Оқулық алматы, 2012 ӘӨЖ 373. Ббк 74. 102 А 75 Қазақстан


Балалар ойындарын классификациялау



бет73/121
Дата03.09.2024
өлшемі1.6 Mb.
#503330
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   121
Аралбаева-Р.К.Мектепке-дейінгі-педагогика

Балалар ойындарын классификациялау


Ф. Фребель классификацияның негізіне ойындардың әсерін сара- лау принципін қояды:

  • ақыл-ойды дамытатын – ойлау ойындары;

  • сезімнің сыртқы органдарын дамытатын – сенсорлық ойындар;

  • қозғалысты дамытатын – моторлы ойындар.

К. Гросс ойындардың түрлерін олардың педагогикалық маңызына қарай бөлуді қарастырады:

  • «жай әдеттегі функциялы ойындар» - қозғалыс, ойлау, сенсорлық, дамытушы;

  • «арнайы функциялы ойындар» - инстинкті жетілдіру мақсатындағы ойын-жаттығулар – жанұялық ойындар, аң аулау ойыны, қызмет көрсету ойындары.

Ж. Пиаже ойынды ақыл-ой дамуы факторы ретінде ашып берді. Ойынның құрылымында ол жаттығуларды, символды, ережелерді бөліп көрсетті. Барлық ойындарды ол былайша бөлді:

  • ойын-жаттығулар немесе сенсорлық-қозғалу ойындары;

  • символикалық (ойдан шығарылған) ойындар;

  • ережелері бар ойындар.

Ф. Лесгафт ойындарды екі топқа бөлді:

  • имитациялық (еліктеушілік) өзіндік шығармашылдық ойын- дар;

  • қозғалыс ойындары (ережесі бар ойындар).

Н. К. Крупская былай көрсетеді:

  • балалардың өздері ойлап тапқан ойындары – шығармашылық ойындары;

  • үлкендердің ойлап тапқан ойындары - ережесі бар ойындар. Мұндай классификация шартты түрде, шығармашылдық ойындар-

да да оларды реттейтін, рөлдерді анықтайтын және өзара әрекетті сипат- тайтын ереже болады. Ережесі бар ойындарда балалар шығармашылығы орын алады.
В. В. Давыдов Ресей педагогикалық энциклопедиясында балалар ойындарының екі негізгі түрін бөліп көрсетеді:

  • жасырын ережелі ойындар – сюжеттік-рөлдік ойындар, онда ере- желер жасырын сипаттағы сюжетпен және рөлмен анықталады;

  • ашық (бекітілген) ережелі ойындар, онда арнайы ереже жасала-

ды, олар дайын және ойынның міндетті бөлігі болып саналады, ойынға жол береді (дидактикалық, қозғалыс, дамытушы, көбінесе музыкалық, ойын-ермек, интеллектуалдық ойындар).
И. Я. Михайленко, Н. А. Короткова балалар ойынының классифи- кациясына мыналарды кіргізеді:

  • сюжеттік ойындар – ерекшелігі амалдардың шартты сипатында;

  • ережесі бар ойындар – нақты анықталған және орындау үшін міндетті ережелері бар, қатаң, формалды іс-әрекет. Бұл ойындардың ерекшелігі – қатысушылар арасындағы жарыс, нәтиженің ерекше бо- луы (ұтыс) және үлкен табысқа жеткен жеңімпаздың болуы.

Сюжеттік ойындар жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Ережелі ой- ындар, кем дегенде, екі адамы бар іс-әрекеттің біріккен түрі.
Ережелі ойындардың үш типі бар:

    • шанстық ойындар – жеңіс ойыншылардың күш-жігеріне тәуелді емес;

    • физикалық (дене) компетенциясына тәуелді ойындар – жеңіс

физикалық білігіне, дағдыларына, сапаларына тәуелді;

    • ойлау компетенциясына тәуелді ойындар (стратегиялық ойын- дар) - онда зейін, ес, комбинаторлық қабілеттер қажет;

    • ойынның аралас түрі, онда физикалық та, ойлау компетенттілігі

де талап етіледі, жеңіске жетудің барлық элементтері қатыстырылады.
С. Л. Новоселова балалар ойындарын 3 топқа бөледі:
Ойынның 1-ші тобы – балалардың қалауынан туған ойындар. Олар сюжеттік (сюжеттік-бейнелеу, сюжеттік-рөлдік, режиссерлық, театрландырылған) ойындар және ойын-эксперимент (табиғи объектілермен, құбылыстармен, материалдармен, жануарлармен, ойыншықтармен және заттармен) ойындар.
Ойынның 2-ші тобы – үлкендердің қалауынан туған ойындар: оқытушылық (автодидактикалық, заттық, сюжеттік-дидактикалық, қозғалу, музыкалық, оқу-заттық ойындар; қол бос уақыттағы (ойын-ер- мек, алданыш, театрлық, мерекелік, карнавалдық, компьютерлік) ойын- дар.
Ойынның 3-ші тобы – этностың тарихи қалыптасқан дәстүрінен келетін ойындар (халықтық): салттық (культтік, отбасылық, кезеңдік; тренингілік (интеллектуалдық, бейімділік, сенсомоторлық); қол бос уақыттағы (ермектік, алданыш) ойындар.
П. Г. Саморукова барлық балалар ойындарын үлкен екі топқа бөледі: шығармашылық және ережелі ойындар.
Шығармашылық ойындарда балалар өз әсерлерін білдіреді,
қоршаған дүние жөніндегі және оған қатынасы туралы түсінігін білдіреді. Шығармашылық ойындардың негізгі түрін сюжеттік-рөлдік ойындар құрайды. Бұл топқа сол сияқты құрылыстық-конструктивтік ойындар, драматизациялық, театралдық, театрландырылған, режиссерлік ойындар да кіреді.
Ережелі ойындарды балаларды оқыту және тәрбиелеу мақсатында үлкендер жасайды. Дидактикалық ойындарда ең алдымен балалардың ойлау қабілеттері дамиды, олардың білімі жүйеленеді. Дидактикалық ойындар үстелдік-баспалық, заттық, сөздік болып бөлінеді. Қозғалу ой- ындарында әртүрлі қимылдар жетілдіріледі. Сонымен қатар музыкалық қабілетті дамытатын әртүрлі музыкалық ойындар, ермек-ойындар және т.с.с. бар. Авторлық классификацияның көптігіне қарамастан онда жалпы және ортақ белгілері байқалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінің сипаты жаста- рына қарай өзгереді.
Мектепке дейінгі кіші жаста балалар үшін қарапайым өмірлік си- туацияларды көрсететін сюжеттік ойындар маңызды. Ереже көбінесе оқиғаның өзінде, жасырын сипатта болады. Сол сияқты бұл жаста зат- тармен – доппен, шеңбермен ойын жиі қолданылады, қозғалыс ойын- дары да маңызды.
Мектепке дейінгі ересек жаста неғұрлым қозғалыс ойында- ры, ережелі ойындар, шығармашылық ойындар (театрландырылған, драматизацияланған, режиссерлік ойындар) аса қызықты болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   121




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет