Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін



Pdf көрінісі
бет90/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

1) он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 
- аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегіз жасқа дейін - 
аптасына 36 сағаттан аспайтын
2) ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды 
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 
сағаттан аспайтын болып белгіленеді. 
2. Жұмыс істеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға 
құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кəсіптер мен 
қызметтердің тізімін, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте 
зиянды) жəне (немесе) ауыр (өте ауыр), қауіпті (өте қауіпті) 


жұмыстардың тізбесін еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік 
орган белгілейді. 
Кейбір қызметкерлер санатына олардың жасын, жұмысының 
ауырлығын жəне өзге де бірқатар факторларды ескере отырып, 
тараптардың өзара келісімі бойынша аптасына 36 сағаттан 
аспайтын жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы 
белгіленуі мүмкін (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 46-бабы): 
· он алтыдан он сегіз жасқа дейін - аптасына 36 сағаттан 
аспайтын; он төрт жастан он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 
- аптасына 24 сағаттан;
· ауыр дене жұмыстарында жəне еңбек жағдайлары зиянды 
жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - аптасына 36 сағаттан 
аспайтын болып белгіленеді. Бұл жұмыстар ерекше тізімде 
көзделген; 
· жоғарылатылған эмоционалдық, ақыл-ойлық ізденуді қажет 
ететін қызметкерлер санаты үшін (мысалы, оқытушылар, 
дəрігерлер жəне еңбектің ерекше жағдайларында жұмыс істейтін 
өзге де қызметкерлер). Мысалы, мемлекеттік білім беру 
мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері үшін апталық 
нормативтік оқу жүктемесі келесідей белгіленеді: жалпыға білім 
беру мекемесінің бастауыш сатысы үшін – 20 сағаттан аспайтын; 
жалпыға білім беру мекемесінің негізгі жəне жоғары сатысы, 
бастауыш кəсіби жəне орта кəсіби білім беру ұйымдары үшін – 18 
сағаттан аспайтын; мектепке дейінгі ұйымдар үшін – 24 сағаттан 
аспайтын; мектептен тыс ұйымдар үшін – 18 сағаттан аспайтын 
(балалар жəне жасөспірімдердің спорт мектептері үшін – 24 
сағаттан аспайтын) (ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Үкіметінің 1999 
жылғы 27 тамыздағы № 1262 «Мемлекеттік білім беру 
ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу 
жүктемесін бекіту туралы» қаулысы). Жоғары жəне орта білім беру 
мекемелерінің оқытушылары үшін орташа алғанда 6-сағаттық 
жұмыс күні белгіленген. Бұл сағат ішіне тек оқу жұмысы ғана емес, 
сонымен қатар ғылыми жəне əдістемелік жұмыс та енеді. Еңбектің 
ерекше жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер тізімі олардың 
қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы көрсете отырып 
заңдарда белгіленеді; 
· 
медициналық 
қызметкерлер 
(емхана, 
амбулатория, 
диспансерлер жəне т.б. дəрігерлері) үшін; 


· І жəне ІІ топ мүгедектері (көз аурулармен, ауыр науқастармен 
ауыратын) болып табылатын қызметкерлер үшін. 
Қысқартылған ұзақтықтағы жұмыс уақытында жұмыс істеуге 
құқылы тұлғалар санаттарын анықтау үшін жұмыс уақытының 
ұзақтығын қысқартуға құқық беретін өндірістердің, цехтардың, 
кəсіптер мен лауазымдардың тізімін, сонымен қатар, еңбек 
жағдайлары зиянды жұмыстар тізбесін басшылыққа алу қажет. 
Қысқартылғын ұзақтықтағы жұмыс уақытындағы еңбек 
қалыпты ұзақтықтағы жұмыс уақытының нормалары бойынша 
төленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет