Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Өнім және әртараптандыру стратегиясы



Pdf көрінісі
бет19/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   144
5. Өнім және әртараптандыру стратегиясы
Кез келген кәсіпорынның, фирманың іс-тіршілігінің нәтижесі, 
оның шығарған өнімі. Өнім сипаттамалар ретінде фирманың не 
сататынын және тұтынушы не сатып алатынын көрсетеді. 
Стратегиялық басқару үшін өнімге үш көзқарастың қағидалық 
мәнісі бар: тұтынушының қажеттерін қанағаттандыру құралы 
ретінде; дүниеге келуі, өсуі және жойылуы; бәсекелік доданың 


41
негізгі құралы болуы. 
Өнімнің негізгі құрамдары: оның қасиеттері, өнімнің маркасы, 
өнімнің имиджі. Өнімнің өзіне тән тұрақты әрі көпшілік білетін 
ерекшеліктері, ерекше сапа мен белгілері болса, онда оның оның 
бедел-абыройы жоғары болады.
Өнім өмірінің циклдік фазалары: өнімнің рынокқа шығуы, өсуі,
кәмілеттігі, рыноктан кетуі; әр өмір циклындағы фазалардағы өнім 
стратегиясы; жаңа өнім шығару стратегиясы: жаңашылдар және 
бірізділіктер; жаңа тауар шығарудағы жолдар; жаңа тауар жасаудың 
кезеңдері – ойлар, оларды іске асыру. 
Фирманың өнімдік стратегиясы. Өте маңызды. Фирманың 
нарық бәсекелестігінде аман қалуы үшін, өнім бәсекелестігі ерекше 
қызмет атқарады. Сонымен қатар ескеретін жағдай ол бәсекелік 
талдау жолын табу – оның мақсаты, ол не істей алады, яғни 
бәсекелестік тәртібі келешекте қандай болмақ. Бәсекелестік талдау 
мүмкіндіктері, фирманың бәсекелстік ортадағы жағдайы да өз рөлін 
атқарады. 
Әртараптандыру стратегиясы
Әртараптандыру латын тілінен аударғанда – өзгеріс, әртүрлі деген 
ұғымды білдіреді, яғни шаруашылық қызметті жаңа аяларға тарату 
(шығаратын өнімдердің ассортиментін, өнім қызметтерінің түрлерін, 
қызметтің жаграпиялық аясын және т.с.с.). Әртараптандыруды 
кәсіпорындардың тікелей өндірістік байланысы жоқ салаға енуі 
немесе олардың негізгі қызметтерінен функционалды тәуелді 
деп түсінуге болады. Әртараптандыру нәтижесінде кәсіпорындар 
көпсалалы күрделі кешенге немесе конгломератқа айналады. 
Әртараптандыруды бағалау үшін үш түрлі белгілер бар.
1. Тартымдылық белгісі. Әртараптандыруға таңдап алған 
сала салынған қаражаттан жақсы табыс алу жағынан кәдімгідей 
тартымды болуы керек. 
2. «Кіру шығындарының» белгілері. Жаңа салаға ену кезінде 
шығындар көлемі жоғары болса, таза табыс алу үшін төленетін ақы 
жоғары болса, онда кәсіпорынның акцияларының табыстылығы 
төмендейді.
3. Қосымша ұтымдылық белгісі. Бұрын соңды болмаған 
бәсекелстік артықшылық жасау мүмкіндіктерін туғызады. 


42
Әртараптандыруды өткізу туралы шешім қабылданғаннан кейін, 
оны жүзеге асырудың түрлі мүмкіндіктерді таңдалады. Әдетте 
әртараптандырудың алты стратегиясы қарастырылады:
1. жаңа салаға кіру стратегиясы – біріккен кәсіпорын;
2. жақын салалардағы әртараптандыру стратегиясы;
3. жақын емес саладағы әртараптандыру стратегиясы;
4. қысқарту және тарату стратегиясы;
5. құрылымды қайта қарау, қайта қалпына келтіру;
6. көп тиімді әртараптандыру стратегиясы.
Алғашқы үш стратегия әртараптандырудың әдістеріне жатады, 
ал соңғы үшеуі әртараптандырылған компанияларын күшейту 
стратегиялары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет