Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет17/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195
кітап тарбие туралы

2. Дүниетанымның құрылымы. 
Психикалық білім ретінде дүние-
таным – күрделі де көп аспектілі 
құрылым. Оның негізі – теориялық 
ойлау, жоғары интеллектуалдық се-
зімдерді білдіру, саналы, мақсатты 
ерік-жігердің дамыған қабілеттілі-
гімен үйлесімді көзқарастар мен се-
німдер. Көзқарастар – адамның қол 
жеткізген идеялары, білімдері, тео-
риялық тұжырымдар мен болжамдар 
ретінде қабылдаулары. Олар табиғат 
пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, 
адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен 
қатынастардың бағыт-бағдар қызме-
тін атқарады.
Профессор И.Ф. Харламов: «Әр-
бір тұлғаның дүниетанымдық көзқа-
растары ұзақ, күрделі интеллектуал-
дық іс-әрекет нәтижесінде қалыпта-
сады», – деп келтіреді. Ал көзқа-
растар болса өз кезегінде оның руха-
ни мәдениетінің, оның «Мен» деген 
сезімінің мәнін ашып, оның өмірлік 
ұстанымдарының, ар-ожданының не-
гізін құрайды. Сенім – көзқарастар-
дың сапа жағынан мейлінше жоғары 
күйі. Сенім білім сияқты объектив-
ті дүниенің субъективті көрінісі, 
адамдардың ұжымды жеке тәжіри-
бесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім 
әлдебір «білетін» немесе «түсіне-
тін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі 
ұстанымдарына айналған білім.
Қазіргі уақытта сенім дүниетаны м-
ның өзегі «бастапқы», «элементар-
лық кереге көзі» болып табылады 
деген ережені терең негіздеу деп са-
науға болады. Сенім дүниетанымның 
ұйтқысы дегенді әлеуметтік және пе-
дагогикалық маңызы жағынан баға-
лау қиын. Олардың адамның өмір 
жолын анықтаудағы, мінез-құлқын 
қалыптастырудағы ролі әрбір педа-
гогқа, әрбір оқушыға түсінікті болуы 
керек. Тек меңгерілген білім ғана 
емес, ал сол сенімнің өзі адамды бел-
сендіретін шынайы күші, қол жеткіз-
ген білімі және солар үшін күресу бо-
лып табылады.
Сол білім мен ойлар сенімге айна-
лады, ол адамның өзін және әлемді 
қайта өзгертетін материалдық күшке 
еніп, әлем мен адамның өзін құрайды. 
Егер білім дүниетаным жүйесінің 
басым мазмұндық құрылымдары бо-
лып саналса, онда сенім білімге және 
шынайы ақиқатқа деген эмоционал-
дық-психологиялық қарым-қатынас 
және адамгершілік маңызға ие бо-
лады.
Дүниетанымның маңызды ролі 
психологиялық, әлеуметтік педагоги-
калық және эмоционалдық болып 
табылады және олар адамның мі-
нез-құлқы мен көңіл күйін анық-
тайды, соңында іс-әрекетке дайын-
дайды. Тек сенім білім арқылы 
өсетін жеке тұлға белсенділігінің 
негізгі көзі болып табылады. Сенім –
жеке тұлғаның өз құндылық бағыт-


42
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
тары мен көзқарастарына сәйкес 
қызмет-әрекет етуге итермелейтін 
сана қажеттілігі. Адамның сенім 
жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. 
Сезім – сенімнің үйлесімді қасие-
ті. Сенімді өмірде басшылыққа алу 
таным қуанышы мен ақиқат шын-
дығының, эстетикалық талғам мен 
оған берілгендік, әлеуметтік опти-
мизм мен мақсаттылық сияқты интел-
лектуалды сезімдермен байланысты. 
Қажымас ерік-жігер – дүниетаным-
ның маңызды элементі. Сенім адам-
ды іс-әрекетке итермелейді. Ғылыми 
дүниетаным теориялық санамен шек-
теліп қана қоймай, тәжірибеде сана 
мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. 
Дүниетаным элементі ретінде теория-
лық ойлау дегеніміз – адамның бі-
лімдерді, болмыстың құбылыстарын 
шығармашылық түрде түсініп-ұғыну, 
дүниетанымды мейлінше жетілді-
ру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға 
бағыттау қабілеті. Сенім мен идеал 
адамның өмірлік мақсаттары ретінде 
дүниетанымның ең маңызды құрам-
ды бөлігі болып табылады. Сананың 
мазмұны сенім сипатына ие болған 
жағдайда дүниетанымға айналады. 
Демек, тұлғаның дүниетаным фе-
номені – тұлғаның интеллектуалды 
және эмоционалды ерік сипатын 
өзіне жинақтаған, әлеуметтік мәде-
ниеттің сол бөлігіне назар аударған, 
іс-әрекеттің жалпы бейнесін жоғары 
деңгейде ерекшелеген іс-әрекетке 
дайындық. Олай болса, жеке тұлғаның 
дүниетаны мы салыстырмалы түрде 
кеш келетін құ былыс, ол жеткіншек 
шақта пайда болатын, жалпы тәрбие-
лік бағыттылық, дүниетаным мен дү-
ниені сезіну жүйесі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет