді 
қамтамасыз ететін, маманның бірқатар жүйелі қасиеті («Əрекеттік 
модуль» ұғымы «оқытушы модуль» ұғымынан айрықшаланады, ол 
оқу пəнінің мазмұны жəне əдістемелік материалдың үзіндісі ретінде 
түсіндіріледі). 
Мұндай модельдің сипаттамасы төмендегідей:
• Ол əрекеттік болып табылады, яғни маманның іс-əрекетінің 
педагогикалық жобасын, кəсіби міндеттер мен функцияларды шешу 
жүйесін білдіреді.
• Модель студенттердің оқу іс-əрекетінен маманның кəсіби іс-
əрекетке өту жүйесін білдіреді, яғни динамикалық болып саналады. 
• Модель жоғары оқу орнында маманды даярлаудың негізгі 
бағыттары бойынша сараланған.
• Модель болжаушы болып табылады, яғни жоғары оқу орнының 
түлегінің атқаратын бастапқы іс-əрекетіне бағдарламайды, ол кəсіби 
жəне қызметтік өсудің ұзақ перспективасын қамтиды. 
Модельде жекеленген кəсіби функциялар көрсетілмеген, мұнда 
маманның іс-əрекетінің біртұтас мазмұны беріледі. Əрекеттік мо-
дульдердің белгілі жиынтығы, болашақ мамандардың шынайы 
міндеттер мен мəселелерді шешу, кəсіби функцияларды жүзеге асы-
ру қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. 
Осы тұжырымдаманың авторы атап көрсеткендей, контексті 
оқыту жоғары кəсіби білім беру философиясында қарама-
қайшылықтарды жеңудің тиімді тəсілін табуға мүмкіндік береді: 
бір ғалымдар фундаментализациялауға ұмтылады, екіншілері – 
кəсібилендіруге ұмтылады. А.А. Вербицкий былай деп жазады: 
«егер осы жолдың бірімен жүретін болса, онда бірінші жағдайда 
маман іс-əрекетті орындай алатын болады, бірақ аз білетін болады; 
ал екінші жағдайда – көп білетін болады, бірақ іс-əрекетті істей ал-
майтын болады». Контексті тұғырдың қағидаларының бірі ретінде, 
оқу пəніндегі ғылыми пəннің іргесінің көрінісі болатыны алынады. 
Белгілік-контексті (немесе жай контексті оқыту) оқыту 
– студенттерді кəсіби даярлауға бағдарланған жəне кəсіби 
контексті жүйелі қолдану арқылы оқу үдерісін кəсіби іс-əрекеттің 
элементтерімен бірте-бірте толықтыру арқылы жүзеге асырылатын, 
жоғары мектепте қолдануға арналған белсенді оқытудың формасы. 
Контексті оқытуда келесі принциптер жүзеге асады: тұлғаның 
белсенділігі; проблемалық; оқыту мен тəрбиенің бірлігі; 
мамандардың кəсіби іс-əрекетінің мазмұнын жəне жағдайын, 
білімгерлердің оқу іс-əрекеті формасында бірізді модельдеу. Мұнда 
студенттердің аса жоғары дəрежедегі іс-əрекеттің базалық формала-
рына бірте-бірте, сатылы түрде өтуін жүзеге асыруға ерекше зейін 
аударылады: академиялық типтегі оқу іс-əрекетінен квазикəсіби 
іс-əрекетке өту (іскерлік жəне дидактикалық ойындар), содан кейін 
оқу-кəсіби іс-əрекетке өту (СҒЗЖ, практика, тағылымдамалар). 
Контексті оқытуда теориялық тұғырларды жүзеге асырудың 
құралдары ретінде, белсенді оқыту əдістерін толыққанды ауқымда 
қолдану ұсынылады (А.А. Вербицикийдің түсіндірмесінде – 
контексті оқыту əдістері). Сонымен бірге, контексті оқытуда белсенді 
оқытудың алуан түрлі формаларын, əдістерін жəне құралдарын 
дəстүрлі əдістермен үйлесімді қолдануды кешенді тұрғыда қарастыру 
атап көрсетіледі. 
Контексті оқытуды білім беру технологиясына жатқызу керек, 
онда басты міндет ретінде, оқыту мен үйретуді қабылдау неме-
се ес үдерістеріне сүйеніп, ең алдымен шығармашылық, нəтижелі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет