Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Жалақының жүйесі жəне еңбекті нормалау –



Pdf көрінісі
бет108/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жалақының жүйесі жəне еңбекті нормалау – бұл еңбек үшін 
ақының 
мөлшерін 
оның 
нақты 
шығындарымен 
немесе 
нəтижелерімен өлшеудің белгіленген тəсілі. Еңбекке ақы төлеудің 
əр түрлі жүйелері бар, алайда, негізгілері ретінде екі жүйені атауға 
болады: мерзімді жəне кесімді. 
Еңбекке ақы төлеудің мерзімді жүйесі жұмыс істелінген уақыт 
үшін ақы төлеуді тарифтік ставканың негізінде жүргізуді көздейді 
яғни бұл жүйеде қызметкердің жалақысы оның тарифтік 
ставкасына жəне іс жүзінде жұмыс істелген уақытқа байланысты 
болады. Мұндай жалақының мөлшерін келесі формула бойынша 
анықтауға болады: 
 
Жм = Тс х У 
Бұл жерде: 
Жм– мерзімді қызметкердің жалақысы; 
Тс – тарифтік ставка; 
У – қызметкердің іс жүзінде жұмыс істеген уақыты (күндер, 
сағаттар, айы). 
Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі қызметкерлер үшін айлық 
лауазымдық еңбекақы мөлшері түрінде белгіленеді, сонымен қатар, 
еңбекті ұйымдастыру нысаны сағаттық (айлық) тарифтік ставка 
немесе лауазымдық еңбекақы мөлшері ретінде жеке жұмыс 
нормасын белгілеуге мүмкіндік беретін қызметкерлер үшін де 


белгіленуі мүмкін. Кесімді жүйеге негізделген жалақының 
мөлшерін мына формуламен анықтауға болады: 
 
Жк = R х Ө 
Бұл жерде: 
Жк – қызметкердің кесімді жүйеге негізделген жалақысы; 
R - өнімнің (орындалған жұмыстың) бірлігінің кесімді бағасы; 
Ө - өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстың) белгіленген 
өлшемдерге сəйкес саны. 
Кесімді жалақы іс жүзінде өндірілген өнім үшін алдын-ала 
белгіленген кесімді бағаға сəйкес жүргізіледі. Жалақының кесімді 
жүйесі жалақының еңбек нəтижелеріне тікелей тəуелділігін 
белгілейді, сол арқылы қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға 
материалдық мүдделілігін арттырады. Бұдан шығатын қорытынды, 
кесімді жүйе кезінде қзыметкердің жалақысы тек орындалған 
жұмыс нормасына тəуелді болады жəне ешқандай шектермен 
шектелмейді. 
Еңбекке ақы төлеудің кесімді жүйесі келесі түрлерге бөлінеді: 
жеке, ұжымдық (бригадалық), жанама, кесімді-прогрессивтік, 
кесімді-сыйақылық, аккордтық. 
Еңбекке ақы төлеудің жеке кесімді жүйесі кезінде жалақы 
əрбір қызметкердің жұмыс істеген нормасы үшін жеке-жеке 
анықталады. Бұл жүйе əрбір қызметкердің еңбегін нақты есепке 
алу мүмкіндігі бар жұмыстарда қолданылады. Бұл кезде жалақы 
нақты қызметкердің жасаған жарамды өнімінің санына жəне өнім 
бірлігінің кесімді бағасына тəуелді болады. 
Еңбекке ақы төлеудің ұжымдық кесімді жүйесі жұмысты бір 
қызметкердің орындауы мүмкін болмаған кезде қолданылады. Бұл 
жүйе кезінде жалақы ұжым (бригада) мүшелерінің разрядтарына 
жəне жұмыс істелген уақытқа сəйкес ұжым (бригада) мүшелерінің 
арасында бөлінеді. 
Еңбекке ақы төлеудің жанама кесімді жүйесі кезінде көмекші 
немесе қосалқы қызметкердің еңбегіне ақы төленеді. 
Оның 
жалақысы 
ол 
қызмет 
көрсететін 
кесімді 
қызметкердің (негізгі қызметкердің, кесімді қызметкерлер 
тобының) еңбегінің нəтижесіне тəуелді болады. 
Еңбекке ақы төлеудің кесімді-прогрессивтік жүйесі кезінде 
нормаларды орындаудың алдын-ала белгіленген белгілі бір 
деңгейінен бастап орындалған операциялар, бөлшектер жəне 


өнімдер үшін кесімді бағаның өсуі орын алады. Бірдей операция, 
бөлшектер жəне т.б. үшін əр түрлі ақы төленеді, норманы орындау 
жоғары болған сайын орындалатын жұмыс бірлігі үшін төленетін 
ақы да өсе түседі. 
Кесімді-прогрессивтік ақы төлеу кезінде қызметкердің 
жалақысы орындалған жұмысқа қарағанда жылдамырақ өседі. Бұл 
жағдай кесімді-прогрессивтік жүйесін жаппай жəне тұрақты түрде 
қолдану мүмкіндігін болдырмайды. Бұл жүйе жоспарды 
орындаумен байланысты қандай да бір себептермен қолайсыз 
жағдайлар орын алған жəне нормаларды орындауда қосымша 
материалдық мүдделілікті туындату қажеттігі туған кездегі 
учаскелерде шектелген мерзімге (3-6 ай) енгізіледі. 
Еңбекке ақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі белгіленген 
еңбек шарасына сəйкес есептелетін негізгі жалақыға қоса қосымша 
ақы – сыйақыларды енгізуді білдіреді. Сыйақыларды төлеу 
белгіленген нормалармен салыстырғанда қосымша нəтижелерге 
жетумен байланысты. Əдетте сыйақы негізгі жалақының алдын-ала 
белгіленген бөлігі ретінде белгіленеді. 
Еңбекке ақы төлеудің аккордтық жүйесі кезінде жекелеген 
операциялар мен жұмыс түрлерін орындаған үшін емес, аккордтық 
тапсырмаға кіретін белгілі бір жұмыстар кешенін орындаған үшін 
ақы төленеді. Аккордтық тапсырма бойынша есептелетін 
жалақының сомасы уақыт нормасы мен осы кешенге кіретін жұмыс 
түрлерін бағалауды ескерудің нəтижесінде анықталады. Əдетте еңбекке ақы 
төлеудің аккордтық жүйесі қызметкерлер ұжымы үшін белгіленеді 
жəне іс жүзінде бригадалардың еңбегінің соңғы нəтижесі бойынша 
еңбекке ақы төлеудің ұжымдық жүйесінің бір түрі ретінде 
қарастырылуы мүмкін. Сонымен қатар, аккордтық жүйе кесімді 
ақы төлеудің басқа түрлерінен мынасымен ерекшелінеді: бұл кезде 
тапсырманы орындау үшін берілетін жалақының жалпы сомасы 
қызметкерлерге жұмыс басталғанға дейін жарияланады. 
Кəсіпорында немесе ұйымда еңбекке ақы төлеудің нақты 
жүйесін белгілеу еңбек нормаларына (жұмыс істеу, уақыт, қызмет 
көрсету нормалары) негізделеді. Еңбек нормалары дегеніміз не 
жəне еңбек нормаларының қандай түрлері болуы мүмкін? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет