Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет30/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
64
болып табылады. Әдіснамалық тұғырлар педагог үшін педагогикалық бол-
мыста зерттеудің және қайта құру үдерісінің барлық кезеңінде басынан 
аяғына дейін басты бағдар ретінде әрекет етіп, әдіснамалық міндеттерді 
атқарады, жан-жақты қарауға және зерттеуге үлкен мүмкіндіктер ашады 
[36, 153-229].
Заманауи жастардың рухани-адамгершілік құндылық бағдарларын қа-
лыптастырудың маңызды жолы ретінде сендіру әдісі осы аталған тұ ғыр-
лардың әрқайсысының технологиялық құрам бөлігінде кездеседі. 
Әдіснамалық тұғырлар туралы білімдер жиынтығы әдіснамашы ға лым-
дардың еңбектерінде, түрлі ғылыми басылымдар, ғылыми-практикалық 
кон ференциялар, әдіснамалық семинарлар, интернет-конференциялар, дөң-
гелек үстелдер, пікірталастар материалдарында көрініс тапқан.
Сонымен, әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық 
мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиын-
ты ғы. Әдіснамалық ұстанымдар деп педагогикалық жүйелерді зерттей 
оты рып, өзгерткенде негізге алынатын қағидаларды айтады. Ғылыми-педа-
го гикалық зерттеуді ұйымдастыру ұстанымдары – жүргізілетін ғылыми 
зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар, жетекші идея, түпкі қағида бол-
мақ. Ғылыми әдебиеттерде жалпы ғылымилық ұстанымдар қатарына объ-
ек тивтілікті, ғылымилықты, жүйелілікті, тарихилықты, сабақтастықты 
жә не т.б. жатқызады. Демек, тұғыр ұстанымға қарағанда кең ұғым. Бұл 
тұ ғырлар мен ұстанымдар барлық ғылымға тән. Сондықтан педагогикада 
атал мыш тұғырлар мен ұстанымдарды зерттелетін нысандардың мәніне 
сай қолданып, ізденушілер өз зерттеулерін ұйымдастырады. Нақты тұғыр 
бір неше ұстанымдар арқылы іске аспақ. Бұл ретте әдіснама негізінен ғы-
лы ми әрекеттің логикасына қатысты түсіндіріледі. Әдіснама – педагогика 
ғы лымының жасалу зертханасы, сол әдіснама арқылы зерттеудің қазіргі та-
лапқа сай екендігі көрсетіледі және ғылыми қызметкерлердің кәсіби дең-
гейі бағаланады. 
Зерттеуші әдіснамалық бағдар ретінде әдістер немесе тәсілдер, тұ ғыр-
лар немесе ұстанымдар, логика немесе зерттеу бағдарламасы, парадигма 
немесе теория қолдана алады. Олар ғылыми-педагогикалық және жобалау 
әрекетінің жалпы бағытын анықтайтын негізгі ережелер болып табыла-
ды. Әдіснама педагог-зерттеушінің педагогикалық практика нысандарын 
жетілдіру немесе өзгерту мақсатымен байланысты жаңа педагогикалық 
жобаны әзірлеу барысындағы ғылыми немесе жобалау қызметіне жалпы 
бағыт береді. Сондықтан қандай да бір әдіс педагогикалық зерттеудің не-
месе педагогикалық жобалау үдерісінің бүкіл кезеңінде қолданылып, өзіне 
басқа әдістерді тәуелді етсе, онда ол оның әдіснамасы болады. Мысалы, 
«жүйелілік талдау – жүйелілік әдіснама».


65
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Әдіснамалық негіздер мен бағдарлардың ерекшелігі мен мазмұнын ашу-
да педагог-зерттеушілер көбінесе «әдіс», «тұғыр», «қағида», «заң», «идея», 
«логика», «парадигма», «теория» ұғымдарын қолданады. Осы ұғым дар ды 
салыстыруға көптеген педагогтар жүгінді. Алайда бүгінгі күні атал ған ұғым -
дардың «әдіснама» түбірлес түсінігімен өзара байланыс сипа тын ай қындау 
ғана емес, олардың педагогикалық зерттеулердегі немесе жо ба лау лардағы 
әдіснамалық бағдар болудағы орнын нақтылау маңызды.
Ғылыми әдебиетте «әдіснамалық тұғыр» деген ұғым (сөз тіркесі) 
кездеседі. «Тұғыр» ұғымы педагогикада ғылымның пайдаланатын нақтылы 
тәсілі, элементі ретінде қолданылады. Тұғыр – бұл ғылыми-педагогикалық 
қызметтің, қандай да бір үдерісінің элементі, жеке әрекеті. Егер «әдіс» 
ұғымы ғылыми-педагогикалық әрекет тәсілдерінің жиынтығын білдірсе, 
«әдіснамалық тұғыр» ұғымы аталмыш тұғырдың зерттеушінің ғылыми-
педагогикалық әрекетінің бүкіл кезеңінде пайдаланылатынын білдіреді. 
Зерттеу тұғырларының жиынтығы, олардың қолдану дәйектілігі мен ло-
гикасын, педагогикалық зерттеуді жүргізу технологиясын анықтайды. 
Бір қарағанда, «технология» ұғымы әдіснамаға жатады, өйткені техно ло-
гия ғылыми-педагогикалық әрекеттің басынан аяғына дейін оның сипа-
тын анықтайды және әдістер мен зерттеу тәсілдерін таңдау үшін нұсқау 
жа сайды. Ғалым А.Ю. Кармаев Ресейдің ұлттық ұланының әскери қыз-
мет шілерін тәрбиелеуде сендіру әдісін жүзеге асыру мәселесін зерттеуде 
жүйелілік, синергетикалық, іс-әрекеттік, тұлғалық, мәдениеттанымдық, 
аксио логиялық, акмеологиялық, антропологиялық, тұтастық тұғырларын 
қол дану тәжірибесімен бөлісіп, әрбір тұғырдың әлеуетін негізгі ұғымдар, 
үстанымдар, әдістер арқылы сипаттағаны 2-кестеде берілген [100, 266-271].
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет