51
3-т ақырып
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ.
МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ
Мақсаты: әртүрлі өлшемдеріне байланысты экономикалық
жүйелердің типтеріне тоқталу,
олардың артықшылықтары мен
кемшіліктеріне тоқталу, меншік қатынастарын зерттеу және
Қазақстанның өтпелі экономика жағдайындағы ерекшеліктеріне
тоқталу.
Талқылау сұрақтары:
3.1. Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері,
түрлері және ұйымдастыру үлгілері;
3.2.
Меншіктің мәні мен мазмұны, түрлері мен нысандары,
объектілері мен субъектілері;
3.3. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
бағыттары.
Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, дәстүрлі экономикалық
жүйе, жоспарлы экономикалық жүйе,
нарықтық экономикалық
жүйе, аралас экономикалық жүйе, постиндустриалдық қоғам,
меншік, меншік құқығы,
меншік нысандары, меншік субъектісі,
жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу, т.б.
3.1. Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу
өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері
Кез келген қоғам экономиканы ұйымдастыру және оның мәселе-
лерін шешу үшін өз қарамағында әртүрлі құрылымдарды, тетіктерді
және институттарды қолдана алады. Осындай механизмдердің
бірсыпыра жиынтықтарын экономикалық жүйелер арқылы қарас-
тыруға болады.
Экономикалық жүйелер – экономиканың
өзара байланысқан
элементтерінің жиынтығы. Экономикалық жүйелердің жіктелу
өлшемдері бойынша әртүрлі сыныптамасы бар:
1. Ашықтылық дәрежесі бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: