388
389
25. Тұлғалық-кəсіби дамуды мониторингілеу: принциптері, маз-
мұны, əдістері, сатылары.
26. Акмеологияның негізгі əдіснамалық бағдарларына сипатта-
ма беріңіз.
27. Акмеологияның басты ғылыми жəне əдіснамалық бағдарла-
ры қандай?
28. Əдіснама жəне əдіснамалық принциптер дегеніміз не?
29. Акмеологияның жалпы əдіснамалық принциптерін атаңыз.
Олардың акмеологиялық мазмұны неде?
30. Акмеологияның қандай жекеленген əдіснамалық принциптері
болады?
31. Кемелденген тұлғаның дамуын зерттеудегі акмеологиялық
тұғырдың жалпы сипаттамасын беріңіз.
32. Акмеологиялық тұғырдың психологиялық тұғырмен
салыстырғандағы негізгі айырмашылықтарын атаңыз.
33. Акмеологияның ғылыми-əдіснамалық бағдарлары қандай?
34. Рефлексивті-акмеологиялық тұғырдың құрылымы қандай?
35. Акмеология қандай салалас ғылымдардың əдіснамалық
принциптерін қолданады?
36. Б.Г. Ананьев құрастырған адамтанудағы
кешенді тұғырдың
ерекшеліктері қандай?
37. Акмеологияда субъектілі тұғырды қолдануға мысал келтіріңіз.
38. Психология жəне акмеологиядағы даму принципінің қо-
сымшасын салыстырыңыз.
39. Тұлғаның акмеологиялық құрылымын құрайтын компо-
ненттерін анықтаңыз.
40. «Кəсіпқой» жəне «кəсібилік»
акмеологиялық категория-
ларының мазмұнын ашыңыз.
41. «Шеберлік» категориясы психологиялық немесе акмео-
логиялық категория болып саналады ма?
42. «Тұлғалық-кəсіби дамыту» категориясының акмеологиялық
мазмұны қандай?
43. Акмеологиялық əсер дегеніміз не, оның психологиялық əсер-
ден айырмашылығы мен байланысы.
44. Педагогикалық акмеологияның пəндік саласы қандай?
45. Педагогтің кəсібилігінің деңгейлері қандай?
46. Оқытушылардың кəсіби іс-əрекетімен байланысты басқарушы
акмеологияның саласын сипаттаңыз.
47. Тұлғалық-кəсіби дамытуда ерекше жағдайлар қалай есепке
алынады?
48. Рефлексивті мəдениетке кəсібилікті
дамытудың факторы
ретінде сипаттама беріңіз.
49. Кəсіпқойдың қалыптасуындағы тұлғаның əлеуетін ашудың
рөлі қандай?
50. Өзіндік бағалау мен құндылық бағдарлар, олардың тұлғалық-
кəсіби дамытуға əсері туралы айтыңыз.
51. Кəсібилікті дамытудағы жеке ресурстар қалай қолданылады?
52. Креативті-шығармашылық іс-əрекетті акмеологиялық зерт-
теудің мақсаттары, пəні жəне нысаны қандай?
53. Креативті-шығармашылық іс-əрекеттегі
АКМЕ-нің негізгі
критерийлерін атаңыз жəне олардың мазмұнын ашыңыз.
54. Тұлғаның əлеуеті қандай əдістер арқылы анықталады?
55. Акмеологиялық технология дегеніміз не, оның психотехно-
логиямен салыстырғандағы мəнді сипаттамасы мен айырмашылығы
қандай?
56. «Технология» жəне «психотехнология» ғылыми категория-
ларына сипаттама беріңіз.
57. Контексті оқытудың сызбасындағы акмеологиялық əлеуеттің
мəні неде?
58. Сіздің кəсіби профиліңіздің форматында контексті оқытуға
сипаттама беріңіз.
59. Проблемалық оқытудың акмеологиялық негізін көрсетіңіз.
60. Проблемалық жағдаятты құру – гуманитарлы технологиялар-
ды жүзеге асыру ретінде.
61. Қазіргі білім беру тəжірибесіндегі жобалар əдісі.
62. Жобалық оқытудың акмеологиялық мақсаттары жəне ерек-
шеліктері.
63. Ойын негізінде құрылатын оқу үдерісінің негізгі акмео-
логиялық белгілерін айқындаңыз.
64. Сіздің оқыту профиліңізде базалық мəселелер
контексінде
пікірталастың формаларын мысалдармен көрсетіңіз.
65. Пікірталасты жүргізу ережесін жəне оның нақты оқу үдерісін
тиімді жүзеге асырудағы рөлін нақтылаңыз.
66. Контексті оқытудың мəні қандай?
67. Студенттердің оқу-танымдық іс-əрекетін жеделдетуде кон-
тексті оқытудың қандай формалары мен əдістері қолданылады?