Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет27/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   205
Акмеология

50
51
Аталған анықтама «азаматтық» ұғымын акмеологиялық аспек-
тіде аса дəл көрсетеді, оның мəні туралы нақты ұғымды құруға 
мүмкіндік береді. Қоғам мен мемлекеттің дамуының алуан түрлі 
нақты-тарихи сатыларында қалыптасқан, берілген «азаматтық» 
ұғымының анықтамасы, қоғам мен мемлекеттің мүддесіндегі 
уақыт бойынша айырмашылықтарды, оңтайлы тепе-теңдікке қол 
жеткізудің күрделілігін көрсетеді. Қазіргі кезде қолға алынып 
жатқан алуан түрлі мемлекеттік жəне қоғамдық ұйымдардың əреке-
ті, көп жағдайда аталған мəселенің өзектілігін анықтауға, азаматтық 
қоғамды қалыптастыруға, азаматтық-патриоттық құндылықтарды 
қалыптастыруға бағытталады.
Азаматтық-патриоттық 
құндылықтарды 
қалыптастыру 
мəселесін қарастырудағы маңызды тұғырлардың бірі ретінде 
акмеологиялық тұғыр алынады. Акмеологиялық зерттеулер 
аясында келесі бағыт айқындалады – педагогикалық акмеология
оның ұстанымы бойынша «азаматтық» ұғымы мен оның басқа 
терминологиялық ұғымдармен өзара байланысы қарастырылады. 
Тұлғаның азаматтық жетілуі, маманның іс-əрекетінің мазмұны мен 
өзгешелігіне қарамастан, кəсібиліктің маңызды инварианттарының 
бірі болып табылады. Соған орай, азаматтықты қалыптастырудың 
акмеологиялық шарттарын зерттеу мəселесі туындайды. 
Азаматтықты қалыптастыруды зерттеу, ғалымдар құрастырған 
ғылымның қатаң жəне негізделген категориялық-ұғымдық 
аппаратына сүйенеді (О.С. Анисимов, А.А. Бодалев, А.А. Деркач, 
В.Г. Зазыкин, Н.В. Кузьмина, И.Н. Семенов, С.Ю. Степанов жəне 
т.б.). Жүргізілген теориялық-əдіснамалық зерттеулер нəтижесінде, 
акмеология əдіснамалық принциптер жүйесін құрастырды. Мұнда 
адамды индивид, тұлға, азаматтық қоғамның субъектісі, еңбек 
субъектісі жəне даралық ретінде зерттеудің əдіснамалық принципі 
маңызды болып саналады. Бұл принцип алуан түрлі көріністерде 
азаматтықты қалыптастыруды зерттеуді қамтиды. 
Акмеологияның даму шамасына қарай, азаматтықты зерттеу 
тепе-тең үш объектіні зерттеуде келтірілген принципті жүзеге 
асыруға сүйенетін болады: адам, мемлекет, іс-əрекет. Зерттеу 
барысында құбылыстарға акмеологияның басқа тұлғалық, субъект, 
іс-əрекет, өмір сүру əрекеті, белсенділік, əлеуетті, тұлға мен іс-əрекет 
бірлігі, психоəлеуметтік, оңтайландыру, прагматикалық, шынайы
сияқты əдіснамалық принциптерін қолдануға болады.
Азаматтық сонымен бірге Отаншылдық сезімі, адамның өзі 
туып-өскен, тəрбие алған, білім алған, адам ретінде дамыған еліне 
қатыстылық сезімі мен күйі болып саналады.
Азамат болу – өз елінің тарихын, дəстүрлерін жəне мəдениетін 
білу деген сөз; азаматтық қоғамның құқықтық нормаларына 
сүйену, өзіне сол нормалар үшін жауапкершілікті қабылдау, оларды 
сақтау жəне өзіне ұсынылған азаматтық құқықтарды қолдану. 
Мұнда тұлғаның азаматтығы жалпыадамзаттық құндылықтармен 
арақатынаста болады, «Жер ғаламшарының азаматы» ретінде өзін 
саналы ұғынумен анықталады. Тұлғаның азаматтық жетілуінің 
қалыптасуы, көп жағдайда «мемлекет-тұлға» буынындағы қа-
тынастар жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Қатынастардың типін анықтайды: 
• мемлекет жағдайындағы тұлғаның құндылығы, мемлекеттік 
билік, саясат, экономика, идеология жүйесінде орын алу мүмкіндігі; 
• мемлекеттің тұлғаға, оның сапаларына жəне білім беруге 
қоятын талаптары;
• адамның мемлекеттік қатынастарға ендірілуінің механизмі, 
сонымен бірге оның қоғамдық енжарлығының ауытқу шегі; 
• адамның қажеттілік-мотивациялық аясының мемлекеттің мүд-
делерімен арақатынасы; 
• мемлекет пен мемлекеттік органдар ынталандыратын адамның 
əлеуметтік рөлдерінің тізімдемесі; 
• мемлекет ынталандыратын кəсіби бағдарлар тізімдемесі;
• мемлекеттің бейнесін жəне əлеуметтік-мəдени феноменін тара-
тушы «тұлғалық бейнесі». 
Кез келген кəсіпқойдың мінез-құлық пен қатынастарды тұлғалық 
реттеудегі ішкі жүйесі болады. Бұл мағынада ол əлеуметтендіру 
жүйесінің əрекет жəне өзіндік ішкі бақылаудың нəтижесі болып 
табылады. Осындай əрекеттің нəтижесінде, кəсіпқойдың өзіне 
əлеуметтік топтың, қоғамның, мемлекеттің өкілі ретінде белгілі 
қатынасы қалыптасады; тұлғалық бейнесі мен əлеуметтік топтың 
арақатынасындағы сəйкестікке ұмтылыс; бейнеге адекватты сапалар 
мен біліктерді қалыптастыруға бағдар; топтың, мемлекеттің өкілі 
ретінде өзіндік мүмкіндіктерді түсінуі қалыптасады. 
Осылайша, азаматтық тұлғаның кəсіби құрамдасының құры-
лымына əсер етеді жəне кəсіби саладағы азаматтықтың көрінуінің 
белгілі түрлерін қамтиды: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет