Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет194/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   205
Акмеология

376
377
ры оқу орнында оқыту үдерісінде студенттерді дамыту, қолдау жəне 
мадақтаудың қажеттілігін қамтитын, креативті-акмеологиялық əле-
уетке басты рөлдердің бірі берілетінін есте ұстаулары қажет. 
5. Рефлексивті аспект тұлғаның дамушы «Мен» ретінде 
өзіндік санасымен жəне кəсіби іс-əрекет үдерісінде коммуникация 
серіктестерін түсінумен байланысты, ол адамды кəсібилендірудің 
айқындалған акмеологиялық аспектілерінің оңтайлы өзара 
сəйкестігін қамтамасыз етіп, жүйе құраушы болып саналады. 
Ойын рефлексиясының құрастырылған дара, диалогты жəне 
топтық тəсілдері, білімгерлердің, студенттер мен кəсіпқойлардың 
кəсіби-шығармашылық міндеттерді шешу, рефлексияны наси-
хаттаудың интенсивті-ойын əдістерін қолдану жағдайында
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. 
Акмеологияның қазіргі жай-күйін талдау акмеологияның 
салыстырмалы түрде жаңа психологиялық-педагогикалық пəн 
ретіндегі шешілмеген мəселелерді, сонымен бірге акмеологияны 
ғылым ретінде əрі қарай дамытудың перспективасы жайлы 
мəселелерді қояды. 
Акмеологияның əлі шешілмеген мəселелерін жəне оны дамы-
тудың перспективасының бірқатарын атаймыз. 
Акмеологияның əдіснамалық бағдарында, жаратылыстану, 
гуманитарлы, əлеуметтік жəне техникалық бағдарланудың ерек-
шеліктері көрініс табуы қажет. Осы қиын, күрделі міндеттерді 
толыққанды шешудің жолы əлі табылмады. 
Ересек адамның индивид, азамат, іс-əрекеттің белгілі 
саласындағы маман, тұлға ретінде дамуындағы шыңдардың негізгі 
сипаттамаларын айқындау қажет. Оларды еңбектің көптеген басқа 
салаларында қолдану үшін дамыту жəне нақтылау қажет, онда 
кадрлардың кəсібилігін арттыру мəселесі ерекше болады. 
Қазіргі заманғы демократиялық қоғамдағы адамның жоғары 
адамгершілік эталоны бар, тұлғаны зерттеудің əртүрлі саласында-
ғы шыңдарға жетудің өзара байланысын зерттеу аса маңызды болып 
саналады. 
Адамның кемелдену сатысындағы біртұтас жəне тұлғалық-
кəсіби дамуын акмеологиялық тұрғыда қамтамасыз етудің жүйелі 
бағдарламаларын ғылыми тұрғыда негіздеу жəне құру қажет. 
Бұл міндеттерді шешу акмеологияның ғылымдар жүйесінде ор-
нын нығайтуға, оның практикалық жəне əлеуметтік маңыздылығын 
арттыруға мүмкіндік береді. 
Сондықтан қазіргі кезде университет бітіретін кəсіпқойлар 
біздің қоғамның болашақтағы даму векторын анықтайтын бола-
ды, олардың туындайтын, əлі таныс емес кəсіби мəселелер мен 
қиындықтарды қаншалықты тиімді жəне жедел шешуі, меңгерген 
білімнің сапасына жəне олардың креативті-акмеологиялық ой-
лауының даму деңгейіне байланысты болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет