Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет152/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195
кітап тарбие туралы

 Қорытынды
3.9. Дене тәрбиесіне арналған 
тәрбие сағаттарының үлгісі
Тақырыбы: Жігіт сұлтаны
Мақсаты: Оқушыларды рухани, 
интеллектуалды жағынан дамыту 
және өз тарихын, мәдениетін қастер-
леуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Жігіттер туралы
нақыл сөздер жазылған слайд, газет
шығарылады. 
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, 
оқушылар сіздерді «Жігіт сұлтаны»
сайысына қатысуға шақырамыз. 
2-жүргізуші:
Кездесер күн бүгінгі
Жүректер дүрсілдеуде.
Қырандай бір-біріңмен
Жарысуға келдіңдер ме?
1-жүргізуші:
Бәрі де қолдарыңда,
Қандай жол таңдайсыңдар?
2-жүргізуші:
Әділдікпен баға берер жігітке,
Әділдікпен қара қылды қақ жаратын
Әділқазы алқаларын сайлайық
Ер жігітті таңдап бүгін алуға.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаз-
дар, оқушылар! Қазылар алқасын 
таныстыруға рұқсат етіңіздер. Төрт
әділқазылар алқасының мүшелері 
сайланады. Әрқайсысына бағдарла-
ма жазылған қағаз беріледі. Баға
нөмірлері таратылады (3, 4, 5). 
2-жүргізуші: 
Өмірге талаптанған
Өршіл ой, армансыңдар.
Қиялға қанаттанып,
Алысқа самғарсыңдар, – дей
отырып сайыскер ұлдарымызбен
танысайық.
Ұлдар өздерін таныстырады.
1-жүргізуші: 
Өнерлі өрге жүзеді талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат-
танып.
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу,


257
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Жүрген соң Адам деген атақты
алып, – дегендей, ендігі кезең өз
өнерін көрсету.
Ұлдар өз өнерлерін көрсетеді.
2-жүргізуші: 
Спорт – біздің досымыз,
Күш-қайратың сыналған.
Спорт біздің досымыз,
Бала кезден шыңдаған, – дей
келе сайысымыздың 3-бөлімі «Күш
сынасуды» бастаймыз.
 1-жүргізуші:
Білекті бірді жығар, Білім-
ді мыңды жығар, – дей отырып, 
сайысымыздың 4-бөлімі «Сұрақ –
жауап».
Ұлдарға ұлттық ұғымдар бо-
йынша сұрақтар қойылады.
Ұл ты мыздың әр сөзі
Асып жатыр кәдеге.
Жігіт сұлтаны мінеки
Келіп жетті мәреге.
Әділқазылар алқасына сөз бері-
леді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет