Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет159/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   195
кітап тарбие туралы

ІІІ көрініс
(Шымылдық ашылады. 
Тақта отырған Ханзада ханға 
уәзір келеді.)
Уәзір: О, хан ием! Осы елге кеше 
Олалай ханның торғауыт деген елін 
алған Тарғын батыр келді. Ол Ақша-
хан патшаның қызы Ақжүніс сұлуды 
алып қашып келіпті.
Хан (уәзіріне қарап): Тарғынды 
осында алып кел!
(Уәзір Тарғынды алып келеді.)
Хан: Сен өз жұртыңнан қашып 
Қырым жұртына бардың. Ол Қырым 
жұртының Олалай, Бұлалай деген 
жауын алып бердің және сен біздің 
қол астымызға келген соң мынау 
Еділден шыққан Шаған дейтұғын 
судың бойындағы қыл жалаулы көп 
қалмақты ығыстырып, солардың же-
рін бізге тартып алып бер.
Тарғын: Пәлі, бас тақсыр, жарар, 
Алла тілесе, бірақ менің қасыма үш 
батырдан жолдас беріңіз.
Хан: Кімдерді аласың?
Тарғын: Қарасайұлы Көбен, Ал-
шағырұлы Теген, Өмірұлы Себен ба-
тырлар. Осы үшеуімен барып қарар-
мыз, бізге айтқан жарлығыңыз жерде 
қалмас.
(Көбен, Теген, Себен және Тарғын – 
төртеуі шығып кетеді. Шымылдық 
жабылады.)
ІV көрініс. 
(Шымылдық ашылады. Жерде 
Тарғын жатады. Қасында Ақжүніс 
отырады.)
Тарғын (қабағын түйіп алған):
Хан мені белім мертілгеннен та-
стап, өзі көшіп кетті. Ал мен болсам, 
жатысым мынау. Алланың бұйрығы 
маған таянған секілді.
Ақжүніс: Кетпек болсаң, кетемін 
деп шыныңды айт, олай болса сенің 
артыңда қалғанда мен не етемін, одан 
да сенің алдыңда кетейін.
Тарғын: Мені жұрт ағаштан 
жығылып өлді демес, Шағанның 
бойындағы көп қалмақты асырамын 
деп жаудан өлді дер. Бүйтіп жатқан-
ша біржолата өлейін (қаһарланып, 
белін қолымен басып қалғанда, бел 
омыртқасы сырт етіп орнына түседі).
(Қару-жарағын Ақжүніске асын-
дырады.)
Тарғын: Тәңірім тілекті берді. 
Кешегі жұртына тастап кететұғын 
ноғайдың еліне қарай жүрейік. 
(Тарғын мен Ақжүніс кетеді. 
Бірер минуттан соң қайта кіреді.)
Ақжүніс: Алдыңғы жағымызда 
көмескі бір-екі қара көрінеді (қо-
лымен маңдайын көлеңкелеп, көрер-
мендер жаққа көз жібереді).
Тарғын: Егер жау болса, жал-
ғызбын. Оның үстіне айқасқа жара-
маймын (тұрып қалады).


264
3-тарау. Жалпы білім беретін орта мектепте тәрбие сағаттарын 
ұйымдастырудың әдістемесі
Ақжүніс: Бұлай етпеңіз, беліңіздің 
жазылғандығын білдіріп, сол тастап 
кеткен елге бір көрініңіз. Жақсыларға 
ой салып, жамандарды қорқытып 
қайтыңыз. Егер бармасаңыз, Қырым 
халқынан Ақшаханның қол астынан 
Тарғын деген батыр келіп, омыртқасы 
мертігіп, іске аспай, қарға-құзғынға 
жем болды дер.
(Екеуі қайтадан кетеді. Сәлден 
соң қайта кіреді. Қолында құрығы 
бар малшы өтіп кетеді. Хан, мырза, 
би – түгел осы жерге келіп, Тарғынға 
көріседі. Бәрі отырады.)
Хан: Айыпқа бұйырмаңыз. Сіз-
ге бара алмадық. Бұл уақытта 
жұртымызға жау келіп, өзіміз бек 
қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен 
жазылып келдіңіз бе?
Тарғын: Аллаға шүкір, келдім.
Хан: Бұл қалмақты әуелгідей 
қуып, бізді бұл жаудан босатсаңшы.
Тарғын: Қатып қалған көнім, қатты 
қалған көңілім бар. Қырымға барып, 
қырық құрдасымды алып, Алла жол 
берсе, еліңді шауып, басыңды алар-
мын. Көзіме көрінбей кет!
Хан: Олай болса райыңнан қайт. 
Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз та-
стап кеткенімнің ұятынан Ақжүніс 
сұлудың үстіне жалғыз қызымды 
берейін. Жаңағы жұртымның саған 
бармағаны үшін айыбыңды бер (қол 
алысады).
(Бәрі шығып кетеді. Сол жерге 
қаптаған жау кіріп келеді. Тарғын 
қылышымен келіп, жауды келген 
жағына қарай ығыстырып шығып 
кетеді де, шымылдық жабылады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет