Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет75/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   205
Акмеология

144
145
лық жаңа құрылымның өзіндік ұйымдасуы, өзіндік реттеу тəсілдері 
ретінде болатын акмеологиялық мəдениетті қалыптастыруды 
қамтамасыз ететін, тұлғаның сыртқы жəне ішкі күйлерінің 
жиынтығы ретінде қарастырылады. Нақты механизмнің əрекеті 
басқа механизмдерді жүзеге асыруға тəуелді болады, нəтижесінде, 
акмеологиялық мəдениетті дамытудың өзара байланысқан 
механизмдерінің «тізбегі» туралы айтуға болады. 
Студенттерге үздіксіз білім беру жүйесінің аясында, 
студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамытуға бағытталған, 
өзара байланысқан əлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жəне 
дидактикалық жағдайлар кешенін жүзеге асыру, білім беру кеңістігін 
ұйымдастырудың мақсаттарына адекватты болып, акмеологиялық 
ортаны қалыптастыруға əкеледі. 
Арнайы ұйымдастырылған акмеологиялық орта акмеология-
лық шарттардың жиынтығы ретінде, студенттердің акмеологиялық 
мəдениетін тиімді дамытуға объективті ықпал етеді, сонымен 
бірге өзіндік қайта құрушы іс-əрекеттің тиімділігінің субъективті 
түйсінулерін құрады. 
Студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамыту үдерісін 
оңтайландырудың интегралды сапасы ретінде акмеологиялық 
ортаны ұйымдастыру, акмеологиялық мəдениетті тиімді дамытудың 
объективті, субъективті жəне объективті-субъективті факторларын 
нəтижелі жүзеге асыруға ықпал етеді. 
Білім беру кеңістігінде жоғарыда аталған шарттар мен 
факторларды жүзеге асыру, акмеологиялық мəдениетті дамытудағы 
қажеттілікті өзекті етуді, акмеологиялық мəдениетті дамытудың 
дара траекториясын құрастыруды, акме-бағдарланған өзіндік өзгеру 
үдерістерін жеделдетуді қамтамасыз етеді. 
Студенттердің акмеологиялық мəдениетін дамытудың екі 
мақсаты болуы керек: 
Біріншіден, тұлғаның құндылықты-мағыналық саласын дамыту 
жəне қайта құрылымдау. Осы міндетті шешу, студенттің тұлғалық 
құрылымында терминалды жəне танымдық құндылық ретінде, өзін-
өзі дамыту құндылығының жетекші орнын қамтиды; сонымен бірге, 
инструменталды құндылықтар ретінде үздіксіз білім берудің, өзіндік 
білім алудың құндылығы алынады; акме-бағдарланған өзіндік 
дамытудың жүйе жəне мағына құраушы факторы ретінде – өзін-
өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру саласындағы 
міндеттерді аса тиімді шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық сапалар 
мен əрекеттік сипаттамаларды қалыптастыру мен дамытуды 
қамтамасыз ететін, өзін-өзі жетілдірудің құндылық бағдары алынады 
(іс-əрекеттің нəтижесі үшін дамыған жауапкершілік, коммуникативті 
жəне аутопсихологиялық құзыреттілік, іс-əрекетте жəне өзіндік 
өзгеруде инновацияларға бейімділік жəне т.б.). 
Екіншіден, өмірдің əртүрлі салаларында акмеге жету мен өзін-
өзі жүзеге асыруға бағытталған, өзіндік қайта құрушы іс-əрекетті 
белсендіру. Бұл міндетті шешуде, студенттердің акме-бағдарланған 
өзіндік өзгерістерді (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу жəне өзін-өзі 
жүзеге асыру технологиясы) жəне ішкі кикілжіңді оңтайландырудың 
агрессивті тəсілдерін (тұлғаішілік кикілжіңді шешу мен алдын 
алудың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қамтамасыз ететін 
психотехнологияларды меңгеруі қажет. Осы психотехнологияларды 
меңгеріп, студенттер оңтайлы жоспарларды құрастыра алады, 
өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары деңгейіне жету мақсатында, 
өзіндік дамыту бағдарламасын құрастыра алады, яғни өздерінің 
тұлғалық əлеуетін барынша тиімді қолданып, өздерінің өмірлерін 
стратегиялық тұрғыда құруға үйренеді. 
Бұл мақсаттарға жету, бірқатар əртүрлі деңгейлі міндеттерді 
шешумен байланысты. 
Терең гуманитарлы жəне психологиялық-акмеологиялық білім 
мен өзіндік білімнің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін, біртұтас 
адамның өмірлік жолында қалыптасуына, дамуына, өзіндік дамуына 
ықпал ететін, кəсіби маманданудың тəжірибелік, тар шеңберінен 
шығатын, аксиологиялық тұрғыда толықтырылған, үздіксіз білім 
беру тұжырымдамасына өту талап етіледі. 
Адамның өмір сүру ортасын əлеуметтік-мəдени қайта құруға 
бағдарланған, психологиялық-акмеологиялық қызметтің барлық 
деңгейлерінде, акме-бағдарланған өзіндік өзгерістерге деген 
қажеттілігін өзекті ететін ортаны құру қажет. Бұл төмендегі 
факторларды есепке алумен қамтамасыз етіледі: 
– мамандардың өзіндік қайта құрушы іс-əрекетіне психологиялық-
акмеологиялық қолдау көрсету; 
– тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту үдерісін оңтай-
ландырудың интегралды шарты ретінде акмеологиялық ортаны 
ұйымдастыру. 
Студенттерге өзіндік үздіксіз білім беру жүйесі деңгейінде, білім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет