Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Сапа жүйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы



бет103/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

9.2. Сапа жүйесі мәселелерінің енгізілуі мен дамуы

Сапа жүйесін енгізу кезінде объективті немесе субъективті сипаттағы мәселелер туындауы мүмкін. Олар төменде көрсетілген:


1. Кәсіпорын басшылығы ағымдық жұмыстарымен, жоспарлар және келісімшарттарды орындаумен қолы босамайды. Сапа жүйесін жасау жұмыстарымен жеке жұмыскерлер айналысады, ал олардың талаптары ескерілмейді, яғни бұл жұмыспен айналысуға уақыт жоқ, ең бастысы, жоспарды орындау керек. Мұндай мәселелерді шешу кезінде көптеген қағаздар толтырылып, сапа жүйесін дайындау жоспарлары жазылады, бірақ олар практикаға енгізілмейді. Басшылық сапа жүйесін енгізу кәсіпорын жұмыскерлерінің барлығына арналған жұмыс екенін түсінуі керек. Ол үнемі жүргізіліп отыруы тиіс.
2. Сапа жүйесін енгізуге өте үлкен сенім арту. Бұл процесс ұзақ әрі тұрақты болып табылады. Ол бір уақытта кәсіпорынның барлық проблемаларын шеше алады. Сапа жүйесін дұрыс қолдана білу керек, оған күнделікті оқыту керек. Бұл бірден нәтиже бере салмайтын өте ұзақ жұмыс.
3. Жаңа енгізулерге деген негативті қатынас. Жұмысқа кіріспестен бірден мынадай қорытынды жасалады – бұдан ештеңе шықпайды.
4. Сапа жүйесін енгізуге қаржы қажеттілігі. Егер ақша болмаса, енгізетін де ештеңе болмайды.
5. Персоналдың консервативті көңіл-күйі. Жақсы жұмыс істейміз, өнім шығарамыз, оны бізден сатып алады. Оған өзгеріс енгізудің қажеті не? Барлығы бұрынғыдай қала берсін.
6. Ескерту немесе айыпталу қорқынышынан жұмыскерлердің өндіріс мәселелерін шығаруға, оларды басшылыққа көрсетуге ниеттенбеуі.
Осы және басқа да мәселелер сапа жүйесін енгізу процесін айтарлықтай тоқтатуы мүмкін. Негізгі мәселе жұмыскерлердің немқұрайдылығы мен инерттілігі болып табылады. Әдетте кез келген жаңалықтың алғашында практикаға енгізілуі қиын болады. Бірақ заманауи сапа жүйесін енгізу – бұл уақыттың талабы, заманауи өмірдің объективті сұранысы, кәсіпорынның жаңа сатыда жетілуінің негізгі шарты деп айтуға болады. Бұл мәселелерді міндетті түрде шешіп, игеру қажет.

9.3. Сапа жүйесін енгізу

Сапа жүйесін табысты енгізудің бірінші және негізгі шарты жоғары басшылықтың үнемі қатысуы арқылы, жеке қызығушылығы арқылы ғана әсерлі сапа жүйесін құруға болатынын түсінуі болып табылады. Әсерлі сапа жүйесіне қол жеткізу сапа жүйесі бойынша оқытусыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бірақ жоғары басшылықтың тығыз жұмысына байланысты оқыту курсы қысқа болу керек.


Екінші маңызды шарты – өз кәсіпорынындағы қызметкерлерін сапа жүйесі бойынша дайындау. Себебі кеңесшілік фирмалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін біле алмайды. Сапа жүйесі бойынша оқытылған өз мамандары қолда бар құжаттарды талдап, қайта жасап, толықтырып, қайта қарай алады. Ал кеңесшілер барлығын қайта жасауды ұсынады. Мұндай жағдайда құжаттар жұмыс істемейді. Олардың «процестерді идентификациялау», «сапа критерийлері» деген сияқты ұсыныстары әрине дұрыс, бірақ қатардағы орындаушылар үшін бұл үйреншікті емес, яғни, сапа жүйесін енгізу процесінде кеңесшілерді тартудың қажеті жоқ, олар тек бағыттаушы рөл атқаруы тиіс, ал жұмыстың барлығын жұмыскерлер істеуі тиіс. Егер директор өз қызметкерлерінің пікірін барлық уақытта құптамаса, онда кәсіпорын басшысы кеңесшілердің көмегін қажет етеді. Сондай-ақ кәсіпорын жұмысы үшін жаңа адамның пікірі маңызды болып табылады.
Сапа жүйесін дайындауды ең алдымен, «Сапа бойынша жалпы жетекшілікті» жазудан бастаған дұрыс, яғни жүйе құрылымын «жоғарыдан» бастау керек. Ол үшін «біздің кәсіпорында ИСО-9001 талаптарының әрқайсысы қалай орындалып жатыр?» деген сұраққа жауап беру керек. ИСО бойынша талап етілген әрбір бағыттағы жұмыстардың орындалуын сипаттау кезінде қолда бар құжаттарға немесе дайындалатын құжаттарға сілтеме жасау қажет, яғни, сапа жүйесінің келесі деңгейінде қажетті құжаттар мен процестер анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет