Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет7/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   195
кітап тарбие туралы

3. Тәрбиенің мақсат-міндет-
тері. Қазақстан Республикасының 
2009 жылғы 16 қарашада жарық 
көрген «Үздіксіз білім беру жүйе-
сіндегі тәрбие» тұжырымдамасында 
«жеке тұлғаның жан-жақты үйлесім-
ді дамуы» туралы проблема негізге 
алынған. Қазақстан Республикасында 
тәрбие берудің негізгі мақсаты – Қа-
зақстанның егемендігін қамтамасыз 
ететін, оны дүние жүзіне мойында-
татын, онымен тең қарым-қатынас 
жасап, қазақстандық патриотизмді, 
саяси бостандықты қамтамасыз ете-
тін, нарықтың іргетасын қалап, эко-
номикалық бостандыққа қол жеткізе-
тін, жан-жақты дамыған тұлғаны тәр-
биелеу болып табылады. Тәрбиенің 
мақсатынан міндеттер туындайды. 
Дүниетаным – тәрбиенің маңызды 
міндеттерінің бірі. Дүниетаным – 
адамның табиғат пен әлеуметтік орта, 
қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты 
туралы көзқарастарын құрайды. Дү-


14
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
ниеге көзқарас – ғылым негізінде дү-
ниенің даму заңдылықтарын танып 
білу. 
Ақыл-ой тәрбиесі оқушылар-
дың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми 
көзқарасын қалыптастыру, ғылыми 
білім жүйесін меңгертуге бағытта-
лады. Ақыл-ой тәрбиесінің басты 
міндеттері: оқушыларды табиғат 
және қоғам жайындағы ғылыми бі-
лімдермен қаруландыру; ойлау қабі-
летін жетілдіру арқылы (абстрактілі, 
ой операцияларын талдау, синтездеу, 
салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) 
таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, 
бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, 
т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын 
қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие-
сінің міндеттері: ізгілік, адалдық, ба-
тылдық, төзімділікті қалыптастыру; 
адамға 
сүйіспеншілік, 
құрмет, 
қайырымдылық сезімін дамыту; оқу-
шыларды өз міндетіне, өзгенің мүд-
десіне байыпты қарауға үйрету; өз 
Отанын сүюге, мемлекеттің рәмізде-
рін құрметтеуге тәрбиелеу.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мін-
деттері: оқушыларды іскерлікке, 
еңбек дағдысына үйрету; оқушылар-
ды халық шаруашылығының бас-
ты салаларымен, еңбек түрлерімен 
таныстырып, мамандық таңдауға 
тәрбиелеу; озық еңбек дәстүріне тәр-
биелеу. 
Эстетикалық тәрбие міндеттері: 
бейнелеу өнері (кескіндеме, графика, 
мүсін), көркемөнер шығармашылығы 
(көркем әдебиет, музыка, театр, 
кино) арқылы баланың сезімдері 
мен талғамдарын дамытып, сұлулық 
туралы ұғымдарын қалыптастыру; 
эстетикалық құралдарды пайдала-
нуға дағдыландыру; әсемдікке өз 
үлесін қосуға тәрбиелеу. 
Дене тәрбиесінің міндеттері: оқу-
шылардың ағзасын дамыту; жастар-
ды еңбекке, Отанын қорғауға даяр-
лау; төзімділікке, батылдыққа, епті-
лікке, іскерлікке тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет