Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


В) Сапаны басқару процестерінің метрикалары



бет117/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

В) Сапаны басқару процестерінің метрикалары: сапаны басқару процесінің жалпы метрикалары, тұтынушыларды қанағаттандыру метрикасы.
Метрикадағы көрсеткіштер балдық, абсолюттік немесе қатыстық жүйе негізінде бағаланады:
– баллдар;
– абсолюттік бірліктер (мысалы, сағат, теңге, кВт және т.б.)
– қатыстық бірліктер – мысалы, пайыздық және т.б.
Өнім мен процесс сипаттамаларын визуалды көрсетуге арналған құралды таңдау мекемедегі шығармашылық жұмыстарға тәуелді болады. Ол EXCEL форматындағы компьютерленген құжаттар болуы қажет.
4. Өмірлік цикл процестерінің орындалуын талдайтын ұйым стандарттары
Мекеме процестердің сипатталу тереңдігін, талдауын өз бетімен анықтауға құқылы. Қандай да бір өмірлік цикл процесін бөлшекті сипаттау қажеттілігі кезінде берілген процесс үшін жеке стандарт жасалады. Стандарттар:

  1. Келісім шартты талдау;

  2. Сатып алуды басқару;

  3. Жобаланатын объектілердің сенімділігін есептеу.

5. Бөлімшелер туралы жағдайлар және қызметтік ережелер
Бөлімшелер туралы жағдайлар келесі құрылымда болады:

  1. Жалпы жағдайлар

бөлімшелерді тағайындау;
– қандай құжаттармен жетекшілік жасалады;
ұйымдық құрылымды кім бекітеді;
– қызметкерлерді қызметіне кім тағайындайды;
– қызметкерлер кімге бағынады.
2. Бөлімшенің негізгі тапсырмалары.
3. Бөлімшелердің атқаратын қызметі.
4. Бөлімше құрылымы және жұмыстарды ұйымдастыру.
5. Қызметкерлердің құқықтары мен жалпы міндеттері.
6. Қызметкерлердің жауапкершілігі.
7. Басқа бөлімшелермен және ішкі ұйымдармен өзара әрекеттер.
Қызметтік ережелер келесідей құрылымда болады:

  1. Жалпы жағдайлары

– қызметкердің санаты қандай;
– қызметкерді кім тағайындайды немесе босатады;
– кім тағайындалады (білім деңгейі, тәжірибесі, біліктілігі);
кімге бағынады;
– жұмысты жіберіп алған кезде кім алмастырады;
нені білуі тиіс;
– қандай құжаттармен басқарылады.
2. Қызметтің мақсаттық тағайындалуы.
3. Қызметтік міндеттер.
4. Құқықтары мен өкілеттіліктері.
5. Нәтижелілік пен әсерлілік көрсеткіштері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет