30
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ліктерін анықтауға баланың дамуын
үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қа-
растыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан
елеулі өзгерістер болатынын алға
тартады. Мәселеге бұлайша қарау
балалардың дене және психикалық
дамуының бірқатар кезеңдерін бел-
гілеуге мүмкіндік береді.
Осының
не гізінде мектеп жасындағы балалар
мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін
мы надай кезеңдерге бөлу қабылдан-
ды:
1) бастауыш сынып жасындағы
кезең (6 жастан 10 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жет-
кіншектік кезең (11 жастан 14 жасқа
дейін);
3) орта мектеп шағындағы жас-
өспірімдік кезең (14 жастан 17 жасқа
дейін).
Соңғы жылдары қабылданған жас
кезеңдерінің сызбасына жаңа ту ған
баладан бастап жасөспірімдік ке-
зеңдерге дейінгі өзгерістер кіреді.
Олар дың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен
бір-екі айға дейін);
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан
бір жылға дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3
жасқа дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ
(4 жастан 6 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (6 жас-
тан 10, 11 жасқа дейін);
6. Жеткіншек шақ (10, 11 жастан,
14 жасқа дейін);
7. Жасөспірім шақ (14 жастан,
17 жасқа дейін).
Тәрбие
мен оқыту осы жас са-
тыларына сәйкес жүргізілуі керек.
Әрбір жас шағы психикалық да-
мудың ерекше сапалы кезеңі бо-
лып табылады және бала дамуының
осы кезеңіндегі жеке басының өзін-
дік құрылымының жиынтығын құ-
растыратын көптеген өзгерістер мен
сипатталады. Осыған байланысты
әрбір педагог-маман орта мектеп
оқушыларының жас кезеңдерінде-
гі ерекшеліктерге сергек те сезімтал
көзқараспен қарап, олардың жан дү-
ниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке
дейінгі балалық шақта, жас баланың
4 пен 6 жасының аралығындағы өзіне
тән ерекшеліктері, оның айналасын-
дағы болып жатқан құбылыстарды
жіті аңғарып, көргені мен сезін-
гендерін зердесіне хаттай жазып
қоятын зеректігін ескерген жөн.
Әрдайым қозғалыс үстінде жеті-
ле дамыған балалардың денесі мен
салмағы да бірқалыпты мөлшерді
сақтап, өсіп отырады. 4-5 жасар ба-
лалардың салыстырмалы ойлай ала-
тын қабілеттері ерекшелене түседі.
Санамақтарды
әжептәуір игеріп, аз
және көп сандарды, айдың, күн, жыл
мезгілдерін айыра алатын деңгейге
жетеді. Бұл жастағылардың ойыны,
әрбір әрекеттері мазмұнға айналып,
белгілі бір мақсаттарды орындауға
ұмтылыс жасайды. Мұндай жастағы
балалар топ-топ болып, өзара бірігіп
31
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ойнағанды жақсы көреді. Баланың
мектепке 6 жасында баруы – негізі-
нен биологиялық және физиология-
лық
заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дені сау
боп дүниеге келген балалар, қашан
да алғыр, зерек, бір нәрсені ұғып
алуымен ерекшеленеді. Олар айна-
ласындағы құбылыстарды тез байқап
қабылдауға да бейімді. Жете түсінген
құбылыстарын өмір бойы ұмытпай-
тындықтары да белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: