128
129
Соңғы жағдайда философия акмеологияны кешенді пəн ретін-
де құрудың құралдарын анықтайды, ол бір жағынан, адам туралы
салалас ғылымдардың білімдерін жинақтайды жəне біріктіреді, ал
екінші жағынан – адамның кəсіби-шығармашылық шеберлігінің
қалыптасуы туралы өзгеше ұғымдарын құрастырады жəне
айқындайды. Мұндай құралдар ретінде, əдіснамалық принциптерді
атауға болады: философиялық категориялармен жəне ғылыми
ұғымдармен əрекет ету; объектілерді айқындау, зерттеу пəнін жəне
стратегиясын құрастыру; олардың акмеологиялық интерпретация-
сын жүзеге асыру, кəсіби білім беру саласына қоғамдық тəжірибеге
ендіру технологиясын құру. Осылайша, философия акмеологияның
іргелі-қолданбалы сипаттағы дербес, ғылыми пəн ретінде құрудың
əдіснамалық шектеулерін қояды.
Бұдан басқа, философия өзінің дүниетанымдық негізінде,
өлшемдер жүйесін анықтай отырып (экзистенциалды, мəдениеттану,
заң, адамгершілік, эстетикалық жəне т.б.), акмеологиялық мəселелер
жиынтығын талдаудағы құндылық нүктесін қояды.
Осылайша, дүниетанымдық тұрғыда философия аксиологиялық
идеалдарды жəне акмеологияның праксеологиялық мақсаттарын
қоғамдық ғылым ретінде ұсынады, бір мезгілде қазіргі адамтанудың
ерекше бөлімі ретінде ұсынады.
Акмеологияға ең жақын ғылым – психология, ол адамды
зерттейтін орталық пəн. Өз кезегінде жалпы психология (бұдан басқа,
пəндік өзек болып саналады), əртүрлі психологиялық ғылымдардың
саралы жүйесін білдіреді: іргелі (тұлғаны, оның психикасын жəне
санасын, үдерістер мен қалыптарды, іс-əрекет пен мінез-құлықты,
даму мен шығармашылықты зерттейді) жəне қолданбалы (жас
ерекшелік жəне педагогикалық, əлеуметтік жəне инженерлік
психология, психофизиология жəне патопсихология, т.б.).
Əртүрлі білімдер (жалпы психологияда жəне оның қолданбалы
салаларында жинақталған) үнемі нақты акмеологиялық зерттеулерде
адамның психикалық мүмкіндіктері туралы үзінділі мəліметтер
түрінде құрастыруда қолданылады. Алайда, адамның кəсіби
шеберлігі акмеологиялық мəселелер жиынтығын құрастырудың
психологиялық базасын құрайтын психологияның салалары
ерекше қызығушылық тудырады. Осы тұрғыда, акмеология үшін
психологиялық білімнің «түйінді жүйесі» ретінде, психологияның
келесі салалары: дифференциалды жəне жас ерекшелік, əлеуметтік
жəне педагогикалық психология, еңбек жəне шығармашылық
психологиясы, іс-əрекет пен сана, ойлау мен рефлексия, басқару мен
түсіну, қарым-қатынас пен тұлға, дарындылық пен индивидуалды-
лық психологиясы алынады.
Ересек, жұмыс істейтін адамның социумның аса белсенді
элементі ретінде кемелденуінің осы аспектілерінің психологиялық
мəні, педология зерттейтін балалық шақтың онтогенезімен
салыстырғанда, қоғамды біршама көбірек қызықтырады. Алайда,
адам туралы ғылымдардың даму логикасы бойынша, ХХ ғасырдың
басында жалпы мектепке дейінгі жəне мектепте білім берудің
қоғамдық тəжірибесіне деген əлеуметтік сұранысты қамтамасыз
ететін психологияның салалары пайда болды. Бұл даму мəселелер
жиынтығын психологиялық зерттеуде, балалар жəне педагогикалық
психологияның мəселелері басым болуына əкелді, кемелдену жасы
мен кəсіптер психологиясы артқа шегеріліп қалды.
ХХ ғасырдың соңында адам дамуының психологиясын
жəне акмеологияның кемелдену кезеңін біртұтас зерттеуді
немен түсіндіруге болады? Дəл осы кезеңде басқару саласында,
педагогикалық қызмет, менеджмент, əлеуметтік жұмыс саласында
кəсібилік пен шеберліктің жоғары деңгейі бар мамандарға деген
əлеуметтік қажеттілік ерекше өзекті болып саналады.
Сондықтан, балалардың жалпы білім алуын қамтамасыз ету
жеткіліксіз: оны кəсіби-бастапқы оқыту ретінде қарастыру қажет,
яғни жас ерекшелік жəне білімділікті дамыту контексінде ғана емес,
сонымен бірге əлеуметтік жəне кəсіби контексте қарастыру қажет.
Үздіксіз білім берудің кеңейтілген тəжірибесін жалпы мəдени,
арнайы жəне кəсіби, ғылыми тұрғыда қамтамасыз етуге деген
əлеуметтік қажеттілік, даму психологиясын (адамның өмірінің негізгі
кезеңдерін, балалық шағын, жастық шағындағы психологиялық
өзгерістерді біртұтас зерттейтін) жəне кемелденген тұлғаның
кəсібилігі мен шығармашылығын зерттейтін акмеологияның
қосымша қолданбалы алғышарттарын құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |