Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Кесте Модуль функцияларының блоктармен сәйкестігі



бет69/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Кесте


Модуль функцияларының блоктармен сәйкестігі



Модуль функциялары

Модуль блоктары

1

Мақсат қою

Дидактикалык мақсаттар
(оқушыларға арналған
әрекеттің мақсатты
бағдарламасына айналады)


270


271




2

Ақпарат көзі

Берілген оқу материалдарын меңгерудің мүмкін жолдары мен тәсілдері туралы ақпарат (оқытудың жоспарланған нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі)

3

Дамыту

Оқу материалдары (оқу элементтеріне құрылған)

4

Басқару

Тексеру және өзін-өзі тексеру


Сонымен, дидактикалық мақсаттар блогы мақсат кою функция- сын атқарады, оқушыларға оқудың жақын көкжиектерін ғана емес, алыстағы, болашақта, өз бетімен өмір сүру табалдырығын аттағанда қол жеткізуі тиіс жетістіктерін сезіне білуге көмектеседі. Модульдік оқытудың мақсаттары оқушыларға танымдық іс-әрекет барысында қандай нәтиже күтіп тұрғанын көрсетуі тиіс. Мұндай жағдай оқушылардың оқу үдерісіндегі оң мотивациясын қалыптастырады, өзіндік әрекетін дамытады, белсенділігін қамтамасыз етеді. Оқушы өзінің дамуының болашағын көзімен көріп, оң нәтижелерге қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерін түсінгенде, ол оқу үдерісінің тең құқылы қатысушысы бола алады.
Модульдік оқыту өзінің көпжылдық өмір сүрген тарихында айтарлықтай өзгерістерді бастан кешті. Оны қолданудың мақсаттары ғана өзгеріссіз қалды, олар: оқыту үдерісін жеке оқушыға бағыттау, оқу іс-әрекетін белсендіру, оқушылардың өзіндік әрекетін және мотивациясын арттыру.
1967 жылы америкалық педагогикалық зерттеулер институ- ты орта білім беретін мектептерге арналған оқу пакеттерін дайын- дауды қолға алды. Модульдік оқытудың негізін салушылардың бірі Дж. Д. Расселдің пайымдауынша, модуль оқу материалдарының тұжырымдық бір бірлігін қамтитын оқу пакеті болып табылады. Бұл пакеттің құрамына мыналар кірді:

  • қоршаған орта (заттар, құбылыстар, үдерістер, құрылымдар мен сапалар әлемі) туралы түсініктердің тізбесі;

  • оқыту мақсаттарының тізімі, осы мақсаттарға жетуге байла- нысты міндеттердің сипаттамасы;

  • біздің жұмыс дәптерлерімізге ұқсас, жеке бөліктерге - модульдерге бөлінген, жеке сабақтар өткізуге арналған оқу


құралдары: мұндай модульдер білімі, меңгеру қарқыны мен қабілеттері әр түрлі оқушыларға арналған қиындығына қарай бірнеше деңгейлі оқу материалдарын қамтиды;

  • әрбір оқушының оқуының тиімділігін тексеруге байланысты жеке жұмысты немесе шағын топтағы жұмысты ұйымдастыру тура- лы мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар;

  • оқушының өз жұмысының сапасын бағалауына арналған ұсыныстар.

Оқу пакеттерін оқушылар өзінің жеке темпі және меңгеру мүмкіндігіне қарай орындайды.
Кеңес педагогикасында модульдік оқыту XX ғасырдың соңғы онжылдығында оқыту технологияларының өріс алуына байланысты дамыды. Көптеген зерттеушілер (В. П. Беспалько, О. В. Долженко,
В. Л. Шатуновский, П. А. Юцявичене, т.б.) оқыту технологияларын қүрылымдық-мазмүндық жағынан алдын ала жоспарланған оқу- танымдық үдерістің тәжірибеде жүйелі және бірізді түрде жүзеге асуы ретінде қарастырады. Олардың ойынша, модульдік оқытуға осы анықтама анағұрлым сай келеді.
П. А. Юцявичене модульдік оқытудың мәні оқудың субъектісі, негізінен, модуль түрінде ұсынылған оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істейтіндігінде деп көрсетеді. Жеке алынған модуль әрекеттің мақсатты бағдарламасын, ақпарат банкін және оқушылардың алдына қойылған мақсаттарға жетудің әдістемелік нұсқауын қамтиды.
Модульдік оқыту технологиясының бір ерекшелігі - оның білімді меңгертуде, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерін: яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы тануға, сондай- ақ жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас жасау, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі - дарынды балалармен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.
Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрену.
Модульдік оқыту іс-әрекет принципіне негізделген, оқушының


272


273




кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексивті оқыту үдерісін қамтамасыз етеді.
Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясының жетілуіне септігін тигізеді. Өйткені, ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуалды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетінің әртүрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқыту алынған.
Бағдарламалы оқытудың мынадай белгілері:

  • іс-әрекеттегі нақтылық логика;

  • белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі;

  • жеке жұмыстың қарқыны;

  • нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды);

  • өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау.

Модульдік технологияның қарқындылығы, интенсивтілігі оқыту үдерісін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Модульдік оқытудың принциптері:

  • модульдік принципі;

  • оқыту мазмұнынан ерекше мәселелерді бөліп алу принципі;

  • қарқындылық;

  • білім мен оның жүйесінің әсершілдігі мен жылдамдығы;

  • болашақ міндеттерді саналы түсіну;

  • әдістемелік кеңестің жан-жақтылығы принципі;

  • теңбе-тең принципі.

Бұл принциптердің барлығы өзара тығыз байланысты.


С. И. Ожегов: «Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі», - деді.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыптар тобына немесе сағат санына байланысты. Ғалымдардың зерттеулерінде 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екені көрсетіледі.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Қалған барлық сағат сөйлесу бөліміне бөлінеді.
Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен: кіріспе- қызықтырушылық, операционолдық-танымдық және рефлексиялық- бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман). Кіріспе- қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сондықтан мұғалім осы оқу модулін барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілі үлгілерге сүйене отырып, түсіндіреді.
Технология ауқымында оқу үдерісі мынадай бастапқы жағдайда құрылады: баланың көптеген тұлғалық психикалық қасиеттері оның жеке өзіндік, өзін қанағаттандыратын қызметі барысында айқындалып, қалыптасады. Технологияда бұған ерекше мән беріледі. Танымдық қызметіне рахаттанып, қанағаттану - әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол жеткізудің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлесу бөліміндегі бағалар мен бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда «тәтті лимон» (оқушы атқарған әрекеттің құндылығын асыра көрсету) және «көк жүзім» (оның теріс нәтижесін құнсыздандыру) қағидалары кеңінен қолданылады (Р. М. Грановская, Ю. С. Крижанская).
Бұл технологяның маңызды шарты - оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануға болатындығы, сондай-ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғалімнен жедел кеңес ала алатындығы.


274


275




Жоғарыда атап өткендей, кіріспе-қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып-үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін, психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Салмина 1981, 47).
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін, психолог Л. В. Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден, жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған «орамаға» салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай «орама» қызметін белгі (термин), белгілік жүйе атқарады.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Сөйлесу бөлімінде әрбір оқушының танымдық қызметі әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын таңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғыртып, қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.


Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер ол оқыта үйрету ойыны болса) немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып- үйренудің екінші - операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастырғанда Л. Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:

  1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлау қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім беруді мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

  2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі - ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсіп жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.

  4. Оқушылар нақты оқу кызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғаға бағытталған болуы тиіс. Оқу үдерісін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.

  5. Оқу үдерісін басқару бастауыш сынып оқушыларының ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл беліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) «мазмұны беріледі».
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.


276


277




Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құрушы болады.
Сөйлесу бөлімін құру қағидалары
Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.

  • Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағида- ларды есепке ала құрылады:

  • Оқу материалын бір тұтас беру қағидасы.

  • «өсу» бағытымен оқып-үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша жаттығулар мен актілер енгізу аркылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.

  • Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалының көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру, меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттеулер көрсеткендей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оны саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру кажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пайдалану.

Сондықтан модульдің осы бөлімінде оқу материалын меңгеру

  • тек қажетті кұрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету: қисынды ойлауды, түрлі құбылыстар мен фактілер арасындағы байланысты көре білуді дамыту; ұғымдар қалыптастырып, оларды ғылыми негіздеуге үйрену; интеллекті және креативтілікті (шығармашылық қабілетті) дамыту мүмкін емес. Бұл бөлімде оқу үдерісіндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың білімі мен білігінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар қол жеткізіледі (олардың сай немесе сай еместігін салыстыру оқу модулінің үшінші

  • қорытынды (бөлігінде жүргізіледі).

Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімін құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал етеді.


3, 4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (І, ІІ және ІІІ деңгейлер).
Тақырыпта үш деңгейдегі («жеңілдетілген стандарт», «стандартты», «стандарттан жоғары») оқушыларға арналған топтық тапсырмалар ұсынылады.
ІІІ деңгей - білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар.
ІІ деңгей - стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар.
І деңгей - шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар. Қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырамалар беріледі.
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне - интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезек - кезегімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу (даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Атақты педагог ғалымдардың зерттеу нәтижелері көрсеткендей, оқудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте (13-тен 24 ретке дейін) қайта оралып, жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық (шын мәнінде, үш балдық) жүйесін емес, тоғыз балдық жүйені қолданған дұрыс, бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуіне мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы», «жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады.
Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезінде-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. рөлдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімі оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуынан және бірін-бірі бағалауынан құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек ІІІ


278


279




деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
Сөйлесу бөлімі оқыта үйрету ойындары арқылы жүреді. Мысалы: «Брейн-ринг», «Қарлы кесек», «Білім биржасы», «Акционер», т.б ойындар.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша білімін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды (бақылау) бөлімінде алған бағалары қойылады.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қортынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.
Оқушылардың өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысуына «Модульдік оқыту» технологиясы тиімді. Оның ерекшелігі оқушының білімді өз бетінше меңгеруге ұмтылғандығы, алуан түрлі (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздік қорын (ауызша, жазбаша) дамытуға бағытталады.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет - қадамдардан тұрады:

  1. қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік пен дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет