Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет55/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195
кітап тарбие туралы

ліндегі энциклопедиялық шығар-
ма болып табылады. Оны жазуда 
автор саяси әуенді басшылыққа 
алғандығын аңғару қиын емес. 
Ол қарахандар әулетіне жоғары 
дамыған Мауараннахр, Шығыс 
Түркістан тәрізді аудандарды 
басқарудың жолдарын үйретуге 
тырысты. Әрине, шығарма тек 
саяси трактат көлемінде қалып 
қоймай, орта ғасыр дәуірінің 
ғылым, мәдениет салаларын да 
қамтиды. Адам тағдыры, өмірі-
нің мәні, орны мен әлемдегі ролі 
жайындағы мәселелер де қара-
лады. Сонымен бірге, Баласағұн 
философиялық, имандық, этно-
педагогикалық, исламдық дүние-
танымда болғандығын білеміз. 
Философияны поэзия арқылы 
жеткізу ортағасырлық шығыстық 
үрдіс еді. Бұл жайында А.Н. Рома-
нов пен С.Н. Иванов: «Жүсіп Бала-
сағұнның «Құтты білік» поэмасы –
ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, 
имандылық тәрбие негізінде ру-


102
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
хани-адамгершілік пен ізгілікті 
уағыздаушы ретінде түркі тілінде 
жазылған құнды тәрбиелік өнеге-
лер», – деп баға береді.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы 
мен аңшылық өнерін көрсететін 
нақыл сөздер, мақал-мәтелдер мен 
өнегелік өсиеттер енген.
Жүсіп Баласағұнның өмірі туралы 
мәліметтер аз сақталған. Онда фило-
софия, математика, медицина, астро-
номия, астрология, педагогика, өнер-
тану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы 
басқа ғылым салаларының дамуына 
зор үлес қосқан. 
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлем-
дік өркениет пен мәдениет тарихын-
да «Құтадғу білік» («Құтты білік») 
дастаны арқылы қалды. Жүсіп Ба-
ласағұни бұл дастанын хижра есе-
бімен 462 жылы, қазіргі жыл санау 
бойынша 1070 жылда жазып бітірген. 
Дастанды «хандардың ханы» – Қа-
рахандар әулеті мемлекетінің (942-
1210 жж.) негізін салушы Сүлеймен 
Арслан ханға (908-955 жж.) тарту 
етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен 
Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» – 
«бас уәзір» немесе «кемеңгер кеңес-
ші» деген лауазым берген. 
Дастанның бізге жеткен үш 
нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қа-
ласындағы 1439 жылы көне ұйғыр 
жазуымен (қазір ол Вена қаласын-
дағы Корольдік кітапханада сақтау-
лы), екіншісі, ХІV ғасырдың І-жар-
тысында Мысырда араб әрпімен 
(Каирдың Кедивен кітапханасы қо-
рында) көшірілген. Ал Наманған қа-
ласынан табылған үшінші нұсқа ХІІ 
ғасырда араб әрпімен қағазға түсі-
рілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі 
Шығыстану институтының қорында 
сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш кө-
шірме нұсқаның әрқайсысына тән 
өзіндік ерекшеліктерді жинақтай 
отырып, «Құтты білік» дастанының 
ғылымының негізделген толық мәті-
нін жасап шықты. Венгр ғалымы Гер-
ман Вамбери (1832-1913 жж.) «Құт-
ты біліктің» бірнеше тарауын неміс 
тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук 
қаласында жеке кітап етіп бастырып 
шығарды. Бұл шығарманы зерттеу
ғылыми мәтінін дайындау және ау-
дарма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. 
Радлов (1837-1918 жж.) жиырма жыл 
бойы (1890-1910 жж.) айналысқан. 
Түркия ғалымдары 1942-1943 
жыл дары «Құтты біліктің» үш нұс-
қасын да Стамбұлдан үш том кітап 
етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны 
орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне 
түсінікті болған Карахан әулеті мем-
лекеті түріктерінің тілінде жазылған. 
«Құтты білік» дастаны белгілі бір 
мағынада елдегі Ата Заң (Консти-
туция) қызметін атқарған. Дастан-
ның басты идеясы төрт принципке 
негізделген. Біріншісі – мемлекетті 
дұрыс басқару үшін қара қылды қақ 
жаратындай әділ заңның болуы. Ав-


103
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
тор әділдіктің символдық бейнесі 
ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. 
Екіншісі – бақ-дәулет, яғни елге күт 
қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәсе-
лесі патшаның уәзірі Айтолды бейне-
сі арқылы жырға қосылған.
Жүсіп Баласағұнның отансүй-
гіштік тәрбиеге арналған еңбектері 
өте бай және көркем жазылған. Оның 
«Құтадғу білік» («Құтты білік») атты 
дастанының тәрбиелік маңызы зор. 
Мұнда жастарды ерлік, кісілік, сөз 
өнері секілді жақсы қасиеттерге тәр-
биелеу туралы баяндалады. Мысалы: 
«Ер ажары – сабырыңды сақтай біл»,
деп ерліктің қадір-қасиетін бағалау 
туралы тұжырымды ой-пікірлер ай-
тады [1, 118-б.]. Жүсіп Баласағұнның 
«Құтадғу білік» атты еңбегінде: «Бұл 
кітап негізінен бірі – әділет, екін -
шісі – бақыт, үшіншісі – ақыл, төртін-
шісі – қанағат деп аталатын бөлімдер-
ден тұрады. Оны түркілер төрт құн-
дылық ретінде бағалайтын болған», –
деп сипаттама береді [2, 12-б.].
Негізінен дастан 85 тараудан, 
6645 өлең жолынан тұрады. Оның 
мазмұнындағы оқиғаға қатысты төрт 
кейiпкер – төрт қасиет бар. Олар – 
әдiлет, дәулет, парасат, қанағат. Осы 
төртеуiнiң арасындағы бақыт туралы 
сөздiң жартысы диалогқа құрылған. 
Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, 
оның даңқын асқақтату мақсатында 
жазылған. Осы өлке кезiнде шаруа-
шылығы шарықтап өскен, жазу, сызу 
өнерi дамыған, мәдениетi өркенде-
ген, зиялы қауым көп шыққан ел 
болған. Баласағұн адам баласының 
қадiр-қасиетi бiлiм мен ақылда. Бұл –
адамның жетiлiп, кемелденуiнiң ал-
ғашқы жолы. Ғылым iздеу мұсыл-
манның бiр парызы деп қарайды. Ол 
бiлiм-ғылым тiл арқылы байиды дей 
келiп, бiлiм мен тәрбие беруде тiлдiң 
пайдасы мен зиянын сөз етедi: 
«Көп сөйлеме, аз айт бiрер түйiрiн,
Бiр сөзбен шеш түмен сөздiң 
түйiнiн», – деп ой қорытады. 
Ол iзгiлiк – адамзат үшiн ең қа-
жеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы 
да iзгi болады дейдi. Жүсіп Бала-
сағұнның түркілік рух туралы идея-
ларының дені «бiлiммен, еңбекпен 
байлыққа қолың жетсе мақтанба, 
асып таспа, адамдық ардан аттама» 
дегендi өсиет етедi. Сондықтан бо-
лар ғұлама-ұстаздың өсиеттерінде: 
«Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, са-
раңдық пен ашкөздiктен аулақ бол» 
дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап, 
ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден 
шығуын қуаттайды.
«Құтты білік» дастаны орта ға-
сырларда бүкіл түркі әлеміне түсінік-
ті болған Қарахан әулеті мемлекеті 
түріктерінің тілінде жазылған. Жү-
сіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-
1070 жылдары Баласағұн қаласында 
бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар 
қаласында аяқтаған. Кезінде «Құтты 
білік» дастаны Шығыстың әр елінде 
әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – «Ай-
нак ул-мамлакат» («Мемлекет тәр-
тібі»), екіншісінде – «Панунаман 
мулук» («Әкімдерге насихат»), үшін-


104
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
шісінде – «Адаб ул-мулук» («Әкім-
дердің әдептілігі») деген атпен мәлім. 
Бұл атаулардың бәрі – «Құтты білік» 
дастаны, негізінен, мемлекетті басқа-
ру мәселесіне арналған шығарма еке-
нін растай түседі. Дастанның басты 
идеясы төрт принципке негізделген. 
Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару 
үшін қара қылды қақ жаратындай әділ 
заңның болуы. Автор әділдіктің сим-
волдық бейнесі ретінде Күнтуды пат-
шаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, 
яғни елге құт қонсын деген тілек. 
Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзі-
рі Айтолды бейнесі арқылы жырға 
қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. 
Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеумет-
тік ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш 
бейнесінде жырланады. Төртіншісі, 
қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәсе-
ле дастанда уәзірдің туысы, дәруіш 
Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме 
болады. Ортағасырлық Шығыс ой-
шылдарына тән үйлесім – таным-
ды көркем және ғылыми әдістермен 
ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағұ-
ни ғибратында суреткерлік, ойшыл-
дық, ғұламалық, философтық қасиет-
тердің үйлесім табуынан, ғылым да-
налығының біртұтастығынан кө рі неді. 
Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан 
сусындап, мұсылман өрке ниетінің 
қуатты ықпалымен толысқан ойшыл 
өз шығармалығында адамның қоғам-
дағы орны мен қызметін түсінуге 
ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы 
өзінің биік философиялық мұрат-
тарын баяндайды. Жүсіп Баласағұ-
нидың «Құтты білігінде» өмір мәні 
пайымдалып, жалпыадамзаттық ру-
хани байлық тар – мұрат, дін, этика, 
өнер және дана лықтың мәні сара-
ланған. Жүсіп Баласағұни ақиқатқа 
жету жолын адам мен әлемнің, ұлы 
ғалам мен микроғаламның үйлесім-
ді болуы туралы қағидаға негіздейді. 
Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы 
ежелгі дәуірдің философиялық түсі-
нігіне сүйене отырып, ойшыл әлем 
осы төрттағанның үйлесімінен жа-
ралған деп санайды. Осындай тағы 
бір төрттаған Жүсіп Баласағұнидың 
қоғам туралы ойларында, яғни қа-
зіргі түсініктегі әлеуметтік филосо-
фиясында әділет, бақыт, ақыл және 
қанағат ретінде бейнеленіп, «Құтты 
біліктің» төрт кейіпкерінің бойына 
жинақталған. Ғалам мен микроға-
ламның тұтастығы, барабарлығы 
туралы ой Жүсіп Баласағұни дү-
ниетанымының өне бойынан байқа-
лады. Бұл жалған дүниені ақыл те-
зіне салып түзетуге болатынына да 
сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік 
негізінде әділетті адамзат қоғамын 
құруды армандады. Сондықтан ол 
ғылым мен білімге зор мән берген. 
Жүсіп Баласағұни жалпыға ортақ 
парасаттың танымның нәтижесі ре-
тіндегі білімге көшуі адам мүмкінді-
гінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама 
білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге 
қарсы шығып, оған парасатты іс-әре-
кеттің нәтижесінде қол жеткізуге бо-


105
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
латынына сенеді. Білімге молынан 
сусындаған адам ғана көп нәрсеге 
қол жеткізе алады. Оның пікірінше, 
білім – даналық, денсаулық және 
жан толысуы. Жүсіп Баласағұнидің 
ойынша, қоғам құрылымындағы ке-
мелдіктің өлшемі әлеуметтік тәртіп 
бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. 
Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар 
пайда болып, халық қолдауына ие бо-
лады. Ол қоғамдық құрылымның ке-
мелдігін жеке адамның бостандығы, 
тәуелсіздігі анықтайды деп санады. 
Жүсіп Баласағұни өзінің әлеуметтік 
философиясында қоғамдағы кемел-
діктің негіздері мен іс жүзіндегі көрі-
ністерін өзара тығыз байланыста қа-
растырады. Танымдағы кемелдік – бі-
лік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш 
деп біледі ол. Жүсіп Баласағұни өз 
еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. 
«Құтты білікте» ол, ең алдымен, да-
налық, яғни қазіргі түсініктегі те-
ориялық зерде туралы ой толғап, 
даналық табиғатын, оның ерекшелі-
гін, туа біткен қабілеттер мен кейін-
гі білім жинақтаудағы адамның өз 
ролі, таным процесінде ақиқатқа ұм-
тылу, т.б. мәселелерді қарастырады. 
Ғұлама өз туындысын Шығыс пери-
патетизмінің арнасында, сопылық 
ағымның қуатты ықпалымен жазып 
шыққан. Ойлау қызметі тек адамға 
ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп 
біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, 
онда оған толық сенуге болмайды, ал 
ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет 
етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты 
біліктің» негізгі айтар ойы – адамның 
адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, 
сол арқылы мемлекет пен қоғамды 
қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік ке-
мелдену жолына түскен адам – өзінің 
қасиетіне, қалыбы мен негізіне мей-
лінше жақындаған асыл жан. Дастан 
оқырманына құт-берекемен, бақытқа 
өз адамгершілігін асыл етумен ғана 
жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы 
«өзіңді сақтау», «өзіңді ұмытпау» 
қағидасы адамның адамшылығын 
танытар қасиеті – адамгершілік пен 
кісілікті жетілдіруге бағытталған. 
Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында 
терең толғанады. Оның ойынша, өкі-
ніштің ең ауыры өлшеулі өмірде дү-
ние қызығы мен тән тілегі жетегінде 
кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан 
туады, сондықтан адам өзінің кісілік 
қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін 
де ұмытпауы қажет. 
Жүсіп Баласағұнның адамның 
дамуы, жеке адам басының жетілуі, 
өсуі тікелей тәрбиенің жетістігі, ол 
адам табиғатына байланысты бола 
отырып, оның тарихи дамуының 
үстінде үнемі өзгеріске ұшырайты-
нын анықтады. Бұл пікір ХІХ ғасыр-
дың 40-жылдарынан басталған жә-
не 60-жылдары дами түскен Еуропа 
педагогтары мен сол жылдар дағы 
прогресшіл-орыс 
педагогтарының 
пі кі рімен үндес келеді. Баласағұн 
философ ретінде және тәрбиелік 
тағылымға толы педагог ретінде 


106
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
арты на өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, 
өнеге қалдырған адам. Оның үйре-
туінше, адамның жетіліп қалыпта-
суы, оның ішінде жастар тәрбиесі ту-
ралы қоғамдық жағдайлардың, айна-
ла ортаның ықпалымен, оң әсерімен 
тәрбие арқылы және адам табиғатын 
туысынан дүниеге келуімен бірге 
болатын қасиеттер арқылы қалыпта-
сады. Оның ішінде адамнан өсіп-же-
тілуінде, оның дүниеге келуі мен 
ілесе келетін қажетті кейбір сапалар 
мен қасиеттердің болатындығын 
мойындады. Өзінің «Құтты білік» де-
ген еңбегінде бұл қасиеттер мен са-
палар даяр күйінде бола салған адам 
ақылы ның мінез-құлқының дарын-
дылықтары емес, ол туыстан ілесе 
жүретін ерекшеліктер сол дарын-
дылықтардың дамуына себепкер ғана 
бола алады. Бұл нәсілдік ерекшелік-
тер адамның өзі өмір сүретін қоғам-
дық жағдайлар арқылы және сол 
адамның қабылдайтын тәрбиесі, тәр-
биені жүзеге асыратын еңбек арқылы 
сақталады және жетіледі деп үлкен 
философиялық тұжырым, педагоги-
калық мәнді тағылым жасаған адам.
Баласағұн орта, айнала, дүние, 
әлем, қоршаған ортамен өмір деген 
ұғымдарды жете қолданған. Бала-
сағұнның ой тұжырымдарына қа-
рағанда сол ұғымдардың барлығы 
қазіргі қоғам деген мағынаға, ой 
жүйесіне, пікірге толық сай келеді. 
Ол еңбекті сол кездегі, өзі өмір сүр-
ген ортадағы қарым-қатынас құралы 
деп пайдаланған. 
Баласағұнның тәрбиелік тағылы-
мының бастауы боларлықтай мына 
бір пікірін келтіруге болады: «Тәр-
биенінің барлық ыждағаттылығы, 
са ласы мен түрі... Өзара ұйымдас-
тырылған, ұйымшыл тату да тәтті 
адамдар құрамынының, тобының-же-
телі адамдар тобының, зерделі адам-
дар құрамын толықтыратындай 
биікке көтерілуі қажет. Тәрбие өз 
кезегінде, әсері мен ықпалында – ми-
расқорлық», пайдалы еңбектің көзі 
болуы шарт деп ой түйеді Баласағұн. 
Бұл – үлкен өсиет. Бүгінгі педаго-
гикалық тұрғыдан қарағанда үлкен 
ұжым тәрбиелейтін, педагогиканың 
бала тәрбиесіндегі басты мақсаты 
мен міндеттерін айқындайтын әдіс, 
еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың 
негізі десе де болады. 
Баласағұн рубаиларының тәрбие-
лік тағылымы негізінен үш сатыға 
бөлінеді. Бірінші, әрбір жеке адам-
ның білімді болуы. Екінші, барлық 
байлық, молшылық – ол үшін еңбек, 
кәсіп, адалдық, тазалық қажет. Үшін-
ші, әлеуметтік, табиғи күштілік – ол 
үшін бірлік, достық, бостандық керек.
«Құтты білік» дастанында үйлену-
дің, ұл-қыз өсірудің қиыншылығын 
көркем суреттей білген. Автордың 
ойынша, егер ұл-қызың жаман болса 
төрдегі басыңды көрге сүйрейді. Ал 
өзіңе ұқсап туған жетелі бала сенің 


107
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары
түріңді, бет бейнеңді жоғалтпаумен 
қатар, туған тіліңді де болашаққа 
жоғалтпай апарады: 
«Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделі, 
Айтқаныңнан айнымай дәл келгені. 
Егер жаман болса, сені ұлытар, 
Өзің өлсең, тәрк етер де ұмытар», –
деп жырласа, Жүсіп Баласағұн дас-
танында әке тәрбиесіне де аса көңіл 
бөлген: 
«Бейбастық қып өсіргің келсе
дана жүректі, 
Кінәлі әке, жазығы жоқ 
ұлының», – 
деп ақын ұл бала үшін әке тәрбиесін-
нің орнын ешкім толтыра алмайтын-
дығын айтады. 
Әке әрқашан да балаға бағыт-бағ-
дар, үлгі-өнеге болып, ұлға, ерлерге 
тән мінез-құлық қалыптастырады. 
Ақын ның ойынша, жақсы әке болу –
қиынның қиыны. Әке неғұрлым 
күшті, батыл, кішіпейілді, жұбайына 
адал, балаларына мейірімді болса, 
соғұрлым үй ішінде ауыл-аймағында 
беделді болады. 
Жүсіп Баласағұн жетесіз ұлдан 
жетелі құл артық, пайдасыз ұл жау-
дан жаман дей келе, ата-аналарға 
мынандай өсиет қалдырған: 
«Ұл-қызыңа үйрет білген білімді, 
Қолыңа ұстат кеудеңдегі күніңді. 
Сонда ұл-қызың адамдықтан 
таймайды, 
Көңілі таза, көзі шоқтай 
жайнайды». 
Сонымен қатар тәрбиенің күшіне 
шүбәсіз сенген ақын:
«Балам білім жолын қусын десеңіз, 
Бесігінде ақ ілім шоғын көсеңіз... 
Білім үйрет сәбиіңе сарыла, 
Уыздай ұйып, сүттей сіңір қанына! 
Сәбиінде көкірекке түйгені 
Өлгенінше санасында жүреді», – 
деп педагогикалық тұрғыдан ой түйе-
ді. Оқу-тәрбие ісі балғын жастық та-
биғатын түсінуге жетелейді. Баланың 
ақыл есінің, мінез-құлқының ерек-
шеліктерін еске алмайтын, олардың 
бәрін бір қалыпқа сыйғызу тәжірибе-
сінен аулақ болуға шақырады. Қорыта 
айтқанда, ұлы ойшылдың салиқалы 
педагогикалық пайымдаулары ұр-
пақ тәрбиелеуде әркез есте ұстайтын 
тағылымдар екендігі даусыз. 
Қазақ халқының әріден бастау 
ала тын этнопедагогикасынан өз ор-
нын алатын Жүсіп Баласағұни ба-
бамыздың тәлім-тәрбиелік ойлары, 
өсиет-өнегелері өз құндылығымен 
ұрпақтан-ұрпаққа тәлімдік қуатымен 
жетеді. Құтты білімді құрметтей қа-
былдап, оның асылдарын ала білетін 
ұрпағымыз Жүсіп Баласағұнидің бар 
дүниесін қастерлей беруі ләзім.


108
2-тарау. Ғұлама ойшылдардың тәрбие туралы тағылымдық мұралары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет