Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар



Pdf көрінісі
бет8/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

еңбек дауларын шешуге қатысты қатынастар. Бұлар 
қызметкерлердің еңбек жағдайларын жəне еңбек заңдарының 
нормаларын 
белгілеу 
мəселелеріне 
қатысты 
реттелмеген 
келіспеушіліктерді еңбек дауларын қарайтын органдардың 
шешуімен 
байланысты 
туындайды. 
Бұл 
қатынастардың 
қатысушылары болып бір жағынан қызметкер – жұмыс беруші, 
еңбек ұжымы – жұмыс беруші табылса, екінші жағынан – еңбек 
дауларын қарау жөніндегі орган табылады. Бұл қатынастар іс 
жүргізушілік сипатқа ие, себебі олар еңбек дауын шешудің 
материалдық жағына емес, оны шешудің процедурасына қатысты 
болады. 
Аталған қатынастардың барлығы еңбек құқығының пəні болып 
табылады. Ал қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек 
қатынастары еңбек құқығының басты пəні бола отырып, өзімен 
тығыз байланысты өзге де қатынастардың туындауына əсер етеді. 
Бұл қатынастардың кейбіреулері еңбек қатынастарымен қатар 
туындап, тоқтатылады. Ал басқалары (мысалы, еңбек дауларына 
қатысты 
қатынастар) 
қызметкердің 
қызметі 
барысында 
туындамауы да мүмкін. Мұндай қатынастар (мысалы, еңбек 
дауларына 
қатысты) 
қызметкердің 
жұмысы 
барысында 
туындамауы мүмкін жəне көп жағдайда туындамайды да. Олар тек 
көрнеу зиян тигізген жағдайда орын алады. 
Сонымен, қазіргі кезде еңбек құқығының пəнін қоғамдық 
қатынастардың екі тобы құрайды: 


1) еңбек қатынастары – еңбек құқығы пəнінің басты элементі; 
2) еңбек қатынастарымен тығыз байланысты жəне солардан 
туындайтын өзге де қатынастар. 
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары. 
Еңбек құқығының рөлі, міндеттері жəне функциялары өзара тығыз 
байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің
өндірістің, қоғамның жəне мемлекеттің мүдделерін білдіреді. 
Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан жағдайда 
еңбек қатынастарына түседі, бұл ретте олардың əрқайсысы өз 
мақсаттарын көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының 
негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек құқығы адамдардың еңбек 
үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек қатынастарының екі 
тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл ережелер мен 
нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің 
еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен 
қызметкердің еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын 
жəне олардың кепілдіктерін қамтамасыз етеді. 
Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының 
салыстырмалы түрде қорғалмаған тарабы – қызметкерлердің еңбек 
құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, 
еңбек құқығы функцияларының бірі – қорғау функциясы. 
Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне 
жəне өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тəртібін нығайтуға, 
қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан 
көрініс табады. 
Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық 
реттеудің мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек 
жағдайының 
жоғары 
деңгейіне 
жетуге, 
қызметкерлердің 
құқықтарын жан-жақты қорғауға бағытталған. 
Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы 
нормаларының күшінің негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда 
аталған реттеуші жəне қорғаушы функциялар жатады. Еңбек құқығының 
ерекше функцияларының қатарынан əлеуметтік, қорғаушы, 
шаруашылық-өндірістік, 
тəрбиелеу 
жəне 
өндірістік 
демократияны дамыту функцияларын атауға болады. 
Əлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз 
етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына жəне еңбекті 
қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. 


Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек 
заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз 
етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, 
еңбек дауларын шешуге бағытталған. 
Шаруашылық-өндірістік 
функция 
өндірістің 
тиімділігін, 
еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды 
пайдалануды, еңбек тəртібін нығайтуды қамтамасыз етуге 
бағытталған. 
Тəрбиелеу функциясы еңбек тəртібін сақтауды талап етуден, 
материалдық жəне моральдық жауапкершілік мəселелерінен 
көрініс табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет