Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет75/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Бақылау сұрақтары:

  1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру мақсатын айқындаңыз.

  2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру


технологиясының
технологиясының


тұжырымының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының әдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының

мазмұнына сипаттама беріңіз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Дьяченко В. К. Новая дидактика. - М.: Народное образова- ние, 2001.

  2. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

  3. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  4. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  5. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі

- сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008


310


311


  1. ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Жоспар:

    1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары.

    2. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы.

    3. Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері.

    4. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру.

  1. «Даму», «дамыта оқыту» ұғымдары

«Даму дегеніміз - материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсек, регрестік түрі келетінде тұрады,» - деп тұжырымдайды З. Кариев.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», - деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы
- жаңарту үдерісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
И. Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл- ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л. В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу. В. В. Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың


психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әр түрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әр түрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу танымдық әрекет репродуктивтік іс-әрекет деп аталады. Бұл іс-әрекет алдын ала дайындалған белгілі ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үдеріс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту- дың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызмет- терін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үдерісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің


312


313




түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский,

  1. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б. Г Ананьев, Г С. Костюк, А. А. Люблинская, Н. А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А. Н. Леонтьев, П. Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин,

  2. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін- өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

  1. Дамыта оқыту технологиясының даму тарихы

Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептеуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде дамыта оқыту халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті - академик В.П.Зинченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі - дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович.


Бұл ғылыми бастама 1959 жылдан бері ғалымдар назарында. Содан бері түрлі талқы ойлар, пікірлер айтылуда. Қазіргі кезеңдегі ғалымдар пікірлеріне назар аударайық.
Академик В. П. Зинченко осы ізденісті жүйенің негізгі көңіл аударар бағыты - теориялық ойластыру деп санайды және бұл құрғақ дәмсіз білімдер болмау керек. Керісінше, ол қоршаған әлемнің көрінісі болып, сана-сезіммен түбегейлі қабылданып, түп-түбіріне дейін дейін танып-білінуі тиіс.
Профессор Б. Д. Эльконин пікірі бойынша: дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендер көзге түседі, яғни дүние және адамтану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдануы және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы ағартудың жүйесін қалыптастыру.
В. С. Лазаревтің ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, сондықтан педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыков қолдайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.
А. Б. Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да өзгереді. Оның сөйлеген сөзі, келбеті, белсенділігі, жауапкершілігі жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер- жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеу, Санкт- Петербург, Харьков, т.б. қалаларында Давыдов пен Элькониннің, Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ, біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс айтарлықтай әлі қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін осылай істе деген ұстаным бойынша танымал және тәжірибелік


314


315




міндеттерді шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүргені жасырын емес.
Дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауды үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді практикада қолдана білуге баулиды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні - Л. С. Выготский- дің идеяларына негізделген В. В. Давыдов пен Д. В. Эльконин және Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л. С. Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ жалпы білім беру мектебінде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыта оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үдерісінің негізгі мақсатын оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін, дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір


сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне позитивті өзгерістер енеді.
Дамыта оқыту тікелей баланы (субъекті, объекті) жан-жақты дамыта отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауын, т.б.) оқытуға негізделеді.
15.3 Дамыта оқыту мақсаттары, міндеттері
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей:

  • оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады;

  • баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес);

Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала - тыңдаушы, мұғалім - ақпарат беруші емес керісінше, бала - зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мәселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім - оқушы іс-әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана.
Дамыта оқытудағы басты іс-әрекет - диалог, пікірлесу, пікірталас.
Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі - диалогты ұйымдастыру- шы, бағыт беруші балалардың іс-әрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.
Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім - сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.


316


317




Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.
Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург, А. Н. Тубельский, т.б. мектептері).
Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • оқыту үдерісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мо- тивациясын дамыту;

  • оқу материалын игеруде және оқу іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;

  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;

  • көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;

  • оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;

  • оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану;

  • оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;

  • дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;

  • жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникация- лық жаттығулар, зейін, ес, ойлау және т.б. жаттығулар).

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:

  • мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;

  • оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы;


  • оқыту үдерісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;

  • оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы;

  • оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы;

  • оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс-тәсілдерінең кең қолданылуы;

  • оқушылар әжептәуір уақыт аралығында, мысалы, белгілен- ген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;

  • балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;

  • үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі;

  • оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;

  • оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;

  • оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.

Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б.
Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында.
Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық әлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу


318


319





  • аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа

  • деп, ақылшы ақын М. Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

  1. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. Жауаптарды тыңдағанда әр оқушының өз ойын, пікірін айту мүмкіндіктері

Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин-В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,


мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет