2. Бала дамуына әсер ететін әлеу-
меттік, биологиялық факторлар-
лардың орны. Жеке адамды дамыту-
дағы басты факторлардың бірі – тәр-
бие. Тәрбие балалардың жеке және
дербес ерекшеліктеріне, дайындығы
мен дәрежесіне лайық іске асырылып,
тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін
ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші
алдын ала жасалған арнаулы жоспар
бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа
бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің
құралдары мен әдістерін және фор-
маларын іздестіреді, оларды тиімді
пайдаланады. Тәрбиенің орнын пе-
дагогика тарихында ерекше бағалау-
шылар да болды. Ағылшын ағар-
тушысы Джон Локк (1632-1704):
«Тәрбие – адамның көзқарастары
мен адамгершілік қасиеттерін жа-
сайтын негізгі құрал, адам тәрбие
арқылы жақсы болады», – деген пікір
айтты. Бала өмірге келгенде, оның
жаны сүттей ақ, судан таза деп, тәр-
биенің ролін аса дәріптеп, тұқымқуа-
лаушылық пен әлеуметтік ортаның
баланың қалыптасуындағы ролін
бағаламайды. Демократ, ағартушы
В.Г. Белинский (1811-1848) баланың
жаны таза тақтай емес, тақта да са-
палы, жазу да әдемі болуы керек деді.
Ол тәрбиенің ролін жоғары баға-
лап, адам дамуындағы тұқымқуа-
лаушылық пен ортаның әсерін де
ескерген жөн деді. Ағылшын ағарту-
шысы Д. Локктың көзқарасы бойын-
ша, тәрбие арқылы адамды түрлі
26
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқа-
руға болады. Демек, тәрбие арқылы
адам баласының тұрмысын жақсар-
туға және санасын өзгертуге болады
деген жорамал ойға келді. Тәрбиеші
тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әре-
кеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи
және әлеуметтік ортаға көзқарасын
дамытады. Тәрбие жұмыстарының
сара жолдарын табу нәтижесінде ба-
ланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық
сезімі мен талғамы артып, адамгер-
шілік сапасы қалыптасады. Мектеп
мемлекет қолындағы ақпарат құрал-
дарды негізінде (баспасөз, радио,
теледидар) көмегімен оқушыларға
тәрбие береді, сондай-ақ мемлекет-
тің саясатын жүргізеді. Баланың
жеке басының дамуы мен қалыпта-
суына ықпал ететін үш фактордың
ішінен тәрбие адамның дамуына
орасан күшті ықпал етіп, тұқымқуа-
лаушылық пен ортаның ықпалына
белсенді әсер етіп, баланың дамуын
қоғам талаптарына сәйкес бағыттап,
белгілі бағытта баланың өмірі мен
іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ор-
тадағы жағдайлардан тұлға дамуы-
на қажетті материалдарды іріктейді,
жеке бастың дамуына теріс, зиянды
әсер қалдыратын жағымсыз ықпал-
дардан аластайды. Осы тұрғыдан
кел генде, тәрбие – аға ұрпақтың жаңа
ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені
беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге,
еңбекке дайындау арқылы қоғамның
алға қарай дамуын қамтамасыз ете-
тін процесс. Сонымен, тәрбие бала
дамуын бағыттайды, басқарады, сон-
дықтан да ол – баланы қалыптастыру-
дағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш
болғандықтан, оның жетімсіздігі,
әлсіздігі баланың қалыптасуына кері
әсер етуі мүмкін.
Жеке тұлғада кездесетін акселера-
ция құбылысы оның әлеуметтік және
педагогикалық мәні қоғамдық ортада
негізгі проблемалардың бірі болып
табылады. Адамның өсіп-жетілуін-
де белгілі заңдылық болады. Ал бұл
заңдылық әр балада әрқалай болады.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олар-
дың жас және жеке ерекшеліктерін
білу қажет. Мектептегі кезеңнің өзі
бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз
жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп
оқушылары (15-18-ге дейін) болып
үшке бөлінеді. Баланың дене дамуын-
дағы ең маңыздысы – орталық жүйке
жүйесі, өйткені адамның психикалық
әрекеттері осы орталық жүйке жүйе-
сіне байланысты болады. Балалар-
дың дене және психикалық дамуында
соңғы жылдары айқындалған күрделі
өзгерістердің бірі – ағзаның жедел
дамуы. Бұл құбылыстарды акселера-
ция (лат. « acceleratio» – үдеу, жедел-
дету) деп аталады. Акселерацияға тән
ерекшелік – балалардың бойының,
салмағының, бұлшық еттерінің же-
дел түрде өсіп-жетілуі. Акселерация
құбылысы тұрғысынан қарағанда
27
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
қазіргі жеткіншек балалардың бойы
биік, иықтары қысыңқы, кеудесі
қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні
бұрын тез жетілген ағзаның ауруға,
суыққа және дене салмағына төзімсіз
келуі анықталуда. Ересек жастағы ба-
лалар жыныс мүшесі жетілу кезінде
тез шаршайды. Осындай тез өсетін
ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы
бірнеше есе жетілмей қалады да, өз
міндеттерін атқара алмайды. Ал ба-
ланың психикалық жетілу деңгейі
артта қалады. Осы мәселені ата-ана-
лар, мұғалімдер ескеріп отыруы қа-
жет. Акселерация – биологиялық фак-
тор, әлеуметтік жағдайлардың жақ-
саруы, сонымен бірге радиотолқын-
дардың және географиялық-климат-
тық жағдайлардың өзгеруі аталған
құбылыстың пайда болуына әсер
етті. Әрине, акселерация құбылысы
жайлы түпкілікті қорытынды шығару
ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді
қажет етеді, дегенмен акселерацияға
байланысты мектеп жиһаздарына,
сырт және аяқ киімдерінің үлгіле-
ріне, дене шынықтыру және жат-
тықтыру кешендеріне қайта қарауға
тура келіп отыр. Акселерацияның
ақыл-ой дамуына ықпал жасайтын-
дығы байқалуда. Сонымен, адамның
дамуы өзара байланысты бірнеше
факторлардың ықпалымен жүретін
күрделі педагогикалық, психология-
лық процесс болып табылады.
Жеке тұлғаға тән белсенділіктің
табиғатын тани білу, еңбек және мо-
ральдық белсенділік дәрежесі бойын-
ша адамның қоғам мен ұжым үшін
жарамдылығын жете анықтау – мұға-
лімнің басты міндеті. Белсенділік
деп адамның іс-әрекеті үстіндегі жағ-
дайын айтады. Өмір сүру іс-әрекеттері
барысында адамның қарым-қатынас
жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу
белсенділігі дамиды. Бала белсенділі-
гінің ең алғашқы формасының бірі –
қарым-қатынас жасау белсенді лігі.
Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын
белсенділік. Балалардың жас ерекше-
ліктеріне сәйкес басқа адамдармен
қарым-қатынас жасау белсенділігінің
мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп
жасына дейінгі балалар ересек адам-
дардың әрекеттеріне үңіле қарап,
үйренеді, оларға еліктейді. Балалар-
дың саналы түрдегі мұндай әрекет-
терін ырықты немесе ерікті белсен-
ділік дейді. Бұл жастағы балалар-
дың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қарым-қатынас жасау-
ға еліктеуі рольге құрылған ойын-
дарды атқару барысында байқалады.
Ойын барысында балалардың құр-
дастарымен өзара қатынасы өзгереді.
Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі
рольдік ойындарды атқара отырып,
әлеуметтік өмірдің, өндіріс қатынас-
тарының мазмұнын түсінеді. Әр
түрлі ойын баланың дүниетанымын
кеңейтіп, қарым-қатынас жасау бел-
сенділігін дамытады. Қарым-қатынас
жасау белсенділігі жеке адам қасиет-
терінің (қайырымдылық, қамқорлық,
28
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғыза-
ды. Баланың даму барысында таным
белсенділігі артады. Оқушылардың
өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру
үшін олардың жас және дербес ерек-
шеліктерін еске алып, оқу-тәрбие
жұмысының барысында сана-сезімін
ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге
үйрету – мұғалімнің басты міндеті.
Мұғалім оқушының білімге, өнерге
қызығушылық ынтасын, спорт ойын-
дарына құштарлығын анықтайды,
өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін
жұмыстардың тақырыптарын ақыл-
ой, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен
ұштастырып алады. Баланың өзін-
өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық
жұмыстарға байланысты тапсырма-
лар беріп, орындау арқылы дамытуға
болады. Мысалы, сынып старостасы,
тазалық секторы, спорт секторына
жауапты болу, т.б. Осындай тапсыр-
маларды дер кезінде сапалы орындап
отыруға балаларды үнемі жаттықтыру
мен дағдыландыру – мұғалімнің және
тәрбиешінің негізгі ісі. Оқушылар-
дың жас ерекшеліктері мен жеке қа-
білеттерін ескере отырып, барлығын
тапсырмалармен, яғни түрлі қоғам-
дық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету
керек. Егер тапсырма балаға бұйрық
есебінде немесе көтеріңкі дауыспен
берілсе, онда ол іштей наразылық
білдіріп, тапсырманы орындамай,
аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан
мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты
және ұстамды болуын естен шығар-
май, тапсырманы тыңғылықты орын-
дау үшін балаға рухани күш беріп,
сенім білдіреді. Кейбір баланың ерік-
тік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол
бірінші қиыншылықты сезісімен-ақ
қоғамдық тапсырманы орындау-
дан бас тартады. Мұндай сангвиник
балаға көмек бере отырып, оның
намысына тимей, тапсырманы орын-
дауын табандылықпен талап ете білу
керек. Сонда ғана баланың ісінде
жаңа қарқын туып, ол алдына қойған
мақсатын орындаудың қажет еке-
нін сезінеді. Адамның еңбекте және
адамдармен қарым-қатынаста көр-
сеткен белсенділігіне қарап, оның
қоғамға және ұжымға жарамдылығын
жете анықтау мұғалімнің басты мін-
деті. Әлеуметтік мәні жоғары педоло-
гия туралы зерттеулердің нәтижелері
ғалымдар арасында үлкен пікірталас
тудыруда. Бала туралы синтезді, ке-
шенді ғылым болып табылатын педо-
логия ғылымының негізгі зерттеулері
сауалнама мен тест әдістерін шама-
дан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы
ғылымның «Бала ой-өрісінің дамуы
түрліше болып, әлеуметтік ортасына
қарай олардың ойы, зердесінің дең-
гейі біреуде жоғары, біреуде төмен бо-
лады» деген тұжырымдарды жалған
деп есептелуімен байланысты. Пе-
дология бала туралы ғылымдарды,
яғни психология, педагогика, пси-
хотехника, т.б. кешенді түрде бірік-
тіретін, баланың жан жүйесі жайлы
жан-жақты мағлұмат беретін синтез-
29
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ді ғылым болып табылады. Белгілі
ғалым, про фессор Х. Досмұхамедов-
тың педология саласында жүргізген
зерттеулеріне ғылыми әділеттілік
тұрғысынан қарасақ, оның пікірінше,
қазақ баласының шыр етіп дүниеге
келгеннен бастап кәмелетке толғанға
дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдың
құшағында өтеді, әдетте оның бірін-
ші еститін үні анасы айтқан бесік
жырының әуені деп сипаттайды. Қа-
зақ баласын тәрбиелеуде дыбыстық
ырғақтардың басты орынға шығуына
қазақтардың өмірін кез келген жағ-
дайында өлең шығарып, ән айтуы
себеп болған. Профессор Х. Дос-
мұхамедов осы саладағы ғылыми
еңбектерін қорытындылап үлгермеді.
Ғалым өз еңбектерінде бала психоло-
гиясының қалыптасу жолдарын қазақ
халқының ұлттық психологиялық
ерекшеліктерін негіздей отырып тү-
сіндірген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |