126
127
«құзыреттілік» болады, аталған үш ұғымның векторы, іс-əрекетті
жетілдірудің өлшемі, оны жүзеге асырудың жоғары сапасы мен
деңгейі болады, бұл өз кезегінде акмеология пəніне тікелей жауап
береді.
Болашақ мамандарды даярлауда отандық ғалым С.М. Жа-
қыповтың «бірлескен-диалогтік танымдық іс-əрекет» тұжы-
рымдамасының маңызы зор. Ол педагогикалық психология
саласы бойынша «оқу іс-əрекеті» жəне «оқыту іс-əрекеті»
категорияларының психологиялық мазмұнын қарастыру барысында
арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында адамның таным
іс-əрекетінің бірыңғай жүйесіне таным процестерін синтездеудің
шарттары мен тетіктерін анықтайды. Оның пікірінше, оқыту үдерісі
ерекше психологиялық құбылыс ретінде таным процестердің өзара
əрекеттесуін жəне бұрынғы жинақталған жүйесіне жаңа білімнің
қосылуын қамтамасыз ететін субъектінің когнитивтік тəжірибесін
түрлендіру үшін қажетті жағдайларды жасайды. Ғалымның бұл ой-
ларын біз тарқата келе, таным тəжірибесін қайта құру индивидтің
бүкіл өмірін қайта қарауды жəне оған тиісті қатынасының өзгеруін
талап етеді, осылайша адамның тұлғалық қасиеттерінің өзгеруі іске
асады деген болар едік.
Акмеологияның
əдіснамалық
негіздемелері,
кемелдену
сатысында адамның дамуының алға жылжушы ілгері дамушы
сипатына зейінді күшейтуге, адамның кəсіби жəне тұлғалық
кемелденуінде шыңдарға жетудің психологиялық механизмдеріне
енуге көмек беруге бағытталған.
Акмеологиядағы жүйеліліктің мəні «ұйымдастыру» ұғымы
арқылы нақтыланады, кезінде осы ұғымның А.А.Малиновская
жасаған интерпретациясына К.А.Абульханова-Славская назар
аударған болатын. Ол маңызды, себебі тұлғаның жүйесіне қатысты,
бірінші кезекте, Б.Г.Ананьев бойынша, ол социумның, əлеуметтік
қатынастардың, еңбек жүйесіне, кəсіп, өзіндік өмір жүйесіне
«енгізілген». Бұл ұғымның басымдылығы немесе жетістігі ретінде,
оның тұлғаға тəуелді ұйымдастыру тəсілдерін, оған тəуелсіз
саналы жəне бейсаналы, объективті, сыртқы, ішкі өзіндік ұйымдасу
тəсілдерін қамтитыны алынады.
Қазіргі қоғамда адамның тұлғалық қасиеттерінің əлеуметтік
өмірлік өзгерістерінің шамасын іздеудің жаһандық мəселесі
туындады. Жаңарту идеологиясы іргелі ғылыми білімнің жай-
күйіне, ғылым мен тəжірибенің байланысына, кəсібиліктің рөлінің
артуына негізделеді. Бұл міндеттердің барлығы акмеологияның
күрделі, қарама-қайшы, өзгермелі жағдайдағы тұлға туралы ғылым
ретіндегі міндеттерін шешуге бағытталған.
Қазақстандық ғалымдар Т.Тəжібаев. М.Мұқанов, Қ.Жарық-
баев, Ш.Т.Таубаева, Б.А.Оспанованың психологиялық, педаго-
гикалық, еңбектерінде де адамның жеке басының дамуы мен
шығармашылығының əртүрлі аспектілері қарастырылады.
Mаман дайындау мəселесі көптеген ғалымдардың назарын
аударған психология мен педагогикаға, əлеуметтану мен ортақ
мəселе болып табылады. Мысалы, психологтар болашақ маман
дайындауды тұлға қалыптастыру, əрекет теориясы тұрғысынан
қарастырады. Енді сол бағыттағы еңбектерге талдау жасай кетейік.
Т.Тəжібаев, М.Мұқанов; Қ.Б. Жарықбаев этнопсихологиялық тео-
риялар негізінде тұлғаның іс-əрекетке дайындығын оның ұлттық
психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін дамыту тұрғысынан
қарап жеке тұлғаның жан-жақты дамыту қажеттілігін атап көрсет-
се, С.Қ. Бердібаева шығармашылық іс-əрекеттің этнопсихологиялық
ерекшеліктерін қарастырған.
Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру тарихы
(Қ.Б.Сейталиев, Р.К.Бекмағамбетова жəне т.б.), мұғалімдерді
білім беру мұратына сəйкес даярлау тəжірибесі (Г.К.Ахметова
жəне т.б.), болашақ мамандарды даярлау біртұтас педагогикалық
үдерістің теориясы мен практикасын іске асыруға (Н.Д.Хмель,
Г.М.Кертаева, А.Қ.Рысбаева, жоғары мектеп дидактикасының дамуы
Е.Ө.Жұматаева жəне т.б.), педагогикалық инноватиканың білім
беру жүйесіндегі жаңалықты ендіру туралы ғылыми білім саласы
екендігін негіздеу (Н.Р. Юсуфбекова, Ш.Т. Таубаева жəне т.б.),
білімгерлерді инновациялық іс-əрекетке даярлау (К.Ж. Бұзаубақова,
К.Ж.Ажибеков жəне т.б.), болашақ мамандардың креативтілігін
қалыптастыру (Б.А.Оспанова, Нағымжанова Қ.М., білімгердің
креативтілігін қалыптастыру мақсатында инновациялық технология-
ларды пайдалану (Г.Қ. Нұрғалиева, Т.Г. Галиев жəне т.б.), болашақ
мұғалімдердің шығармашылық əлеуетін дамыту Б.А.Тұрғынбаева,
жəне т.б.) мəселелерінің түрлі қырлары зерделенеді.
Акмеологияның философиялық біліммен байланысы екі не-
гізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: дүниетанымдық жəне
əдіснамалық.
|