6. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта
тәрбиелеу. Тәрбие процесінде мұға-
лім, мектеп, отбасы және қоғамдық
ұйымдардың күш-қуатын үйлесімді
педагогикалық бірізділікке бағыттау
қажет. Тұлға өзін өмірде сирек кезде-
сетін ерекше феномен деп қарайды.
Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің,
отбасының және қоғамның педаго-
гикалық күш-жігерінің бірлігі мен
қызмет етуін қажет етеді. Бала тәр-
биесінде отбасының ролі көп жағ-
дайда жаңа әлеуметтік қатынастарға
байланысты. Ол ата-аналар мен
мектептің және қоғамның арасын-
дағы нарықтық еңбек жағдайында
қатысады. Отбасындағы тәрбиеге
көмек ретінде елімізде демеушілер
мен қайырымдылық жасаушылар,
әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері
мен қамқорлық қорғау кеңестерінің
жұмысы да ұмтылуда. Тұлғаның са-
паларын қалыптастыру бір мезгілде,
кешенді түрде жүргізілетіндіктен,
педагогикалық ықпал да кешенді
сипатқа ие болуы тиіс. Жасөспірім-
дердің өздеріне сын көзбен қарама-
уы, жауапкершілікті сезінбеуі ата-
аналары мен мұғалімдерді босқа ма-
засыздандырып отырған жоқ. Мектеп
пен отбасындағы балалар тәрбиесі-
нің ең маңызды міндеті – оларды қа-
жетті өмір сүру процесіне дайындау.
Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз
жайды сезініп, сонымен күресуден
бастайды. Біреуі – бойындағы бе-
рекесіздіктен, екіншісі – дөрекілік-
тен, үшіншілері тұйықтықтан, ұял-
шақтықтан арылғысы келеді. Мақ-
сат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі
бақылау мен өз ісіне талдау жасап
отыру – өзін-өзі тәрбиелеудің мін-
детті бағытын құрайды. Оқушылар
18
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын
қалай жасауды жақсы елестете ал-
майтындықтан, оларға жиі-жиі көмек
көрсетуге тура келеді. Олар өзінің
ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына
талдау жасауға қиналады. Тәрбиеші-
лер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің
маңыздылығын түсіндіретін арнау лы
әңгімелер немесе пікірталастар өткі-
зеді. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
Жеке міндеттеме – белгілі мерзім
аралығында өзі атқаратын міндеттер-
ді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-
өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас
өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз
кемшілігін жою үшін қолданады. Үй
тапсырмасын орындауға, таза жазу-
ға, оларды байсалдылықпен ойла нып
істеуге жаттығып, оны әр уақытта
қай талап, орындауға күш-жігерін
жұмылдырады. Оқушы белгілі бір
міндетін орындауда енжарлық көр-
сеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі
бұйыру әдісін қолданады.
– өзіндік есеп беру – қоғам-
дық жұмысты атқару, баланың өз
іс-қылығына жауаптылығы, жол-
дастарымен тәжірибе алмасуы.
– өз іс-қылығына талдау жасау –
өзінің кейбір қылықтарына сын көз-
бен қарап, себебін білгісі келуі, оны
жоюға тырысуы.
– өзін-өзі бақылау – кемшілікте-
рін болдырмау үшін жағымды мі-
нез-құлықтарын дамыту мақсатында
күнделік жүргізу. Өзіне баға беру –
мінез-құлықтарының кемшіліктерін
жою үшін баланың өзін-өзі тәрбиеле-
уі. Орыс педагогі К.Д. Ушинский жа-
саған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері:
– өте сабырлылық, тіпті болмаған-
да, сыртқы сабырлылықты сақтау;
– турашылдық;
– ойлы әрекет;
– шешімділік;
– өзің туралы қажет болмаса бір
сөз айтпау, сапасыз бос уақыт өт-
кізбеу;
– не істесең де еріктісің, бірақ кез-
дейсоқ істен сақ бол;
– қажетті немесе керекті іспен
ғана айналыс, көрсеқызар болма;
– бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба;
– әркез ағыңнан жарылма, өз ісің
туралы өзіңе жауап беріп отыр.
Бұл ережелерді әлі де толықтыруға,
жетілдіруге болады. Кейбір кездері
адам өз алдына игі бір биік мақсат
қойып, өз бетімен ізденіп, өзін-өзі
тәрбиелеп жетілдірудің жолдарын өзі
қарастырады. Содан әсерленіп қанат-
танған ішкі сезімдері арқылы білімді
қажетсініп, нәтижесінде мақсатына
жету үшін табандылықпен ізденеді.
Адамзат баласының тарихында он-
дай мысалдар көптеп кездеседі. Та-
рихта белгілі шешен Демосфен жас
кезінен шешендік өнерді меңгеруді
армандайды. Алайда көпшілік ал-
дындағы алғашқы сөзінде-ақ сәтсіз-
дікке ұшырайды. Оның даусы тым
бәсең, сөздері ұйқаспай, тілі күрме-
ліп, сөйлей алмайды. Соны сезген
қауым оны тыңдамай, тыжырынады.
19
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
Оның орнында басқа біреу болса,
бұл масқарадан кейін тауы шағылып,
қолын бір-ақ сермеп, жайына кете
барар еді. Демосфен өйтпеді. Ол ел-
ден оқшауланып, теңіз жағасынан үй
салып, дауылды күндері, бұрқ-сарқ
болып жағаны ұрып жатқан толқынға
қарап, сағаттап суырып салма сөзде-
рін қарша боратып, бар даусымен
сөйлейтін. Тіліндегі кемістігін жою
үшін, тілінің астына малта тастар
салып алатын болған. Сондай жанқи-
ярлық, табандылық пен ерік-жігер
Демосфенді дегеніне жеткізді. Ол
әлемнің айтулы ұлы шешеніне айна-
лады. Талай ұлы адамдар өзін жаман
әдеттерден арылтып, жақсы қасиет-
терді дарыту мақсатымен жұмыс іс-
теген. Соқтықпалы-соқпақсыз жерде
өсіп, мыңмен жалғыз алысқан ғұла-
ма-ойшыл Абай да «өзін-өзі тәрбие-
леп, өзін-өзі білімдар еткен» бола-
тын. Қазақтың жас ойшыл ақыны
С. Торайғыров: «Жұлдыз болып көр-
меймін елдің бетін, болмасам толып
туған толық айдай» немесе «Қараңғы
қазақ көгіне күн болмағанда кім бо-
лам» деген жігерлілік пен ерлікке
толы батыл сөздері өзіне және бола-
шақ жастарға арнап айтқан.
Профессор С.Я. Долецкий айт-
қандай, біз өз қателігімізді ойша ай-
тамыз да, өзімізге-өзіміз кешірім
жасап, кейін оны ұмытып кетеміз.
Егер біз оны дауыстап айтатын бол-
сақ, онда өзіне-өзі кешірім жасау
қиынырақ болады. Өзін-өзі тәрбие-
леу әдістері: өзін-өзі сендіру. Оқу-
шы өзін жақсы ұстап, жаман қылық
жасамауға сендіреді. Темекі тар-
туды қойғысы келетін адам: «Мен
енді темекі тартпаймын» деп, өзі-
не-өзі сенімді түрде айтуы тиіс.
Өзін-өзі сынау әдісі – дөрекілігі
үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз
тарапынан мұның мәдениетсіздік,
жексұрындық екенін, тәрбиелі адам-
ның ондай іс істемейтінін, әбден өзі
арылғанша қайталап айтумен бо-
лады. Өзін-өзі тәрбиелеуде – өзін
ойша өзгенің орнына қою арқылы өз-
гемен санаса білудің (эмпатия) үлкен
тәрбиелік мәні бар. Өзін-өзі жазалау
әдісі – алдына қойған міндетті орын-
дау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып
оқушысы қызықты киноға баруға би-
лет алады. Алдында сабағына шала
әзірленіп, екі алып қала жаздағаны
ойына оралып, келесі сабаққа жөн-
ді әзірленбегені есіне түсіп, кинодан
бас тартады. Өзін-өзі тәрбиелеудің
құрамды бөлімдері:
• өз кемшілігіне сын көзбен қарау,
мақсат қою;
• өзін-өзі тәрбиелеудің кестесін
жасау;
• әдістерін анықтау;
• аутотренинг – жеке тұлғаның өзі-
не жаттығу жүйесін әзірлеуі;
• өзін-өзі бақылау.
Тәжірибеде оқушы тәртібінде жә-
не мінез-құлқында ауытқулар кезде-
сіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу
жұмысында қайта тәрбиелеу де үлкен
орын алып, оқушы ауытқулардың ал-
20
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
дын алуға және жеңуге бағытталады.
Қайта тәрбиелеу тұлға құрылымын
қайта құру, адамның барлық психо-
логиялық сапаларын қайта жасау.
Түзету – оқушы санасындағы және
іс-әрекетіндегі жеке кемшіліктер-
ді жеңу. Қайта тәрбиелеу – тәрбие-
лік ықпалдар жүйесі барысында
құлықтық даму мен іс-әрекеттегі
ауытқуларды түзетіп, қоғамның мо-
ральдық талаптарына сай тұлғаны
қалыптастыру.
Қайта тәрбиелеу тұлғаның мо-
тивтері мен қажеттіліктерінің, се-
зімдері мен еркінің, түйсіктерінің,
іс-әрекеті мен мінез-құлқының
әлеуметтік-психологиялық өзгеру
процесі, қиын балалардың орынды
сапаларын қалпына келтіру, педа-
гогикалық тұрғыда қараусыз қалған
балалардың
жүріс-тұрысындағы
кемшіліктердің орнын еңбектегі,
спорттағы және басқа іс-әрекеттегі
нәтижелермен толтыру. Қайта тәр-
биелеуде қайта ұғындыру, қайта
оқыту, басқа іс-әрекетке бейімдеу,
күрт өзгерту, еріксіз көндіру сияқты
әдістер қолданылады. Қайта ұғын-
дыру – бұл тәрбиесі қиын балалар
және педагогикалық тұрғыда қарау-
сыз қалған оқушылар бойындағы
қате көзқарастарын өзгерту әдісі.
Қайта тәрбиелеу теріс қажеттілік-
тер мен дағдыларды түзету, жақсы
істерге тәрбиелеу әдісі болып та-
былады.
Достарыңызбен бөлісу: |