12
деңгей; төменгі деңгейдегі менеджмент (оперативтік стратегия).
Өндірісті басқару ғылымының міндеті – өндірісті басқару
қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді
шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті басқару теориясы – кешенді білім жүйесі. Ол
мына
бөлімдерден тұрады:
- Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың
мәні, оның мазмұны, басқарудың үрдістері, заңдылықтары және
қағидалары қамтылады.
- Өндірісті басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару
жүйесінің ұйымдастыру формаларын, басқару функциялары
мен құрылымын, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру
мәселелерін қарастырады.
- Ықпал етудің тетіктері мен құралдарының жиынтығы ретіндегі
басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім.
- Басқару процестері,
олардың ерекшеліктері, динамикасы,
әдістері туралы ілім.
- Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда
басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару шеберлігі, сондай-ақ
тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары қаралады.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілері арқылы
анықталады. Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын
қамтиды (саяси, әлеуметтік,
экономикалық, этикалық және т.б.).
Басқару үрдісіне қатысушыларды екі топқа бөлуге болады: бірі
материалдық игіліктерді өндіретін еңбекпен айналысатын болса,
екіншісі басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы
адамдардың арасында өндірісті басқару қатынастары орнайды.
Бұл қарым-қатынас басқару субъектілері мен объектілері арасында
қалыптасады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе типке жататынына
қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері
арасындағы қатынас ретінде болады.
Басқару стратегиясының объектілері жеткілікті. Бірақ соның
ішінде ең күрделі, барлық әлеуметтік-экономикалық үдерістерге
тікелей қатысы бар және шешуші рөл атқаратын объектілерін
атап көрсеткен жөн. Көптеген объектілерді топтастырып жіктеу
қажет. Осы тұрғыдан алғанда оларды мынандай топтарға бөлуге
болады: 1. Макроэкономика деңгейі; 2. Мезоэкономика деңгейі; 3.
13
Микроэкономика деңгейі.
Стратегиялық басқарудың негізгі объектілері осылар.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне
макроэкономика жатады. Бұған экономикалық саясаттың күллі
объектісі жатады. Макроэкономика –
экономикалық теорияның
бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық
саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға
қажетті экономикалық құралдар анықталады.
Егерде стратегиялық басқаруға классикалық экономикалық
теория негізінде қарайтын болсақ оның ең жоғары сатысында
күрделі объект ретінде кеңейтілген ұдайы өндірістің үдерістері
жатуы тиіс. Ешқандай қоғам сол объектінің кезеңдерінсіз (өндіріс,
бөлу, айналым, тұтыну) өмір сүруі өте қиынға түседі. Басқару
тәжірибесінде бұлардың әрбіреуі жеке объект және күрделі
объектілер болып табылады. Олардың ішінде (ортасында) жүріп
жатқан үдерістерді жөнді басқармайынша, қоғам дұрыс әрі бай
өмір сүреді деп айту қиын.
Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен
секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын
зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы
экономикамен айналысатындықтан
біріктірілген экономикалық
көрсеткіштермен сипатталады (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі
өнім, сұраныс жиынтығы және т.б.).
Экономиканың бұл аспектісі стратегиялық басқару теориясына
апаратын басты аспект болып табылады. Өйткені оны халық
шаруашылығының ауқымында алып қарастырғанда ғана зерттеудің
бастапқы сәтін анықтауға болады. Мұны кәсіпорынның (бастапқы
буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін
құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Стратегиялық басқарудың бір объектісі – мезодеңгей. Мұнда
басқару пәндеріне өндіріс ұйымның, технологияның әртүрлілігімен
байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады.
Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары
мен кеңістіктегі орналасқан орнына,
тарихи-географиялық
факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән.
Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы
экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік
күштердің орналасуы жатады. Аймақ басқару объектісі ретінде
14
мемлекет пен ұлттық экономиканың аймақ мемлекеті сыңайлы
болады: аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған
қосымша жүйені білдіреді.
Стратегиялық басқару теориясында да, күнделікті тәжірибеде
де микродеңгей шешуші объект болады.
Кәсіпорынды, жеке
өндіріс түрін, әрі қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын
заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару
объективті қажеттілік болып табылады. Яғни басқарудың осы
деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын
объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар
мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті
басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының
біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық басқа да өндірістік және
тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: