146
147
беру кеңістігінде студенттердің акмеологиялық мəдениетін тиімді
дамытуды қамтамасыз ететін акмеологиялық технологиялары ендіру
жəне жүйелі қолдану қажет. Осындай акмеологиялық технология-
лар жүйесі студенттерді оқытудың бүкіл кезеңін қамтуы қажет.
Іріктеу кезеңінде абитуриенттердің акмеологиялық мəдениетінің
деңгейін диагностикалау, болашақ студенттердің өзін-өзі өзектілеу
(өзіндік дамыту қажеттілігінің көрінбеуі), өзін-өзі жетілдіру
(тұлғалық, субъектілі жəне дара дамудағы үйлесімсіздік), өзін-
өзі жүзеге асыру (толық емес немесе шынайы емес өзіндік жүзеге
асыру) саласындағы қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Кіріспе диагностикалау барысында алынған нəтижелер,
білімгерлерге акмеологпен (оқытушы) бірлесіп оқытудың бас-
тапқы сатысында, акмеологиялық мəдениетті дамытудың пси-
хологиялық негізделген стратегиясын құруға, оны дамытудың дара
траекториясын құрастыруға, акмеологиялық мəдениетті жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін, біліктер-құзырлылықтар жүйесін
қалыптастыру бойынша, бірінші кезектегі жəне перспективті
міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандыққа жəне мамандануға тəуелсіз, студенттерді оқыту
бағдарламасына психологиялық-акмеологиялық пəндерді ендіру,
студенттердің психологиялық-акмеологиялық ағартуын қамтама-
сыз етеді, олардың акмеологиялық сауаттылығын акмеологиялық
мəдениеттің дамытудың бірінші сатысы ретінде қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Студенттердің түзетуші-дамытушы бағдарламасына қатысуы
(аутопсихологиялық
тренингтер,
рефлепрактикумдар
жəне
т.б.), эксплицитті жəне имплицитті тұлғалық құзыреттіліктерді
қалыптастыруды жеделдетуді, сонымен бірге акмеологиялық
құзыреттілікті қалыптастыруды жеделдетуді қамтамасыз етеді,
бұлар өз кезегінде білімгерлерге өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру,
өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы міндеттерді аса тиімді шешуге
мүмкіндік береді.
Білім беру кеңістігінде акмеологиялық мəдениетті дамытуды
оңтайландыру, оның озық ментальды жəне құндылықты құрылым-
дық компоненттерін қалыптастырумен байланысты, бұл өз кезе-
гінде технологияны оқыту үдерісінде рефлексивті диалогты бел-
сенді қолдануды жəне түзетуші-дамытушы бағдарламалардың
мазмұнын тереңдетуді талап етеді.
Сонымен, оқытушылар студенттердің акмеологиялық мəде-
ниетінің деңгейін, оны дамытудың шарттары мен жолдарын анықтай
отырып, сонымен бірге өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-
өзі жүзеге асыру міндеттерін шешуде қиындықтарды жеңуге
көмек беріп, студенттерге акмеологиялық қолдау көрсетуі керек.
Акмеологиялық қолдау үздіксіз акме-бағдарланған өзіндік
өзгерістерге деген қажеттілікті өзектілеуге, өзіндік дамыту үдері-
сінде олардың креативтілігін арттыруға, өзін-өзі жүзеге асырудың
сыртқы мақсаты ретінде, жоғары идеалдарды қалыптастыруға,
өзіндік дамыту құндылықтарын тұлғалық мəнге айналдыруға ықпал
ететін болады.
Адам туралы қалыптасқан ғылымдарға қатысты акмеологияның
бірінші кезекте болуы, оның адамның бүкіл өмірлік жəне кəсіби
жолын зерттейтінімен анықталады, мұнда акмеология жетілдіру
жəне түзету мəселелерін зерттейді (жағымсыз таптаурындарды бұзу
тəсілдері жəне өндірістік міндеттерді шығармашылықпен шешуді
қамтамасыз ету). Акмеология адамның кəсібиліктің шыңына өзі
жететініне сүйенеді.
Акмеологияның кешенді, гуманистік бағыттағы, іргелі-қол-
данбалы сипаттағы интегративті ғылым ретінде дамуы барысында,
педагогтің акмеологиялық мəдениетін дамытуды тұлғалық-кəсіби
өсуде өзін-өзі жүзеге асырудың оңтайлылығына, өзіндік дамытуға,
өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін жаңа міндеттері қою мен жаңа
мүмкіндіктерді шешу үшін зерттеу өзекті болып саналады.
Акмеологиялық мəдениет күрделі ұғым болып табылады, оны
саналы мағыналау əртүрлі тұғырларда жəне алуан түрлі тұғырларды
қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының жоғары деңгейі, өзін-
өзі дамыту үдерісін өмірлік құндылық ретінде саналы мағыналауға
мүмкіндік береді, сонымен бірге адамның өзіндік «Менін» өмір
сүру барысында өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың
жағдайларын құру арқылы тануға, өзектілеуге, шығармашылықпен
көрсетуге мүмкіндік береді.
|