Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хатМодуль: Жай сөйлем (10 сағат)
Қорыта келгенде, біздің ойымызша модульдік оқыту технологиясы: бастауыш сынып оқушысы тұлғасының танымдық қабілет- терін дамытуға; танымдық процестерін дамытуға; оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға; белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға: тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік, сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Өздік жұмыс тапсырмалары: Модульдік оқыту технологиясына сипаттама беріңіз. Модульдік оқытудың басқа оқыту технологиялардан ерекшелігі мен айырмашылығын тірек сигнал түрінде көрсетіңіз. Модульдік оқытудың мақсатын сипаттап, модульдік оқытудың жүгінетін ғылыми идеяларын атаңыз. Модульдік бағдарламаның құрылымын сызба түрінде көрсетіңіз. Модульдік оқытудағы мұғалімнің іс-әрекетінің жүйесін саралаңыз. М. Жанспейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының құрылымын сипаттаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. /Аударған Д. А. Қайшыбекова. - Алматы, 2002. Жанпеисова М. М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. //Алматы, 2008. Третьяков П. Н., Сенновский И. Б. Технология модульного 288 289
Копжасарова М. Р., Нурахметов Н. Н., Аульбекова Г. Д. Технология модульного обучения - //Халық тәлімі, 2002. - №1. Дьяченко В. К. Новая дидактика. - М.: Народное образова- ние, 2001. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К.Д.Ушинского, 2002. Селевко Г К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшы- лыққа алады. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, Р\УСТ жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті. Р\УСТ бағдарламасы - ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне енгізілуде. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларының да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сыни ойлау - өзіндік ойлау. Сыни ойлау - сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технология мұғалімдерді несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ-жауап ретінде көрсетейік. Сын тұрғысындан ойлау дегеніміз не? 290 291 «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым. «СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады? Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен. Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен. Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. «СТО-ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар? Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/. Негізгі үш кезеңінің маңыздылығы. Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында мына мәселелерге назар аударылады: Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру. Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: Қызығушылықты ояту ( «көпір жасау», ой қозғау); Мағынаны тану (мағынаны ажырату); Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады). Білім берудің маңызды шарты оқу үдерісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік. Қызығушылықты ояту. Үйрену үдерісі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсыр- малар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі Ш8ЕКТ Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу бары- сында V - «білемін», «мен үшін түсініксіз», + - «мен үшін жаңа ақпарат», ? - «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Ш8ЕКТ - оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау сал- дарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. 292 293 Тақырып туралы ой-толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге кол жеткізеді: оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; ең бастысы - оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. каг-пехеа.гіі | екһій.ги | ошак-шебіа.гц | аашага-ргеаа.ш | ійа-ргеаа. ги Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде қолданылатын стратегияларға түсінік берейік. Джиксо - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты - жалпы мәселені ал- дымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі ар- тады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына «жұмыс» тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына сол жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар, т.б.) Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы: Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады? Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім 294 295 сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін, т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. РАФТ. Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі. Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді. Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады. «Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді. Сауалнама-интервью стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау, салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытындылауға болады. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Технологияның мақсаты - оқушылардың шығармашылық ойлауын сыни тұрғыдан дамыту. Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін- өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Мұғалімнің міндеті - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларын қолдануға болады: Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/ Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар, т.б. стратегиялар/ Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/ Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ Кейіпкерге мінездеме беру, өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы / Шығармада екі кейіпкердің қарама-қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/ Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен келесі жұмыстар жүргізуге болады: Мұражайға апару; Әр түрлі кездесудер өткізу; Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазғызу; Балаларға арналған журнал-газеттерге жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалануға мүмкіндік беру; 296 297 • Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинату, реферат жазғызу. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашы- лыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты қадағалап, тәжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап, зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының көмегі көп тиеді. Психологпен диагностика жүргізіліп, мониторинг жасалынып, қорытынды шығарылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу үдерісінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына әсер етеді. Қазіргі уақытта білімді, қабілетті, әдепті, іскер, мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып, сапалы білім бере алады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы бойынша өткізілетін сабақ құрымын төмендегідей көрсетуге болады: Сабақтың мақсаты: а) қызығушылықты ояту - сұрақ қою; б) мағынаны ажырату - жауаптар іздеу, мәселені зерттеу; в) ой толғаныс - ойлау үдерісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу үдерісін осындай үш сатыда ұйымдастыру. Сабақтарда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолдануға болады. Сабақта жиі қолдануға болатын әдістер мынадай: - қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру). - мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең. ІІІ - ой-толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу, т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол салынады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында: бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым- қатынастың негізі қаланады; өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; бір-біріне құрметпен қарауға; өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолда- рын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады. Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыру да дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды. Енді оқу үдерісін дәстүрлі әдіспен және Е\¥СТ жаңа жүйемен өткізгендегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерін кесте түрінде көрсетейік. 298 299
жүктеу/скачать 0.55 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |