Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет15/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   195
кітап тарбие туралы

девиантты мінез-құлық деп аталады. 
Девиантты мінез-құлықтың бір түрі-
не қылмыстық әрекетке апаратын 
агрессивті мінез-құлық (төбелес, 
тіл тигізу) жатады. Жеткіншектің 
мінез-құлығындағы 
агрессивтілік 
адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан 
қылмыстық бағытқа бейімделу нәти-
жесінде өзін қоршаған ортаға зиянын 
тигізеді. Бұл жағдай тұлғааралық, топ -
аралық кикілжіңге өршіп кетуі мүм-
кін. Жеткіншектің мінез-құлығын-
дағы агрессивтілік ішімдікпен, на-
шақорлықпен тікелей байланысты. 
Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен 
кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, тө-
белес, сәтті аяқталған оқиғаларын) 
атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі 
агрессивті күйде болса, олар «қиын» 


36
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
балалар қатарына жатады. Кейбір 
мектеп мұғалімдерінің қиын бала-
лармен жұмысы сынып алдында 
жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, 
т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте 
бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже 
бермейді, керісінше қиын жеткін-
шектердің мұғалімге, мектепке кек-
тенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. 
Мұғалімдер қиын жеткіншектерге 
өзінің кері көзқарасын жасырмаған-
да, олармен кикілжіңге келеді. Де-
виантты мінез-құлықты жеткіншекке 
қолданылатын тәрбиелік профилак-
тикалық іс-шаралар – тұлғаға әсер 
ету, әлеуметтік педагогикалық түзету 
іс-шаралары, кері әсерлі ортаны са-
уықтыру. 
Жасөспірімдік шақ (15-17 жас)
кезеңін зерттеуге бағытталған көп-
теген теориялары бар. Жасөспірім-
дік шақ бала мен ересектік шақтың 
аралығы, баланың ересектерге тәу-
елділігімен сипатталады, ересектер 
баланың өмірлік іс-әрекеті мазмұны 
мен бағытын белгілейді. Жасөспірім-
дік шақтың аса маңызды міндеттері 
– мамандық таңдау, еңбек пен қоғам-
дық-саяси қызметке даярлану, неке-
лесуге, өз отбасын құруға әзірлену. 
Өзара байланысты бұл міндеттердің 
жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты 
талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабі-
леті 15-17 жасқа қарай қалыптасып 
болады. Сондықтан оның бала кез-
дегідей шапшаң өсуі байқалмайды, 
алайда ол одан әрі жетіле береді. 
Жасөспірімдік шақ – жеке адам-
ның толысуы мен қалыптасуының 
аяқталатын кезеңі. Жыныстық то-
лысуға байланысты өз ағзасы мен 
сырт келбетіндегі үлкен өзгеріс-
тер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі 
байқалады. Сондықтан жасөспірім-
дік шақ ымырасыз келеді. Жасөспі-
рімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін 
жан-жақты ашуға құштарлық тән. 
Олар өз мамандығын таңдап алуға 
тырысады. Мамандыққа ықы ла-
сының бірте-бірте қалыптасуы түр-
лі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін 
арттырады. Оларға іс-әрекетті өз 
бетінше орындауға мүмкіндік беріп, 
дұрыс бақылау мен педагогикалық 
басшылық жасау керек. Бұл кезеңде 
сезім, достық қарым-қатынастар да-
миды, оның қатарына ғашықтық, өза-
ра сенім, қайырымдылық, бірін-бірі 
сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін 
бірігіп орындау, жолдасының кем-
шілігін айтып, жоюға көмектесу де 
жатады. Бұл кезде жастардың міне-
зінде түрлі өзгерістер пайда болды. 
Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы 
киіміне, дене қимылына көңіл бөле-
ді. Ер балалар әдемі киініп жүруді 
ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің 
барысында осы ерекшеліктер еске 
алынады. Сонымен мектепке дейінгі 
балалық шақтан жасөспірімдік шаққа 
дейін балалардың бейімділігін және 
қабілетін, мінез-құлқы мен темпе-
раментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана 


37
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
үнемі еске алып, олардың дұрыс да-
муына, қалыптасуына жүйелі түрде 
ықпал етуі қажет. Педагогтар негі-
зінен баланың дербес ерекшелігіне 
тәрбие процесінде, даму кезеңінде 
назар аударады. Дербес ерекшелік-
терге түйсік, қабылдау, ойлау өз-
гешеліктері, жеке адам бойындағы 
мінез-құлық, темперамент, қабілет 
жатады. Жүйке жүйесінің типтік қа-
сиеттері – адамның жеке психоло-
гиялық мінез-құлығының, темпера-
ментінің, қабілетінің табиғи негізі. 
Мұғалім балалардың жеке ерекше-
ліктерін жете білуі қажет. Жүйке 
жүйесіне байланысты темперамент 
типтерін басшылыққа алмай, тәр-
бие процесін ұйымдастырып, жүзе-
ге асыру мүмкін емес. Жеке адам-
ның дүниені сезгіштігі және қабыл-
дағыштығы темпераментке тәуелді. 
Дербес қабілеттерінің дамуы жеке 
адамның табиғи мүмкіншіліктеріне 
байланысты. Әрбір адамның қасиет-
терін қалыптастыру мен дербес ерек-
шеліктерін дамытуды жан-жақты 
және үйлесімді тәрбиелеу дейді. 
Жүйке жүйесіне байланысты темпе-
рамент типтерін басшылыққа алып 
отыру керек. Темперамент деп жеке 
адамның қылығы мен түрлі іс-әре-
кеттерінен көрінетін дара өзгешелі-
гін айтады. Психология ғылымында 
темперамент 4 типке бөлінеді: холе-
рик, сангвиник, меланхолик, флегма-
тик. Оларды тәрбиелеу – баланың 
дамуына ықпал жасап, даму дәре-
жесіне сүйену. Мұғалім сабақ үстін-
де, тәрбие барысында (ойын, еңбек, 
қоғамдық жұмыстар, т.б.) балалар-
дың мінез-құлықтарын ескеріп, тем-
пераментін тәрбиелейді. Сангвиник 
баланың іс-әрекетін бақылап, берген 
тапсырманың орындалуын қадағалап 
отыру керек. Меланхоликті белсенді-
лікке, ынтымақтастыққа, ұжымшыл-
дыққа тәрбиелеген жөн. 
Тәрбиеші мына жағдайларды ес-
керуі қажет:
• баланың өз мүддесін ғана ойла-
уын болдырмау;
• өз мүддесін ұжым мүддесімен 
ұштастыра білуге үйрету;
• баланың әр түрлі жағдайда бола-
тын өзгерістерді басынан өткізе білу-
ге баулу.
Аталған тәрбиелік ұстанымдарды 
мектептің сынып жетекшілері мен 
тәрбиешілері үнемі назарда ұстауы 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет