261
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
– педагогикалық білім берудің әдіснамалық және гуманитарлық не-
гіздері (Ю.В. Сенько).
Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыруда педагогиканың
теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу ерекше мәнге ие болды. Бұл
бағытта зерттеудің орталығы XX ғасырдың 70-80 жылдары институт база-
сында ұйымдастырылған педагогика әдіснамасына арналған бүкілодақтық
семинар болды.
Кешенді зерттеулер нәтижесінде заманауи педагогика әдіснамасының
ғылыми таным әдіснамасы ретіндегі іргесі қаланды, нормативті әдіснама
дамыды, іргелі, қолданбалы зерттеулер жасалымдарының сапасын бағалау
тұжырымдамасы дайындалды; педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппара-
ты жүйеленді.
Педагогиканың, білім беру философиясының, дидактика фило со фия-
сының, педагогика философиясының іргелі
негіздері тұжырым дамалық
деңгейде қалыптасты.
Турбовской Яков Семенович – педагогика ғы-
лымдарының докторы, профессор, Ресей Білім
ака демиясының Білім беруді дамыту стратегиясы
институтының
жетекші ғылыми қызметкері; білім
беру философиясы зертханасының меңгерушісі.
Зерт хана 1970 жылдардан бастап педагогика ғы лы-
мы мен практикасының өзара әрекеттестігінің бас-
қа рылу тұжырымдамасын жасап шығарды. Себебі
педагогиканың тәжірибені диагностикалауы қажет
болды.
Профессор Я.С. Турбовскойдың зерттеу алаңы мына мәселелерді
қамтиды: білім беру әлемі мен әлеуметтің арақатынасы;
білім беру фи-
лософиясын құруды талап ететін білім беру әлемінің заңдылықтары мен
арнайы ерекшеліктері; білім беру әлемі философиясының категориялары.
Оқу-тәрбие жүйелерін құрудың негізі ретіндегі кеңістік, уақыт, орта,
әдістер, технология, педагогикалық мақсат технологиялары жасақталды.
Я.С. Турбовскойдың жаңа идеялары «Педагогикалық аксиоматика»
атты кітабында көрініс тапты. Ғалым кеңінен педагогика ғылымы мен
білім беру практикасының өзара
әрекеттестігінің әдіснамасын, озат пе-
да гогикалық тәжірибені жинақтау мен пайдалану жүйесін зерттеді, ру ха-
нилықты әдіснамалық тұрғыдан қарастырады.
Гершунский Борис Семенович 1935 жылы Киев қаласында дүниеге
келді. Педагогиканың практикалық әдістерін жүйеледі, дидактикалық про-
гностика, прогностикалық зерттеу әдістері туралы еңбектер жариялады.
Гершунский Борис Семенович – Ресей Білім академиясының құрыл тай-
шыларының бірі (1992), педагогика ғылымдарының докторы, профессор.