Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет121/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144
технологиялық деп атауға болады.
Қоғамдық өнімді өндіру, бөлу және тұтыну жөніндегі адамдар 
арасындағы қатынастарды, яғни экономикалық қатынастарды 
бейнелейтін ақпарат – экономикалық ақпарат болып табылады. 
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық қондырма шеңберінде 
адамдар арасында қалыптасатын экономикалық емес әлеуметтік 
қатынастарды бейнелейді.
Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда, ақпарат жүйеге 
келтірілген және жүйеге келтірілмеген немесе жүйеленген және 
жүйеленбеген (ықтимал) болып бөлінеді.
Жүйеге келтірілген ақпарат дегеніміз көрсеткіштердің құралы, 
хабардың бағыттылығы, дүркінділігі мен мерзімдері, ұсынылу 
қалыптары (бірыңғайланған қалыпында құжатталынатын) бойынша 
адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойынша


255
келісілген мерзім мен айтылған уақытқа түсіп тұрады.
Жүйеленген ақпаратқа жататындар: бекітілген статистикалық 
есеп, өндіріс жұмыстарының барысы туралы, ресурстардың 
жұмсалуы, т.б. туралы күнделікті (оперативті) ақпарат.
Жүйеге келтірілмеген ақпарат – бұл сипаттамалар бойынша 
толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл, әдетте ауық-
ауық түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше оқиғалар жөніндегі 
ақпарат. 
Басқару үрдісінде, құжатталынған және құжатталынбаған 
ақпарат деп бөлінеді.
Құжатталынған ақпарат – есептер, анықтамалар, мәжіліс 
хаттамалары, баяндау жазбалары, хаттар, қаулылар, жоспарлау, 
бұйрықтар, жөн сілтеулік нұсқаулар және т.б. түрінде болады. 
Құжатталынбаған ақпарат – бұл көбіне телефон арқылы, жеке 
әңгімелесуде, кеңесте, т.б. ауызша түрде берілген ақпарат. Бұл бөлу 
ақпаратты жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген түрлеріне 
бөлумен байланысты, бірақ онымен бірдей емес. Жүйеге келтірілген 
ақпараттың барлығы да құжатталынады, ал жүйеге келтірілмеген 
ақпарат ішінара құжатталынады. 
Белгілі бір басқару органына қатысы бойынша ақпарат сыртқы 
және ішкі болып бөлінеді, ал сыртқысы өз кезегінде кіретін (кіруші) 
және шығатын (шығушы) ақпаратқа бөлінеді. 
Ақпарат бағыты бойынша бір дәрежедегі органдарды 
байланыстырушы, ақпараттың көлденең толқындарына және 
әр түрлі дәрежеден органдарды байланыстырушы тік (жоғары 
көтерілуші және төмен түсуші) тасқындарына бөлінеді. Жоғары 
көтерілуші тасқындар – бұл бағынушы органдардан кіретін 
ақпарат пен жоғары ұйымдарға жіберілетіні – шығатын ақпарат. 
Төмен түсуші тасқындар – бұл жоғары органдардан түсетін кіру 
ақпараты мен бағынатын ұйымдарға жіберілетін шығу ақпараты. 
Басқару қызметінің қандай түрі ақпаратты құрайтынына 
байланысты оның бөлінуінің де маңызы бар. Осы белгі бойынша 
жоспарлау үрдісінде құрылатын жоспарлық ақпарат, мөлшерлеу 
негізінде – нормативтік, есеп алу негізінде – есептеу, бақылау және 
т.б. ақпараттарға бөлінеді. 
Өндірісті басқару үрдісінде пайдаланылатын ақпаратты оқып 
үйренген кезде, оны алу және жұмсау тұрғысынан қарағанда үш ірі 
топқа бөлуге болады. 


256
Ғылыми-зерттеу үрдісінде әр түрлі техникалық қондырғылар 
конструкциясына және технологиялық үрдістерді ұйымдастыруға 
қолданылатын техникалық шешімдер нәтижесінде алынатын 
ақпарат. Мұндай ақпарат ғылыми және техникалық әдебиетте
патенттерде, жобалау – конструкторлық және технологиялық құжат 
жүргізуде кездеседі. Оны ғылыми- техникалық ақпарат деп атайды.
Басқару үрдісінде тікелей алынатын ақпарат. Оған жоспарлар 
жобаларында және әр түрлі мерзімдерге бекітілген жоспарларда, 
материалдық ресурстарға берілген тапсырыстарда шаруашылық 
шарттарды, ресми жарлық беру құжаттарында және тағы басқаларда 
болатын жоспарлық, нормативтік және басқа ақпарат жатады. Мұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет