48
49
басқа құрылымдарының акмеге жету мүмкіндігін анықтайтын,
тұлғалық жəне кəсіби маңызды азаматтық сапаларды қалыптастыру
мүддесінде, тұлғаға ырықсыз жəне ырықты əсер ету. Қоғамда
болатын жəне жүзеге асатын азаматтық тəрбие тұжырымдамасы
акмені белгілі мазмұнмен толықтырады.
Педагогикалық акмеологияда азаматтық тəрбие тұлғаның, қо-
ғам мен мемлекеттің мүдделерінің көрінісі ретінде түсіндіріледі.
Тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің арасындағы қатынас стилі
бойынша авторитарлы, демократиялық, либеральды, еркін тəрбие
деп бөлінеді; белгілі бір философиялық тұжырымдамаға байланысты
прагматикалық, аксиологиялық, ұжымдық, индивидуалистік жəне
басқа тəрбие деп ажыратылады.
Қоғамда басым рөл атқаратын тəрбиенің тұжырымдамалы үл-
гісі, белгілі дəрежеде тұлғаның азаматтық ұстанымын қалыптастыру
мен көрінуінің ерекшеліктерін ашады, сонымен бірге оның
қоғамдық өмір мен кəсіби іс-əрекеттегі көріну ерекшеліктерін
қамтиды. Егер адамның «акмесі» көптеген қоғамдық қатынастар
жүйесінен, қоғамдық байланыстардан (мен – менің достарым, мен
– менің отбасым, мен – менің еңбек ұжымым, мен – менің қаламның
тұрғындары, мен – менің елімнің азаматтары жəне т.б.), онда
қоғамда жүзеге асырылатын азаматтық тəрбие тұжырымдамасы
«акме» ұғымын белгілі мазмұнымен толықтыратын болады.
Сонымен қатар, азаматтықта қасиет ретінде қалыптасатын тұлғаның
психикалық құрылымдары жəне азаматтықты қалыптастырудың
психологикалық-педагогикалық шарттары мүлдем зерттелмеген.
Кез келген кəсіпқойдың мінез-құлық пен қатынастарды тұлға-
лық реттеудің ішкі жүйесі болады. Бұл мағынада ол əлеуметтендіру
жүйесінің əрекеті жəне өзіндік ішкі бақылаудың нəтижесі болып
табылады. Осындай əрекеттің нəтижесінде, кəсіпқойдың өзіне
əлеуметтік топтың, қоғамның, мемлекеттің өкілі ретінде белгілі
қатынасы қалыптасады; тұлғалық бейне мен əлеуметтік топтың
арақатынасындағы сəйкестікке ұмтылыс; бейнеге адекватты сапалар
мен біліктерді қалыптастыруға бағдар; топтың, мемлекеттің өкілі
ретінде өзіндік мүмкіндіктерді түсіну қалыптасады.
– Азаматтық қалыптасу – тұлғаның даму үдерісінде қол жеткіз-
ген деңгейі жəне оның азаматтық сапаларының, мемлекетке,
азаматтық қоғамға, азаматтық құқықтар мен міндеттерге қатынастар
жүйесін қалыптастырудың жалғасатын үдерісі.
– Азаматтықтың «акмесі» – ырықсыз жəне мақсатты бағыттал-
ған даму нəтижесінде қалыптасатын тұлғаның азаматтық жетілуінің
қол жеткізген шыңы. Бұл жетістікті əлеуметтік жəне кəсіби өзін-
өзі маңызды етуге ықпал ететін тұлғаның сапаларының өзекті
жиынтығы, қатынастар бағдарламасы мен жүйесі (мемлекетке,
азаматтық қоғамға, азаматтық құқықтар мен міндеттерге, өзіне
азамат ретінде) құрайды.
Азаматтыққа бағдарланудың өзектілігі, қоғамда болып жатқан
экономикалық жəне саяси қайта құруларға байланысты негізделеді.
Əлеуметтік парадигманың өзгеруінің күрделі жағдайында, азамат-
тық сананың шамасының өзгеруі жағдайында тұлғаның қалыптасуы
азаматтықты қалыптастырудың белгілі бағдарларын қамтуы қажет.
Əсіресе, бұл педагог кадрларды даярлау стратегиясын өңдеу мен
жүзеге асыруға қатысты маңызды болады. Жүргізілген қолданбалы
зерттеулердің негізінде (А.А. Деркач, А.А. Мироедов жəне т.б.)
педагогтің акмеологиялық деңгейінің əлеуметтік жауапкершілікті
пен азаматтық ұстанымды қамтитыны анықталды. Соған орай,
азаматтық қалыптасудың құрастырылған жағдайлары, тұлғаның
азаматтық ұстанымын қалыптастырудың негізделген тетігі қажет.
Акмеологиялық зерттеулер базасында «азаматтық» ұғымын
тарихи-акмеологиялық талдау, «азамат» терминінен шеттетіледі.
Осылайша, «азамат» ұғымын «азаматтарға, мемлекетке, халық бас-
қаруына қатысты» ұғымдармен байланыстырады. Автор азаматтық
міндеттемелер үкіметке жəне жақындарға деген қатынас бойынша
екіжақты болады деп санайды. Сөздікте «азаматтық намыс»
ұғымының анықтамалары да беріледі (бейбіт жəне əскери).
В.В. Макиенко жəне Т.Г. Никитина «азаматтық» ұғымын
түсіндіруді зерттей отырып, «азаматтық» ұғымының азаматқа,
мемлекеттің азаматтарына, патриотқа қатысты ұғымдар ретінде
түсіндірілетінін атап көрсетеді.
Қоғамның дамуының күрделі ауыспалы сатысында баспадан
шыққан «Словарь современного русского литературного языка»
сөздігі, «азамат» ұғымына келесі үлгіде анықтама береді:
• мемлекеттің барлық заңдары мен құқықтарын қолданатын,
барлық
міндеттемелерді
орындайтын,
осы
мемлекеттің
тұрғындарына қатысты адам;
• Отанға, халыққа қызмет ететін, қоғамдық əл-ауқатқа қамқор бо-
латын адам.
|