Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет226/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

20.3 «Программалау» курсы
Түсінік хат
Біз күнделікті өмірде белгілі бір əрекеттерді орындау барысында 
көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Осы тұрғыдан қарағанда, 
өмірде алда тұрған мəселелерді шешу қажет болатын алгоритмдер 
жиыны деп түсінуге болады.
Информатика жəне есептеуіш техника негіздері пəн ретінде 
қалыптасқан ғылымның бір саласы. Ал жеке тұлғаға бағытталған 
компонент негізгі сабақта ұсынылмай қалған есептер, ұғымдар, 
түсініктер тереңірек ұсынылады.


513
Алгоритм құрастыру, жазу түсініктері беріліп, қазіргі 
кездегі кең тараған программалау тіліннің бірі – Паскаль тілінің 
ерекшеліктері қарастырылып, оны пайдаланып математика, физи-
ка, есептерін шығаруды компьютерде орындау жүзеге асырылады. 
Осы бағдарламада «Алгоритм, программа ұғымы, алгоритмдердегі 
қарапайым тілде, блок-схема түрінде жазу, Паскаль тілінде 
мəліметтерді сипаттау, программалау тілін үйренуді осы тілден бас-
тайды деп айтуға болады.
Информатика пəнін оқыту барысында білімділік, тəрбиелік жəне 
дамытушылық сияқты мақсаттардың кешенді түрде іске асырылуын 
қадағалау нақты міндет етіп негізге алу керек.
Тұжырымдама
Программалау – қазіргі кездің талабы десек артық айтқандық 
болмас. Сондықтан осы ұсынылып отырған «Программалау 
негіздері» жеке тұлғаны бағыттауға арналған курс бойынша 
ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларды осы заманғы ең қажетті 
құрал – бағдарламалау жүйелерімен таныстырып, ондағы қарапайым 
программалаудан бастап, тест программаларын құруға дейін білімін 
көтереді.
«Программалау негіздері» курсы оқушылардың компьютерлік 
сауаттылығын дамытып, олардың шығармашылық қабілетін 
арттыруға негізделген.
Оқушылар программалай отырып, қарапайымнан күрделіге саты 
бойынша жылжып, өздерінің шығармашылығын шыңдай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет