Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет200/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205
Акмеология

Кəсіби құзыреттілік – акмеологиялық түсіндіруде, бұл тұлғаның 
іс-əрекетінің кəсібилік жүйесінің когнитивті басты компоненті
кəсіби шеңбер саласы, жоғары өнімділігі бар кəсіби іс-əрекетті 
орындауға мүмкіндік беретін, үнемі кеңейтілетін білім жүйесі, 
шешілетін мəселелер шеңбері. 
Құзыреттілік – бұл əрекеттегі білімнің жиынтығы (жүйе). 
Қабілеттер – белгілі бір іс-əрекетті табысты жүзеге асырудың 
субъективті жағдайлары болатын, тұлғаның дара ерекшеліктері. 
Қалаулар деңгейі – адамның белгілі бір іс-əрекеттің түрінде 
қалайтын барынша көп жетістік. 
Мотивация – адамды мақсатқа жетуге ынталандыратын 
мотивтердің жиынтығы. 
Маман – белгілі бір іспен негіздемелі тұрғыда айналысатын 
адам. 
Мақсат – адамның əрекеті бағытталған алдын ала біліп қойған 
нəтиженің саналы ұғынылған бейнесі. 
Оқытушының инновациялық іс-əрекеті – оқытушының 
білімгерді оқыту жəне тəрбиелеу тəжірибесінде, педагогикалық 
жаңалықтарды құру, меңгеру жəне қолдану, білім беру мекемесінде 
белгілі инновациялық ортаны құру бойынша іс-əрекетке енуі. 
Оқытудың инновациялық формалары – оқу сабақтарын, 
студенттердің іс-əрекетін ұйымдастырудың дəстүрлі емес тəсілдері. 
Орта – адамның дамуы жүзеге асатын шынайы болмыс. 
Өзіндік даму – индивидтің өзіндік тұлғасын мақсатты 
бағытталған, саналы ұғынылған жəне дербес бақыланатын тұрғыда 
детерминациялау үдерісі. 
Өзін-өзі жүзеге асыру – тұлғаға өзінің шығармашылық əлеуетін 
барынша іске асыруға мүмкіндік беретін, тұлғалық-маңызды 
мəселелерді шешуде айқындалған мақсаттарға жетуге арналған
шығармашылық түпкі ойды жүзеге асыру үдерісі. 
Өзіндік маңыздану – (латын тілінен. actualis – шынайы, нағыз) 
адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін аса толық айқындау жəне 
дамытуға ұмтылысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет