Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет167/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

54 бап. Арнаулы үзілістер 
Жылдың суық мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық 
үй-жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен 
айналысатын қызметкерлерге жылыну жəне демалу үшін арнаулы 
үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытында қосылады. 
55 бап. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 
Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы 
арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 
сағаттан кем болмауға тиіс. 


56 бап. Демалыс күндері 
1. Қызметкерлерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліссіз 
демалыс уақыты) беріледі. 
2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге 
аптасына – екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні 
беріледі. 
3. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік 
жұмыс аптасы кезінде екінші демалыс күні жұмыс берушінің 
актісімен немесе жұмыс кестесімен белгіленеді. Екі демалыс күні 
де, əдетте қатарынан беріледі. 
4. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сəйкес келген жағдайда 
жəне жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан 
Республикасының үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс 
күндеріне ауыстыруға құқылы. 
5. Осы Заңның 59 бабында көздеген жағдайларды қоспағанда, 
қызметкерді демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның 
келісімімен ғана жол беріледі. 
57 бап. Үзіліссіз жұмыс істейтін ұйымдардағы демалыс 
күндері 
Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа 
үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті 
демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, 
сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс 
берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сəйкес, 
қызметкерлердің əрбір тобына демалыс күндері аптаның əртүрлі 
күндерінде кезекпен беріліп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет