Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет7/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144
Миссия, мақсат және стратегиялық 
басымдылықтардың қалыптасуы
Стратегиялық менеджментте миссия – философия және алдын 
ала арнау, ұйымның өмір сүру мәні. Нақтылау айтқанда, ұйым не 
үшін қызмет етуі керек және оның басқаларға қарағанда қандай 
айырмашылығы бар деген сауалға жауап береді. Миссия дегеніміз 
– ол ұйымның анық көрінетін жалпы мақсаты. Ол мынадай негізгі 
сауалдарға жауап береді:
- ұйым не үшін қызмет етеді (оның себептері)?;
- негізгі тұтынушылары кімдер және ұйым олармен қандай 
қатынаста болады?;
- ұйымның негізгі философиясы неде, ол қоғаммен, өзінің 
тұтынушыларымен қандай қатынаста болады?;
- қызмет етудің негізгі қағидалары қандай?. 
Ұйымның негізгі мәселесі, оның миссиясы – қандай адами 
қажеттілікті қанағаттандыру қажет деген сауалға жауап беру. Кез 
келген ұйымның стратегиялық басқарудағы маңызды бөлшегі – ол 
миссия мен өзінің меншікті мақсаттарын анықтау. 
Миссия деген ұғымды аударғанда оны мақсат деп түсінуге 
болады. Жалпы стратегияны, әсіресе стратегиялық басқаруды 
негізгі, басты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланатын әдіс 
ретінде пайдалануға әбден болады. Мақсаттардың пайда болу 
негізінде олардың иеленушілерінің қызығушылық қасиеттері 
жатыр: ұйымдардың иелері; ұйымның қызметкерлері; ұйымның 
өнімін сатып алушылар; ұйымның іскерлік серіктестігі; жергілікті 
қоғам және жалпы қоғам. 
Ұйым мақсаттары – ол оның нақтылық хал-жағдайын сипаттау, 
жақсы жағдайға қол жеткізу. 
Жалпы мақсаттар ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді 
болып жіктеледі. Ол мақсаттар анықтау үрдісінде мынандай 
сатылардан өтеді:
- жан-жақты байқалатын трендтерді анықтау;
- жалпы ұйымдар үшін мақсаттарды белгілеу;
- мақсаттар иерархиясын құру;
- жеке мақсаттарды белгілеу.
Осы келтірілген мақсаттардың маңыздығына қарасақ XVII 
ғасырда өмір сүрген голландық философ Спиноза Барухтың 
«Әлемді билейтін мүдде» деп айтқан пікірінің қазіргі заманда да 


21
шындық екені күмән келтірмейді. 
Мақсаттар категория ретінде, басқарудың негізі және қозғаушы 
күші ретінде өздеріне тән сипаттамалары бар: мақсатқа жету 
үдерісін қатысушылардың қызметтілігі; әрбір мақсатты санатты 
түрде өлшемдеу; қойылған мақсатқа өз уақытында, өз мерзімінде 
жетуді анықтау және соны жоспарлау; мақсат нақтылы болуы қажет 
және орындалатын болуы керек; мүдделер бір-бірімен байланысты 
және бірін-бірі толықтыруға қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет