Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет234/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Əдістемелік нұсқаулар
Сабақ барысында оқу ақпаратын құрылымдауға қатысты №1 
тапсырманың орындалуын тексеру, жағдаяттық тапсырмаларды тал-
дау қажет. №2 тапсырманы үй тапсырмасы ретінде қолдануға бола-
ды.
2-3 сабақтар
Тақырып: «Информатикадан таңдау курстарын оқыту техноло-
гиялары мен əдістері».
Дидактикалық мақсаты: жалпыкəсіби дайындықтың, оқыту 
технологиялары мен əдістерді таңдау курстарын оқытуда қолдану 
мүмкіндіктерін сипаттайтын, білімділік жəне амалдық-əдістемелік 
компоненттерін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формасы: тəжірибе.
Оқыту технологиялары мен əдістері: модульдік технология, 
case-study əдісі, жобалау əдісі.
Оқыту 
құралдары
оқу-əдістемелік 
əдебиет [1-24], 
программалық құралдар – мəліметтер қорын басқару жүйелері, 


523
кестелік процессорлар, математикалық пакеттер, программалау 
тілдері, автоматты жобалау жүйелері жəне т.б.
Студенттердің алдын ала дайындығы: нақты жағдаятты 
талдау əдісімен танысу; оқу ақпаратын құрылымдауға қатысты №1 
тапсырманы орындау.
Теориялық мəліметтер
Нақты жағдаяттарды талдау əдісі (case-study) жоғары сынып 
оқушыларының оқу-танымдық əрекеттерін белсендірудің тиімді 
тəсілі болып табылады, өйткені бұл əдіс өмірлік жəне өндірістік 
есептерді талдау қабілетін дамытады. Информатикадан таңдау курс-
тарын меңгеру үдерісінде, оқушылардың жеке оқу траекториясын 
таңдауын жасау барысында бұл қабілеттің өзектілігі арта түседі.
Нақты жағдаяттарды бірнеше түрге бөлінеді:
1. Жағдаят-мəселе – оқушылар өмірінде кездесетін фактілер 
жиынтығы, оқушылар рөлдерге бөлініп, қиын жағдайдан шығу 
жолдарын табулары қажет немесе «тығырықтан» шығар жол жоқ 
екендігі туралы тұжырым жасаулары керек.
2. Жағдаят-бағалау – белгілі бір мағынада шығу жолы 
анықталған жағдай талданады, оқушылар бақылаушылар ретінде 
болып, алдын ала қабылданған шешімді сынай талдаулары қажет.
3. Жағдаят-иллюстрация – шынайы оқиғаны сипаттау, оның 
пайда болу себептерін түсіндіру, осы жағдайдан шығу процедура-
сын сипаттау; оқушылар міндеті – шешімге баға беру. 
Нақты жағдаятты талдау əдісінің мақсаты – жоғары сынып 
оқушыларының аналитикалық қабілеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет