Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет66/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Басқа жұмысқа ауыстыру. Басқа жұмысқа ауыстыру кезінде 
еңбек шартының кем дегенде бір елеулі жағдайы өзгереді. Бұл 


ретте қызметкер өзінің бұрынғы жұмысынан босатылып, жаңа 
жұмысқа кіріседі. Басқа жұмыс ретінде мыналар түсіндіріледі: 
· басқа мамандық, лауазым бойынша атқарылатын жұмыс; 
· тіпті, бұрынғы мамандығы мен лауазымы бойынша да басқа 
кəсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жұмыс; 
· басқа жердегі жұмыс (сонымен қатар, басқа жерге ауыстырылған өзінің 
бұрынғы мекемесіндегі, ұйымындағы жұмыс). Басқа жер ретінде бұрынғы 
кəсіпорын, мекеме, ұйым орналасқан елді мекеннің аумағынан тыс 
орналасқан жерлер танылады; 
· еңбектің өзге де елеулі жағдайларының өзгеруі (елеулі 
жағдайлар ретінде осындай жағдай ретінде заңда немесе заңға 
сəйкес актіде тікелей көзделген не тараптардың өзі елеулі жағдай 
ретінде анықтаған жағдайлар танылады. Мысалы, сот тəжірибесі 
елеулі жағдайлар ретінде қызметкердің өз еңбектік 
міндеттерін орындауы үшін жауапкершілігі дəрежесінің 
өзгеруі, сонымен қатар қызметкердің тапсырылған 
жұмысты орындаудағы дербестігі дəрежесінің өзгеруін 
таниды). 
Қолданыстағы еңбек заңдарына сəйкес басшылық еңбектің 
елеулі жағдайларын қызметердің келісімінсіз тек ҚР «ҚР еңбек 
туралы» заңының 19-бабында көзделген тəртіп бойынша ғана 
өзгерте алады. 
Ұйымдарда өндірістің өзгеруіне жəне жұмыс берушідегі жұмыс 
көлемінің қысқаруына байланысты сол кəсіп (мамандақ), біліктілік, 
қызмет бойынша жұмысты жалғастыру кезінде еңбек жағдайларын 
өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы 
қызметкер бір ай бұрын жазбаша хабардар етілуге тиіс. 
Еңбек жағдайлары өзгертілген жағдайда жеке еңбек шартына 
тиісінше толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Егер қызметкер 
жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе, онымен 
жасалған жеке еңбек шарты «ҚР еңбек туралы» заңының 26-
бабының 7) тармақшасына сəйкес бұзылады.
Бұл бапқа сəйкес ұйымдарда өндірістің өзгеруіне (мысалы, 
зауыт басқа өнім шығаурға көшсе, немесе екі ұйым бір ұйым болып 
біріксе не ұйымның ауысымдық кестесі өзгресе жəне т.б.) жəне 
жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты сол 
кəсіп (мамандық), біліктілік, қызмет бойынша жұмысты 
жалғастыру кезінде жұмыс берушінің еңбек жағдайларын біржақты 
тəртіпте өзгертуіне жол беріледі. 


Сонымен, 
басшылық 
қызметкердің 
еңбегінің 
елеулі 
жағдайларын оның келісімінсіз тек ұйымның өндірісі өзгерген 
жəне бұрынғы еңбек жағдайларын сақтау мүмкін емес жағдайда 
ғана өзгерте алады. Егер ұйымның өндірісі өзгермеген жəне жұмыс 
көлемі қысқармаған жағдайда, басшылық еңбектің елеулі 
жағдайларын біржақты тəртіппен өзгертсе жəне қызметкердің 
келісімінсіз оны басқа жұмысқа ауыстырса, онда мұндай ауыстыру 
заңсыз болып табылады жəне қызметкер өзінің бұрынғы еңбек 
жағдайларын қалпына келтіртуге құқылы. 
Яғни, еңбек құқығы қатынастарының тұрақтылығын сақтау 
үшін еңбек шартының ережелерін дəл орындау қажет. Егер еңбек 
шартын жасасу кезінде тараптар нақты жұмыс учаскесі, объект, 
құрылымдық бөлімше жөнінде келісімге келсе, онда басқа 
учаскедегі, объектідегі, басқа құрылымдық бөлімшедегі жұмысты 
қызметкердің жазбаша келісімін қажет ететіндей басқа жұмысқа 
ауыстыру ретінде қарастыруға болады. 
Қызметкердің еңбек функциясының өзгеруінсіз жəне оның 
басқа жұмысқа ауысынсыз лауазым атауының өзгеруі, еңбекке ақы 
төлеу жүйесінің жалпылай өзгеруімен байланысты жалақы 
мөлшерінің өзгеруі, қызметкердің біліктілігін қайта қарау, 
кəсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқа ведомствоға ауысуы, 
жұмыс сипатының жəне еңбектің елеулі жағдайларының 
өзгеруінсіз жұмыс орнының бір учаскенің, цехтың, ұйымның 
шегінде ауысуы, техникалық прогресске, жаңа нормативтік 
құқықтық актіге сəйкес еңбек үрдісінің жəне жағдайларының 
өзгеруі басқа жұмысқа ауыстыру болып саналмайды. Мысалы, 
оқытушының бір мектептегі бір сыныптан екінші сыныпқа өз пəні 
бойынша ауысуы, дəрігердің бір жердегі екінші бір учаскеге 
ауысуы басқа жұмысқа ауыстыру емес, басқа жұмыс орнына 
ауыстыру болып табылады. 
Бұл ретте ескеретін бір жайт, басқа жұмысқа ауыстыруды 
жұмыстан босатудан ажырата білген жөн. 
Сонымен, мынадай қорытындыға келуге болады: қолданыстағы 
заңдарға сəйкес басқа жұмысқа ауыстыру ретінде жұмыс 
орнының, еңбек функциясының (мамандықтың, лауазымның) жəне 
жеке еңбек шартын жасасу кезінде белгіленген еңбектің елеулі 
жағдайларының өзгеруі танылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет