Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Басқа жұмысқа ауыстырудың түрлері



Pdf көрінісі
бет67/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Басқа жұмысқа ауыстырудың түрлері. Басқа жұмысқа 
ауыстыруды бірнеше негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады: 


· мерзімі бойынша – тұрақты жəне уақытша; 
· ауыстыру орны бойынша: а) бір ұйымның ішінде басқа 
жұмысқа ауыстыру; ə) басқа ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыру; 
б) өз ұйымымен қоса басқа жердегі басқа жұмысқа ауыстыру; 
· бастама бойынша: а) жұмыс берушінің бастамасы бойынша; ə) 
қызметкердің бастамасы бойынша басқа жұмысқа ауыстыру. 
Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру. Бір кəсіпорынның 
(мекеменің, ұйымның) ішіндегі мұндай ауыстыру, кез келген 
жұмысқа ауыстыру кезіндегі сияқты, тек еңбек шарты 
тараптарының келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады. Жұмыс 
беруші қызметкердің келісімі бойынша оны басқа жұмысқа 
уақытша ауыстыра алады. Бұл ретте қолданыстағы заңдар мұндай 
ауыстырудың шекті мерзімін белгілемеген. Алайда, мұндай 
ауыстыруды шектелмеген түрде де жүзеге асыра беруге болмайды. 
Басқа жұмысқа уақытша ауыстыру туралы бұйрықты ресімдеу 
кезінде мұндай ауыстырудың мерзімі көрсетілуі тиіс, бұлай
болмаған жағдайда қызметкердің еңбек құқықтары мен мүдделері 
бұзылуы мүмкін. 
Өндірістік қажеттілік болған жағдайда басқа жұмысқа 
уақытша ауыстыру. 
Заңдарда қызметкерді оның келісімінсіз де басқа жұмысқа 
уақытша ауыстыру мүмкіндігі де көзделген. ҚР «ҚР еңбек туралы» 
заңының 20-бабына сəйкес: 
Өндірістік қажеттілік болған жағдайда жұмыс берушінің 
қызметкерді оның келісімінсіз бір айға дейінгі мерзімге 
еңбегіне атқаратын жұмысы бойынша, бірақ бұрынғы 
жұмысындағы орташа айлық жалақысынан кем емес ақы 
төлей отырып, жеке еңбек шартында келісілмеген жəне оның 
денсаулық жағдайына зақым келтірмейтін сол жердегі, сол 
ұйымдағы басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет