54
55
үдерісі. Студенттік ортада азаматтық құндылықтарды қалыптастыру
болашақ педагогтардың кəсіби құзыреттілігіне тікелей əсер етеді.
Азаматтық-патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, аза-
маттық пен патриотизм терминдерінің өзара байланысы аясын-
да, азаматтық акмесі туралы жəне азаматтың сапалары мен
педагогикалық кəсібиліктің бір-біріне қатынасы туралы айтуға
болады.
Акмеологияның негіз құраушы категориясы ретінде, «кəсібилік»
категориясы алынады, бұл еңбек əрекетін оқу жəне тəжірибелік іс-
əрекет барысында құзыретті орындаудағы қабілетті; орындалған
міндеттердің күрделілік деңгейіне сəйкес келетін сабақтың белгілі
түріндегі шеберліктің деңгейін білдіреді.
Қазіргі кезде тұлғаны біртұтас қалыптастыруды зерттеу үшін,
сұранысқа ие болатын базалық акмеологиялық категориялардың
əрекеттік анықтамалары құрылған:
• акмеологиялық жағдайлар – маңызды жағдайлар, оларға тұлға
мен іс-əрекеттің жоғары кəсібилігіне жету байланысты болады;
• акмеологиялық факторлар – кəсібиліктің басты детерминант-
тары, қозғаушы күштің сипатына ие негізгі себептер.
Акмеологияда кəсіпқойдың қалыптасуына ықпал ететін
жағдайлар мен факторлар анықталған (Е.Н. Богданов, В.Г. Зазыкин
жəне т.б.). Ғалымдардың пікірлері бойынша, «белгілі бір жағдайлар
мен факторлар кəсібиліктің дамуына ықпал ететін болса, онда олар
акмеологиялық деп аталады».
Аталған категориялардың айырмашылығы, олардың объективті
(жағдайларға қатысты) жəне субъективті (факторларға қатысты)
құрамдастарымен
анықталуында
көрінеді.
Психологиялық-
акмеологиялық зерттеулерде маңызды акмеологиялық жағдайлар
ретінде, еңбек субъектісінің нышандары, жалпы жəне арнайы
қабілеттері, қоғамның қалыптасу кезеңіндегі күйі, отбасылық
тəрбие мен білім берудің жағдайлары, мəдени құндылықтарға
қолжетімділік алынады. Н.В. Кузьминаның пікірі бойынша,
акмеологиялық факторлар субъективті болуы мүмкін (кəсіби іс-
əрекеттің жетістік шамасының дара алғышарттары – мотивтер,
бағыттылық, қызығушылықтар, құзыреттілік, шеберлік жəне т.б.),
сонымен бірге кəсіби ортаны жəне өзара əрекетті ұйымдастырумен,
басқару сапасымен, басшылардың кəсібилігімен байланысты
субъективті-объективті болуы мүмкін. Маңызды акмеологиялық
факторлар өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыспен, жоғары тұлғалық
жəне кəсіби стандарттармен, кəсіби қабылдау мен ойлаудың жоғары
деңгейімен, кəсібиліктің мəртебесімен, сонымен бірге кəсібиліктің
өсуіне ықпал ететін барлық субъективті факторлармен анықталады.
Ғалым А.А. Бодалевтің пікірі бойынша, кəсіпқой – бұл «ақыл-
ойы, ерік, сезімдер сияқты сипаттамаларға ие іс-əрекет субъектісі,
аса жалпылама түрде айтатын болсақ, тұрақты құрылымы бар
субъектінің психикалық қасиеттері, тиімділіктің жоғары деңгейінде
өзін үлкен маман ретінде іс-əрекетті орындауға мүмкіндік береді».
Н. В. Кузьмина кəсібилікті анықтауда əрекеттің құрамдасқа
бағдарланатын атап көрсетеді. Сонымен бірге, іс-əрекетті бір субъ-
ект орындайды, іс-əрекеттің бағыттылығының өзіндік мəні болады.
А. Адлер əлеуметтік қызығушылықты қамтитын жəне адамдарға
пайда əкелетін еңбек қолдауға лайық болатынын айтады.
Дергач А.А., Зазыкин В.Г. кəсібилікті тұлғаның кəсібилігімен
жəне іс-əрекеттің кəсібилігімен өзара байланыста қарастыруды
ұсынады.
Іс-əрекеттегі кəсібилік – жоғары кəсіби біліктілікті жəне
құзыреттілікті көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.
Кəсіби біліктер мен дағдылардың алуан түрлілігі, сонымен бірге
шығармашалық шешімдерге негізделген біліктер мен дағдылар,
кəсіби міндеттерді шешудің заманауи алгоритмдері мен тəсілдерін
меңгеру, іс-əрекетті жоғары жəне тұрақты тиімділікпен жүзеге
асыруға мүмкіндік береді.
Тұлғаның кəсібилігі – кəсіби маңызды немесе тұлғалық-
іскерлік сапалардың жоғары деңгейін, кəсібиліктің акмеологиялық
инварианттарын, креативтілікті, қалаулардың адекватты деңгейін,
ілгері дамуға бағытталған мотивациялық саланы жəне құндылық
бағдарларды көрсететін еңбек субъектісінің сапалық сипаттамасы.
Кəсібиліктің акмеологиялық инварианттары – жоғары тұрақ-
ты тиімділікті жəне орындалатын іс-əрекеттің сенімділігін қам-
тамасыз ететін кəсіпқойдың негізгі сапалары мен біліктері. Кəсі-
биліктің акмеологиялық инварианттары маманның белсенді
өзін-өзі дамытуды, оның шығармашылық əлеуетін жүзеге асыруда
қамтамасыз ететін ішкі қозғаушы себептерде көрініс табады.
Кəсібиліктің акмеологиялық инварианттары келесі үлгіде
болады: жалпы, олар іс-əрекеттің кəсіби өзгешелігіне тəуелді емес:
тұлғаның күші, дамыған антиципация (жағдайды болжау), өзіндік
|