34
35
стратегияға келетін болсақ, мұнда автор акмені танымал, көрнекті
тұлғаның өмірлік тағдырындағы бірыңғай нүкте ретінде біржақты
атайды (ашылу, айқындалу жəне т.б.).
Т.П. Фокинаның көзқарасы бойынша, акме-ашылудың күш-
қуаты тұлғаға өзінің шыңына, биіктігіне əрі қарай қызмет етуді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді (мұнда көрнекті тұлғаның өмірінің
үлгісі, басқалар үшін өмірді құру идеалы ретінде болады), сонымен
бірге барлық күш-қуаттың жұмсалуына қарамастан, акме-ашылуға
екінші қайтара жету мүмкін емес.
В.П. Бранский жəне С.Д. Пожарскийдің акме үлгісі конструктивті
болып саналады, олар локальды жəне жаһандық акмені ажыра-
туды ұсынады, сонымен бірге тəжірибелік жəне рухани акмені
айқындайды. Авторлардың пікірлерінше, тəжірибелік акме экономи-
ка жəне саяси саладағы кемелденудің шыңымен анықталады, ал ру-
хани акме – адамгершілік, көркемдік жəне дүниетанымдық саладағы
кемелденудің шыңымен анықталады. Авторлар акменің барлық
компоненттерін үйлесімді жүзеге асыру (тəжірибелік жəне рухани),
жаһандық акмеге əкелетінін көрсетеді.
Субъектінің өмірлік жолын өзіндік жүзеге асырудың тəсілінің
шарықтау шегі ретінде акмеге жетудің нəтижесінде, адамның
тұлғалық мүмкіндіктері тек қана жетілдіріліп қоймайды, соны-
мен бірге көбейеді немесе сарқылмайтын болады. Сонымен қатар,
акмеологиялық өзін-өзі жүзеге асыру субъектісі ретінде, адамның
шығармашылық əлеуетін жүзеге асыру, жетілдіру жəне көбейтудегі
шыңның белгісі алынады.
Семантикалық талдау «өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымының
мəніндегі түйінді келесі нүктелерді айқындауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, өзін-өзі жүзеге асыру – бұл бір мезгілде үдеріс (өзінің
мəнді, шынайы бастауларына қозғалыс) жəне нəтиже (шындықтың
болмысы жəне болмыстың шындығы) болып саналады.
Екіншіден, өзін-өзі жүзеге асыру, мəнге қарай қозғалыс
үдерісінде белсенділік адамның өзінен басталады, себебі адам ғана
өзін-өзі жүзеге асыра алады.
Үшіншіден, өзін-өзі жүзеге асыру мақсат-идеал ретінде
құрастырылған нəтиже ретінде, адамның өзін-өзі біртұтас дамытуы-
на бағыт береді.
Өмірлік жол тұжырымдамасы аясында адамның өзін-өзі жүзеге
асыру мəселесін алғаш рет Ш. Бюлер қарастырды. Ш. Бюлердің
түсіндіруінде, өмірлік жол адамзат өмірінің өзгеше түрі ретінде бо-
лады, оның негізгі бірліктері ретінде, өмірдің объективті жағдай-
лары, қоршаған ортаның негізгі жағдайлары, осы ортадағы адамның
мінез-құлқы, адамның толғаныстары, оның құндылықтарының
қалыптасуы мен өзгеруі, индивидтің іс-əрекетінің жəне шы-
ғармашылығының, ішкі əлемінің нəтижелері алынады.
Б.Г. Ананьев «өмірлік жол» ұғымын индивидтің өзінің өмірлік
мақсаттарын, жоспарларын жүзеге асырудың жетістігі контексінде,
өмірдің жетекші қырынан қарастырды, ол адамның жеке же-
тістіктерінің дəуірдің аясына енгізілетінін атап көрсетті, сонымен
бірге тарихи уақыттың адамның жеке дамуы үшін бірінші кезектегі
маңызды фактор болып табылатынын атап көрсетті. Осы дамудың
барлық оқиғалары (биографиялық даталар) тарихи уақыттың өлшем
жүйесінде салыстырмалы түрде орналасады.
Б.Г. Ананьев тарихи жəне биографиялық тұғырлар тұрғысында
өмірлік жолдың маңызды сатыларын анықтады, өмірдің негізгі
заңдылықтары ретінде бастапқы сатыдағы кəсіби іс-əрекеттегі
(бірінші шарықтау шегі немесе «шың», екінші шарықтау шегі не-
месе көтерілу, соңы) жоғары жетістіктердің шарықтау сатысының
тəуелділігін айқындады, өз кезегінде тұлғаны тəрбиелеуге бай-
ланысты болады. Мұнда өмірдің аталған сатыларының өтуінің
жетістігі мен тұлғаның субъективті сипаттамаларының дамуы, оның
мəртебесі мен рөлдерінің өзгеруі, жаңа идеалдардың пайда болуы,
əлемге деген субъективті қатынастарды қайта мағыналау арасындағы
айқындалған байланыс маңызды қағида болып саналады.
К.А. Абульханова жəне Т. Н. Березина өмірлік жолды тұлғаның
уақыт шеңберінде жəне кеңістікте өзін жүзеге асыру тəсілі, тұлғаның
өмір сүру тəсілі ретінде, өзінің өмірін құруға қабілетті тұлға ретінде
анықтайды.
Өмірлік жолдың мақсатты бағытталу жəне мақсатты болжау
сияқты сипаттамалары болады. Мұнда мақсатқа бағытталу тұрақты
сипаттама ретінде болады. Адам келесі сұраққа жауап береді: «Ол
не үшін өмір сүреді?», яғни өзінің өмір сүру əрекетінің мотивтері
мен мақсаттарын анықтайды. Мақсатты болжау ауыспалы сипаттама
ретінде болады. Адам келесі сұраққа жауап береді: «Ол не үшін өмір
сүреді?», яғни өмірдегі белгілі мақсаттарына жетудің шынайы мəнін
саналы ұғынады.
Бұл қызмет өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыста байқалады, ол
|