Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет4/144
Дата21.12.2023
өлшемі4.22 Mb.
#487317
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Стратегиялық 
үдеріске кіріспе
Стратегияның негізгі мәні - бизнесті қоршаған ортаға бейімдеу. 
Тек осы жағдайға сәйкес болғанда ғана аман қалып және әрі жақсы 
дамуына мүмкіндік болады. Стратегияны үдеріс ретінде қарастыруға 
оның үш белгіленген сатылары дәлел болады: стратегиялық талдау, 
стратегиялық таңдау, стратегия мен менеджменттің іске асуы.
Стратегиялық талдаудың негізгі мақсаты ақпарат жинау. 
Бұл талдаудың ішкі және сыртқы екі кезеңі бар. негізгі мақсаты 
Талдаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында ішкі 
талдау жүргізіледі. Стратегиялық таңдау талдаудың нәтижелерін 
зерттеуден басталуы керек. Стратегия мен менеджментті іске асыру 
стратегиялық талдау мен таңдауға қарағанда әлдеқайда қиындау 
үдеріс.
Іскерлік стратегияны жүзеге асыру үшін төмендегі жағдайларды 
ескеру қажет: ресурстар негізінің тепе-теңдігі; ұйымның құрылымы 
мен мәдениетінің көзделген стратегияны қабылдауға дайындығы
стратегияны іске асыру барысында менеджменттің өзгерістерге 
дайындығы; кешеннің даму бағыттары туралы материалдық-
техникалық шешімдерді негіздеу; ұсынылған стратегия және сапа 
мәселелерін өндіріс деңгейіндегі ұйымның дайындығы; бизнестің 
ішкі және сыртқы қатысушыларына осы стратегияның әсері және 


15
т.б.
Жалпы стратегия үдерістерін мынадай сызбамен бейнелеуге 
болады:
1-сурет. Стратегия үдерісі
Стратегиялық басқарудың ерекшеліктері.
Стратегиялық басқарудың мүмкіндіктері шексіз. Стратегиялық 
басқаруды пайдаланудың бірнеше шектеулері бар.
Біріншіден, стратегиялық басқару өзінің мәніне қарай 
болашақтың дәл және егжей-тегжейлі суретін бермейді және бере 
де алмайды. Стратегиялық басқаруда жасалынатын ұйымның 
қажетті болашағын бейнелеу – бұл оның ішкі жағдайы мен сыртқы 
ортадағы орнын егжей-тегжейлі емес бейнесі, дұрысында ол ұйым 
болашақта қандай жағдайда болуы қажет, нарықта және бизнесте 
ол қандай орын алуы керек, қандай ұйымдық мәдениеті бар болуы 
қажет және т.б. деген сұрақтардың жиынтығы. Сондай-ақ осының 
барлығы ұйымның болашақта бәсекелестік күресте жеңіске жете 
ме, жоқ па екенін анықтауы қажет.
Екіншіден, стратегиялық басқару ескі ережелер мен 
процедуралардың тәртібімен жүргізіле алмайды. Оның белгілі 


16
бір міндеттерді шешу кезінде немесе белгілі жағдайларда нені 
және қалай жасайтынын белгілейтін теориясы жоқ. Стратегиялық 
басқару – бұл бизнес пен менеджменттің белгілі бір философиясы 
немесе идеологиясы. Яғни әр менеджер стратегиялық басқаруды өз 
білімімен және біліктілігіне сай қабылдап, жүзеге асырады. Әрине, 
стратегияны таңдау мен оның проблемасын талдаудың, сондай-
ақ тәжірибеде жүзеге асырудың бірқатар ережелері, сызбалары, 
ұсыныстары бар. Ал тұтастай қарастырғанда тәжірибеде 
стратегиялық басқару, бұл:
- жоғарғы басшылықтың ұйымды стратегиялық мақсаттарға 
алып барудың интуициясы мен өнерінің симбиозы;
- ұйымның ортамен байланысын, ұйымның және оның 
өнімінің жаңаруын, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың жүзеге 
асуын қамтамасыз ететін қызметкерлердің кәсіпшілігі мен 
шығармашылығы;
- барлық жұмысшыларды ұйым міндеттерін жүзеге асыруға, 
мақсаттарға жетудің өте жақсы жолдарын іздеуге белсенді енгізу.
Үшіншіден, ұйымда стратегиялық басқару процесі жүзеге 
асырыла бастау үшін уақыт пен ресурстардың үлкен шығыны 
және белгілі бір күш жұмсау қажет болады. Қоршаған ортаны 
зерттеуді және ұйымды қоршаған ортаға енгізуді жүзеге асыратын 
бөлімшелерді жасау қажетті. Маркетинг, қоғам мен байланыс және 
т.б. бөлімдер ерекше маңыздылыққа ие болуда және елеулі қосымша 
шығындарды қажет етеді.
Төртіншіден, стратегиялық алдын ала болжаудың қателерінің 
теріс салдары тез күшейеді. Аз уақыт ішінде мүлде жаңа өнімдер 
жасалады, салымдардың бағыттары ауыстырылады.
Бесіншіден, стратегиялық басқаруды іске асыру кезінде екпін 
стратегиялық жоспарлау алдыңғы қатарға шығады. Алайда, бұл 
аз, себебі стратегиялық жоспарлау, алға қойған міндеттердің 
сәтті орындалуын қамтамасыз етпейді. Шынында стратегиялық 
басқарудың маңызды құрастырушысы болып стратегиялық 
жоспарды жүзеге асыру болып табылады. Ал бұл ең алдымен 
стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретін ұйымдық мәдениетті 
жасау, еңбекті мотивациялау және ұйымдастыру жүйесін жасау, 
ұйымда белгілі бір икемділікті жасау және т.б. Өмірде орындау 
процесі жоспарлаумен қарама-қайшылықта болады. Орындау 
кезеңінің маңыздылығы артады. Стратегиялық жоспарлау қанша 


17
жақсы жүргізілгенімен, оның жүзеге асуы алғышарт емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет