Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


 «Жіберіп алған мүмкіндіктер шығындарын» қандай шығын-



Pdf көрінісі
бет39/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   295
Экономикалык теория

32. «Жіберіп алған мүмкіндіктер шығындарын» қандай шығын-
дар деп атаймыз?
А) Шекті шығындар B) Баламалы шығындар C) Тұрақты шығын-
дар 
D) Өзгермелі шығындар E) Баламасыз шығындар
33. Қажеттіліктер дегеніміз не?
А) Сатып алушылық қабілеттіліктер
B) Бір нәрсеге немесе затқа деген мұқтаждық
C) Сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынастары
D) Пайда табуға деген құлшыныстар
E) Тиімді сұраныс
34. Өндіріс тиімділігі немен анықталады?
A) Тапқан пайда мөлшерімен
B) Алынған нәтижелер мен жұмсалған шығындардың ара-
қатынасымен
C) Еңбек өнімділігімен
D) Ресурстардың тиімді пайдаланылуымен
E) Өндіріс барысында дұрыс шешім қабылдаумен
35. Қай кезде өндіріс мүмкіншіліктер қисығы екі тауардың түрлі 
комбинацияларын көрсетеді:
А) Өндіріс ресурстарды толық пайдаланбаған кезде
В) Барлық қолда бар ресурстарды толық пайдаланған кезде
С) Пайдаланылған ресурстардың мөлшері өзгерген кезде
D) Өндіріс технологиясы өзгерген кезде
E) Барлық ресурстардың тиімсіз пайдаланылған кезде
36. Экономикалық теория мынадай екі аксиомаға негізделеді, 
олар қайсысы?
A) Шексіз қажеттіліктер және шектеулі ресурстар
B) Ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану
C) Микроэкономика және макроэкономика
D) Экономикалық категория мен экономикалық заңдар
E) Шектеулі мұқтаждықтар мен шектеусіз табиғи игіліктер
37. Өндірістің түпкі мақсаты неде?
A) Өндірісті ынталандыруда B) Тұтынуда C) Өнімдердің сапасын 
арттыруда
D) Пайда табуда E) Шығындарды азайтуда


50
38. Экономикалық игіліктер ұғымын алғаш кім ғылымға 
енгізген?
A) Итальян экономисі А. Пезенти
B) Ағылшын экономисі А. Пезенти. 
C) Ағылшын экономисі У. Петти
D) К. Маркс
E) А. Маршалл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет