Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес



Pdf көрінісі
бет88/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сəйкес 
еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт жұмыс уақыты 
болып есептеледі. 
Жұмыс уақытының түсінігі жəне түрлері. Жұмыс уақыты – 
бұл қызметкер заңдарға, ұжымдық жəне жеке еңбек 
шарттарына, ішкі тəртіп ережелеріне сəйкес еңбек міндеттерін 
орындайтын уақыт. 
Жұмыс уақытының құрамына іс жүзінде жұмыс орындалған 
уақыт та, сонымен қатар жұмыс орындалмаған, алайда еңбек 
құқығының нормаларына сəйкес жұмыс уақытынан алып тастауға 
болмайтын уақыт та енеді. Мысалы, өндірістің тоқтап тұруы, 
төленбелі үзілістер жəне т.б. Заңнамада көзделген жағдайларда 
белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығынан тыс жұмыс уақыты да 
жұмыс уақытына кіреді. Мұндай жұмыс үшін қызметкерге өтемақы 
төленуі керек. 
Демалыс жəне тамақтану үшін төленбейтін үзілістер, жалақысы 
сақталмайтын демалыс уақыты, сонымен қатар, жұмысқа кешігіп 
келу, келмей қалу, жұмыстан уақытынан бұрын кету жұмыс 
уақытының құрамына енбейді. 
Еңбек жағдайы ретіндегі жұмыс уақыты белгілі бір дəрежеде 
қызметкерлердің өмірінің деңгейіне əсер етеді. Оның ұзақтығы 
демалыс үшін пайдаланылатын бос уақыттың көлеміне, тұлғаның 
дамуына, адамдардың мəдени жəне өзге де қажеттіліктерінің 
қанағаттандырылуына əсер етеді. 
Басшылық та, қызметкерлер де жұмыс уақыты туралы 
заңдардың нормаларын сақтауға міндетті. Қызметкерлер бүкіл 
жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға, ал басшылық осы 
үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға жəне қызметкерлердің 
демалуға 
жəне 
еңбекті 
қорғауға 
қатысты 
құқықтары 
бұзылмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыруға міндетті. 
Қолданыстағы еңбек туралы заңдар жұмыс уақытының келесі 
түрлерін 
көздейді: 
қалыпты 
ұзақтықтағы, 
қысқартылған 
ұзақтықтағы жəне толық емес жұмыс уақыты. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 45-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет