Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет149/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   195
кітап тарбие туралы

Табиғатпен тілдесу
Табиғат,
Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қыр-
дан.
Сен көлсің,
Сен – ормансың,
Сен бұлбұлсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Сен – жерсің,
Сен – жарықсың,
Сен – адамсың,
Сен – гүлсің,
Сен – ауасың,
Сен – Анамсың.
Бәрі сен мына жарық дүниесің, 
Шабытын ақын біткен сенен 
алсын,
Ешкімге етпеп ең ғой сен алалық.
Қарайсың тіршілікке неге налып.
Жайнатып сені мәңгі әкетейін
Әкелші, дертің болса, мен-ақ 
алып!
Табиғаттың қасіретін түсініп, қол-
дан келгенше аялап, келешек ұрпаққа 
табыс ету – бүгінгі біздің міндетіміз. 
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мақса-
ты да осы. 
1-оқушы:
Қайырлы түн!
Жер анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман
Тәтті ұйқыда дамылда!
Орманың да шуламасын, суларың 
да туламасын,
Ақ басты ала тауларың да
Күңіренбесін, жыламасын. 
2-оқушы:
Шамыңды өшір, түсіре ғой пер-
деңді,
Қайырлы түн, Алып жер!
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді.
Таптамасын танктер.
Қайырлы түн,
Көк аспан, алып жерді төсен де,
Таңға дейін тәтті ұйқыда толаста, 
ұшырама кеселге.
3-оқушы:
Қайырлы түн!
Көк аспан алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара ашып, жап 
шыққа
Сенің нұрың тыныштықпен жа-
расқан
Қайырлы түн! Ұйықта.
Шашу болып жұлдыздарың ша-
шылды,
Айың келіп, ақ мойныңа асылды.
Шәліге орап, әлдилеген құс жолы
Тыныштық деп аталатын жас 
ұлды. 
4-оқушы:
Адамға табиғатсыз өмір бар ма?
Не қиын кезеңдерге төзді ол да.
Дария орта түсіп, теңіз қашып,
Табиғат бұлқынады қыл бұрауда.


254
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
5-оқушы:
Табиғат адамдарға нәр береді
Сәмбі тал саз кешеді, сәнденеді
Өртенген жетім тоғай жәутең 
қағып,
Мұңайып сездіреді әлденені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет