ІІ көрініс (Шымылдық ашылады. Ақжүніс төрде шашын өріп тұрады. Айна- ласындағы күңдері Тарғынды сөз етеді) Бірі (Ақжүніске жақындай тү-
сіп): Кешегі соғыста ерлік көрсеткен
Тарғын есімді қыпшақ жігіті көріне-
ді.
Екіншісі: Өзі сондай қайратты
көрінеді.
Үшіншісі: Ханшайым, сіздің те-
ңіңіз ғой деп ойлаймын.
Ақжүніс: Жарайды, мені жайыма
қалдырыңдар. Ал сен қала тұр (үшін-
ші күңіне бұрылып).
(Екеуі шығып кетеді.) Ақжүніс (күңіне ділдә ұсынып):
Ділдәні беріп сенің тіліңді кескенім.
Тарғынды ешкімге білдіртпей осын-
да алып келіп менімен жолықтыр.
Егер де өзіңнен басқа жанға білдір-
сең, өзіңді өлтіруден тайынбаймын.
(Күң шығып кетеді. Тарғынды ер-
тіп әкеледі. Күң қайта кетеді. Ақжүніс
пен Тарғын жөн-жосық сұрасады.)
Ақжүніс: Сіз бұл елде неғып жүр-
сіз?
Тарғын: Елімнің тынышын бұзып
алған соң қашып осында келдім.
Ақжүніс: Мен сіз туралы естіген
соң сізді көргім келді.
Тарғын (біршама уақыттан соң):
Мен қайтайын.
Ақжүніс: Менен хабар болған
уақытта менің жаныма келіп жүріңіз.
Менің сізді шақырған лебізімді әркез
жерге тастамаңыз.
Тарғын: Бұл айтқаныңызды қабыл
алдым. (Тарғын кетеді. Ақжүніске бір құл келеді.) Құл: Ханшайым, сізді айттыруға
жаушы келіп жатыр. Менен рұқсат,
қызымның өзі күйеуге барғысы келе
ме екен, келмей ме екен деп хан сұрап
жатыр.
Ақжүніс: Әкем маған үш күн мұр-
сат берсін.
(Құл шығып кетеді. Ақжүніс күңі- не Тарғынды шақыртады.) Ақжүніс: Тарғынды шақырып кел,
тез жетсін!
(Күң Тарғынды ертіп келеді.) Ақжүніс: Міне, мені бір хан ба-
ласына айттыруға жаушы келіпті.
Әкем мені сол ханның баласына
бермек болып, менен рұқсат сұрай
кісі жіберіпті. Мен ондай хан ба-
ласына таңсық емеспін, өзім де хан
баласымын. Сұлуға таңсық емеспін,
өзім де сұлумын. Мен кімнің бақыты
зор болса, соған барамын. Мені
осындай кісіге қор қылғанша, батыр
екенің рас болса, мені алып қаш. Мен
сенен басқа ешкімге тимеймін. Егер
маған келмесең, мен шыдап тұра ал-
маймын, сенің қайғыңнан өлемін.
(Тарғын мен Ақжүніс қол ұста- сып шығып кетеді. Шымылдық жа- былады.)
263
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі