Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет287/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   295
Экономикалык теория

Фискалдық саясат (бюджет-салық) – толық жұмысбастылықты 
және инфляциясыз ұлттық өнім өндірісін қамтамасыз етуге 


352
бағытталған үкіметтің мемлекеттік шығындар мен салық салу 
тәртібіне заңдық тұрғыдан саналы түрде өзгерістер енгізу шаралары.
Фрикциондық жұмыссыздық – жұмысшылардың бір жұмыс 
орнынан екінші бір жұмыс орнына еркін ауысуынан орын алатын 
қысқа мерзімді жұмыссыздық.
Халықаралық алтын стандарт – ХІХ-ғасыр мен ХХ-ғасырдың 
басы аралығында орын алған халықаралық валюталық жүйе, бұл 
жүйеге сәйкес әрбір ел өздерінің ақша бірліктерінің құнын алтынның 
белгілі бір шамасымен өлшеп отырды, өздерінің алтын қоры мен 
айналымдағы ақша массасының тұрақты арақатынасын қолдап 
отырды және алтынды еркін түрде сырттан әкелуге және оны сыртқа 
шығаруды қолдады.
Халықаралық валюта қорытөлем балансының уақытша 
тапшылығын көріп отырған елдерге шетел валютасымен қарыз 
беру үшін және валюта бағамдарын қолдау бойынша іс-шараларды 
жүзеге асыру үшін екінші дүние-жүзілік соғыстан кейін құрылған 
мемлекеттердің халықаралық ассоциациясы.
Циклдік жұмыссыздық – жиынтық сұраныстың және шығын-
дардың жеткіліксіздігінен экономикалық дағдарыс жағдайында 
адамдардың барлық мамандық түрлері бойынша жаппай жұмыссыз 
қалуы.
Шекті өнім – ресурстың келесі бір бірлігін (басқа барлық 
ресурстардың көлемі тұрақты болғанда) қолдану кезінде өндірілген 
қосымша өнім; жалпы өнім көлемінің өзгеруінің қолданылатын ресурс 
көлемінің өзгеруіне қатынасы.
Шекті пайдалылықтың төмендеу заңы – тұтынушының тауар-
лар мен қызметтерді тұтынуы барысында әрбір қосымша тұтыны-
латын тауар немесе қызметтің шекті пайдалылығының төмендей
беруі.
Шекті пайдалылық – тұтынушының тауардың келесі бір бірлігін 
тұтынудан алатын қосымша пайдалылығы; жалпы пайдалылық 
өзгерісінің тұтынылатын өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы.
Шекті табыс – фирманың өнімнің қосымша бір бірлігін сату 
нәтижесінде жалпы табыс көлемінің өзгеруі; жалпы табыстың 
өзгеруінің сатылатын өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы.
Шекті шығын - өнімнің келесі бір бірлігін өндіруге кететін 
қосымша шығындар; жалпы шығындар немесе өзгермелі шығындар 
өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет