250
3-тарау. Жалпы білім беретін орта
мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
Сынып жетекшісі: Құрметті
қо нақтар, оқушылар! Біздің еліміз –
бүкіл
әлем қауымдастығы мойын-
дап отырған тәуелсіз, егемен мемле-
кет. Әр мемлекеттің өз заңы болады.
Президент Н.Ә. Назарбаев: «Заңды
білу – заман талабы» деген болатын.
Көптеген азаматтар санасында құқық
ұғымы – жазалау, соттау, құқық
бұзылуы ұғымына байланысты тү-
сінеді. Ал құқық –
әлеуметтік әді-
леттілік, теңдік, ізгілік және қоғамға
негізделген тәртіп ережелері. Бүгінгі
тәрбие сағатымызда құқық ұғымын
мемлекет тәртібі, құқық адамдар
арасындағы,
өндірістік қарым-қа-
тынасты реттеуші құрал ретінде қа-
растырамыз. Ол үшін мектебіміздегі
8-сынып оқушылары өзара коман-
далық сайысқа түсіп,
құқық туралы
өз білім-біліктілігін ортаға салады.
Олар – 8, «А» сыныбының құрама ко-
мандасы «Жас заңгер» тобы және 8,
«Ә» сыныбының құрама командасы
«Бала би» тобы.
Қазылар алқасында:
1. Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.
2.
Мектеп инспекторы немесе
құқық қорғау органының өкілі.
3. Ата-аналар комитетінің өкілі.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқару
ұйымының өкілі (Сынып жетекшісі
әрқайсысын таныстырады).
Ал енді сайысымызды бастаймыз.
Командалар топтарымен алдын ала
белгіленген орындарға жайғасады.
Сайыстың 1-бөлімі «Ой сергіту».
Толық жауап берілген кезде баға-
лануы «5» балл.
Әр топқа 11
сұраққа жауап
дайындау ұсынылады. Уақыт мөл-
шері – 5 минут.
Достарыңызбен бөлісу: